Билет №1 Қозғыш тіндер


)Көру анализаторларын зерттеу әдістері



бет50/65
Дата30.03.2023
өлшемі245,42 Kb.
#77656
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65
Байланысты:
физио ответы билетов 103 (1) (2)

2)Көру анализаторларын зерттеу әдістері.

Билет №40

1)Эмоциялар,олардың биологиялық рөлі.Жіктелуі.Эмоциялар теориялары.

Эмоция адам мен жануарлардың психикасының ерекше көріністерінің бірі болып табылады. Эмоция адамдардағы әртүрлі көңіл-күйлерді сипаттап, суреттейді. Эмоция мінезді бағыттап оны жүзеге асыру әрекеттерін жасайтын құбылыс. Ол сыртқы әсерлердің салдарынан, ретсіз ұйымдастырылмаған түрде пайда болады. Эмоцияның қалыптасуына мидың бағанасы мен қыртысының арасында орналасқан лимбиялық жүйе қатысады. Эмоция кезінде адамның есте сақтау қабілеті қоршаған орта әсерлерінен жоғарылайды. Адамның жабырқауы, күлуі, мұнаюы, осының барлығы эмоциялар болып табылады. Әр адам өз эмоциясының жасырын ұстай алмайды. Кей жағдайда ғана эмоциямыз кідеріп қалады. Кейде адамдар өз эмоциясын ұстап қала алмай, ашуға тез беріліп кетеді. Ондай жағдайларда адам ләж болса, эмоциясын іште ұстап отыруы керек. Сонымен қорытындылай келе, адамдардың белгілі бір тұрақты эмоциясы жоқ, яғни сыртқы ортадағы жағдайларға байланысты адамдардың эмоциясы өзгеріп отырады. Эмоциялар белгілі бір тақырыпқа бағытталған адамның қажеттіліктерін сипаттайды. Эволюция процесінде эмоционалды сезімдер мен күйлер биологиялық тұрғыдан өмірлік процестерді оңтайлы шекараларда сақтау құралы ретінде құрылады. Эмоциялар-ағзаның функционалды жағдайын және адам қызметін реттеудің негізгі механизмдерінің бірі.


Эмоцияның бізге белгілі бірнеше түрлері белгілі. Олар:
Биологиялық эмоция бұл әртүрлі түршілік мұқтаждықтарын қанағаттандыру немесе өтей алмау әрекеттерімен байланысты болады. Мәселен, ашығу, шөлдеу.
Жоғары эмоция-бұл әртүрлі әлеуметтік әрекеттерден туындайтын эмоция.
Жағымсыз эмоция-қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандырмаған жағдайда жағымсыз, ұнамсыз іс әрекет. Яғни, біреуге қатты ашулану, оған дөрекі жауап беру сияқты.
Жағымды эмоция-қажеттілікті қанағаттандырған жағдайда болатын жағымды іс әрекет. Мысалыға, күлу, жымию, шаттану.
Жеке адамның кейбір себептерімен, эмоциялық көңіл күйдің тежелуі байқалады. Оны кідірген эмоция деп атаймыз. Яғни, адамдар өз эмоциясын сыртқы ортаға көрсете алмайды. Сондықтан олардың эмоциясы кеш байқалады.
Организмнің өзін және қоршаған әлемді бейнелейтін өзіндік сезімін эмоциялық күйзеліс деп атаймыз. Кейде адамдар қоршаған орта жағдайларына байланысты эмоционалды күйзеліске ұшырайды. Яғни, адам іштен тынып, әлсіз, ештеңеге зауқы жоқ болады. Организмнің дене сезу және ағза жүйелерінде байқалатын өзгерістерді эмоциялық көрініс деп атайды. Эмоциялық күйзелістің тіршіліктегі негізгі мәні адам мен жануарларға өзінің ішкі жағдайын және туындаған қажеттілікті тез бағалауға, оны толығымен қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Осылайша, организмдегі бейнелеу, іздеу, күшейту, реттеу, байланыстыру әрекеттері орындалады.
Эмоциялардың бейнелі әрекеті-оқиғаларға жалпы баға береді. Бүкіл іс-әрекетінің біртұтастығына байланысты организм оған әсер ететін ынталандырудың жағымды және жағымсыз жақтарын тез анықтайды.
Эмоцияның ізденуші түрі мақсат пен ниетке байланысты. Ол жетекші және жағдайлық болып екі топқа жіктеледі. Жетекші эмоциялық күйзеліс-мұқтаждығы қанағаттандыратын мінездің мақсаттқа бағытталуы. Жағдайлық эмоциялық күйзеліс мінездің кейбір кезеңдерін бағалайды.
Эмоцияның байланыстырушы әрекеті ымдау, қолсермеу,дене қимылы,кейпі, дауыс ырғағын өзгерту арқылы айналасына сезімін білдіреді. Мұнда эмоциялық күйлердің арасындағы қарама-қарсылық байқалады. Мысалыға, қуаныш пен қайғы, ашу мен үреу, ынта мен жиіркену, ұят пен жек көру, сүйсіну мен күйіну сезімдері белгілі сипаттармен көрініс табады.
Эмоцияның пайда болуына байланысты эмоцияның бірнеше теориялары бар.
Эмоцияның алғашқы теориясы Ч.Дарвин ұсынған биологиялық қағида. Ол жануарлардың эмоциялық көрнекті қимылдарын салыстырып, белгілі бір тіршілік сигналдық мәні барлығын анықтады. Мұндай көрнекі қимылдар және ымдау әрекеттері эмоцияның туа біткен көріністеріне жатады.
Анохиннің түсінігіне сәйкес, эмоцияның қалыптасу барысында сыртқы жағдайлардағы мұқтаждық пен қанағаттандыру сезімі туындайды. Себебі, әрбір мұқтаждық жағымсыз күйзеліспен қатар жүреді. Сондықтан ол адам мен жануарларды белсенді іс-әрекетке демеп отырады. Ал әрбір мұқтаждық орындалған жағдайда,ішкі жан дүниеде қанағаттылық сезімі туындайды. Сондықтан іс әрекетпен жасалған жағымды эмоция зердеде сақталып, әр уақытта мақсатты мінезді ұйымдастырады.
Екінші теория Симонов ұсынған ақпараттық қағида. Симонов эмоцияны адам мен жануарлар миының пайда болған мұқтаждығының сапасын және мөлшерін, оны қанағаттандыру ықтималдығын бейнелеу қасиеті деп санайды. Физиологиялық тұрғыдан алғанда, эмоция мидың арнайы құрылымдарының белсенді күйі, ол осы жағдайды өсіруге немесе азайтуға бағыттап, мінезді өзгертуге мәжбүр етеді.
Эмоционалды жағдайды қалыптастыруға мидың әртүрлі құрылымдары қатысады. Осыған байланысты бірнеше психоорганикалық теориялар қалыптасты. Солардың бірі Кеннон ұсынған таламустық теориясы. Кеннонның теориясына сәйкес эмоционалды әсер бастапқыда таламус орталықтарында пайда болады және ми қыртысына әсер етеді. Осылайша, ол түйсікті өзгертеді және көрнекті қозғалыстарды тудырады.
Эмоцияның пайда болуын ұғынуда лимбиялық теория жетекші орын алады. Дж.Пейпец клиникалық байқаулардың нәтижесінде, ми қыртысының маңдай бөлігі, гипоками, күмбез, бадамша, таламус, гипоталамус эмоциялық әсерленісті ұйымдастырады деп тұжырымдады.
Д.Линдслей электроэнцефалография әдісін қолдана отырып, эмоцияның құрылымдарын ми бағанының торлы құрылымы белсендіретіндігін дәлелдеді. Сөйтіп, ол эмоцияның белсендіру теориясын ұсынған болатын.
Эмоционалды белгілер адамның жинақталған тәжірибе мен білімі арқылы әртүрлі жағдайларды бағалауы негізінде байқалады. Бұл Когнитивтік тұжырымдама бойынша байқалады.
Эмоцияның пайда болуына байланысты, осындай ғалымдардың ұсынған ерекше теориялары бар. Осы теориялардың барлығын біріктірсек, эмоцияның қысқа ғана анықтамасын ұғынсақ болады.
Эмоциялардың екі түрлі ауытқуы болады. Біріншісі, гипотимия ол абыржу, үрей, қорқыныш, жабырқау сезімдері. Мұндай жағдайда адамның өзіне деген сенімі әлсірейді, адам жүдеп, ішкі ағзалардың қызметі бұзылады. Эмоциялардың екінші ауытқуы, көңіл-күйдің гипертимиясы, қозғалыстар күшейіп, жеңіл әрекеттер пайда болады. Бұл екі ауытқу бір біріне қарама қарсы болып келеді. Адамдарда эмоция ауытқулары өте күрделі процесс. Мұндай жағдайлар эмоционалды күйреуде жиі кездеседі. Бұл қажеттілік пен оны өтеу мүмкіндігі сәйкес келмеген жағдайда пайда болады.Осындай қақтығысуларды жоюға арналған организмнің барлық қорғаныш күшін жұмылдыратын маңызды іс әрекеттерді эмоциялық стресс деп атаймыз. Эмоциялық стресс жүрек ишемиясы, гипертензия, асқазан жарасы, эндокрин жүйесінің ауруларына әкеліп соқтырады. Мұндай жағдайда орталық жүйке жүйесіндегі нейромедиаторлар мен пептидтердің саны өзгереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет