2-Сүйек арқылы және ауа арқылы есту өткізгішін анықтау
Жұмыс барасы: Сүйекті өткізгішті байқау үшін дыбыс шығарғыш камертонның аяғын зерттелушінің самайдың ортасына орналастырады. Зерттелуші екі құлағымен де дыбысты бірдей күшпен еститіндігін белгілейді. Содан соң бір құлаққа мақта тығып, тәжірибені қайталайды. Мақта тығылған құлақта дыбыс қатты естілетін сияқты болады. Бұл кезде дыбыс есту рецепторларына бассүйектің ең қысқа жолымен жеткендігімен түсіндіріледі. Әріқарай екінші зерттелушінің құлағын бірінші зерттелушінің мақта тығылмаған құлағын резеңкелі түтікпен жалғастырады. Екінші зерттелуші дыбысты дәл солай естиді, себебі дыбыс толқындарының кеңістікті бағанада таралуы жүреді.
Сүйекті және ауалық өткізгіштікті салыстыру үшін сонымен қатар Ринне тәжірибесі жүргізіледі. Дыбыс шығарғыш камертонның аяғын самай сүйегінің емізікше тәрізді өсіндісіне тығыз жанастырады. Зерттелуші біртіндеп әлсізденген дыбыс естиді. Дыбыс өшкен кезде камертонды құлаққа апарады. Зерттелуші қайта дыбыс естиді. Секундомер көмегімен дыбыстың естілу уақытын анықтайды. Тәжірибе кезінде есту талдағышы бейімделмеуі үшін камертонды 0,5м алшақтатады, кішкене уақытқа қайта құлаққа әкеледі.
42 билет
Қозғыш тіндердің тітіркену заңдары (полярлық заң, "бәрі немесе ештеңе емес" заңы, күш, күш-уақыт, градиент заңдары).
Қозғыш тінге тітіркенгіштік, қозғыштық, функционалды жылжымалық (лабильділік) қасиеттері тән.
Тітіркенгіштік деп қозғыш ұлпалардың тітіркендіруге өзіндік сипаты жоқ жалпылама реакциялармен — зат және энергия алмасу үрдісінің өзгеруімен — беретін жауабын айтады. Бұл реакцияларға шектелген сипат тән болады, олар қозғыш ұлпалардың белгілі бір жерінде шоғырланады, оның басқа учаскелеріне таралмайды.
Қозғыш тіндер үш түрлі физиологиялық күйде — физиологиялық тыныштық, қозу және тежелу болуы мүмкін.
Физиологиялық тыныштық деп жеке ұлпалар мен мүшелердің өздеріне тән әрекетін байқатпаған күйін айтады. Мысалы, бұлшық ет жиырылмаса, без сөл бөлмесе т.с.с, оларды тыныштық күйде деп есептейді.
Қозу деп тітіркендірудің нәтижесінде жеке ұлпалар мен мүшелердің өзіне тән әрекетті атқаратындай белсенді жағдайға келуін айтады. Қозу түрлі физика-химиялық, функционалдық өзгерістер жиынтығынан тұратын күрделі биохимиялық реакция.
Тежелу - тірі құрылымдар әрекетінің бәсеңдеуімен сипатталатын ерекше биологиялық күй. Тежелу үрдісі де тірі ұлпаның тітіркендіргіштерге белсенді реакциясы нәтижесінде туындайды. Тежелу сыртқы белгілері жағынан физиологиялық тыныштыққа ұқсас. Бұл екі күй де ұлпалар мен мүшелер әрекетінің тиылуымен сипатталады. Бірақ тыныштық күй мен тежелудің арасында зор ішкі айырмашылық бар: тежелу кезінде ұлпалар мен мүшелердің қозғыштығы, лабильділігі күрт төмендейді, теріс шыңды потенциал тіркеледі. Тежелу қозу үрдісімен бірлесе отырып тірі құрылымдардың сыртқы орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді.
Синапс – жүйкелік импульстарды жүйке талшығынан эффекторлы клеткаларға (ет талшықтары, нейрон немесе секреторлық клеткалар) өткізетін арнаулы құрылым. (12 сурет). «Синапс» ұғымын ғылымға 1897 жылы ағылшын физиологы Ч. Шеррингтон енгізді. Синапс құрылымы негізгі үш бөлімінен тұрады: пресинапстық жүйке ұшынан, жүйке ұшы мен эффекторлы клетка аралығындағы синапстық саңылау мен постсинапстық мембранадан тұрады. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс саңылау клетка аралық сұйыққа толы кеңістік (12 сурет). Постсинапстық мембранасында биологиялық активті заттарды (медиаторлар, гормондар), емдік және улы заттарды сезе алатын хеморецепторлар бар. Постсинапстық мембрананың маңызды ерекшелігі – осы жерде орналасқан рецепторлар сәйкес медиатордың түрлерімен ғана биохимиялық әрекеттесуге қабілеттілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |