Билет №1 Шет тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы


Билет №25 Графикалық орфографиялық дағдыны қалыптастыру



бет40/48
Дата20.02.2023
өлшемі1,23 Mb.
#69605
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48
Байланысты:
Билет №1 Шет тілін о ыту дістемесіні бас а ылымдармен байланы

Билет №25

  1. Графикалық орфографиялық дағдыны қалыптастыру

Шет тілін үйретудегі өте маңызды және күрделі жұмыстардың бірі – жазу.
Ағылшын тілін жазуға үйрену дегеніміз – сол тілдің әріптік және дыбыстық жүйесін білу, оны сөйлей, айта, қолдана білу. Жазу каллиграфиядан,орфографиядан және шығарма жаза білуден тұрады. Жазуды үйрену мынадай дағдыларды білуден тұрады: алфавиттің әрпін жаза білу дағдысы; Дыбыстарды жаза білу дағдысы; Сөз және сөйлемдер орфографиялық қателерді түзете білу дағдысы; Әр түрлі жаттығуларды орындай білу дағдысы
Бұл дағдыларды қалыптастыру үшін мынадай негізгі факторлар талап етіледі:
Сөзді тыңдай білу; Сөзді айта білу; Көру факторы; Қолдын саусақтарын дұрыс пайдалану.
Сонымен жазу процессінде адамның сезіну мүшелері – көз, құлақ, тіл, сөйлеу мүшелері қатысады.
Жазуға үйретудің жолдары. Оқушыларды шет тілінде әріптерді, сөздерді, сөйлемдерді жазуға үйрету үшін көп жаттықтыру, жақсы үлгілер мен таныстыру керек.
Каллиграфияға оқытудың кезеңдері:
Мұғалім балаларға карточкада жазылған үлкен жәнек ішкентай әріпті көрсетеді. Мысалы: Bb
Карточканың бірінші бетінде әріптер жазылса, екінші жағындасөздер жазылады.: Bb – Bed, book.
Мұғалім тақтаға сөзді жазып көрсетіп, қиын жерлерінің жазылуын түсіндіреді.
Мысалы: Q әрпін қолды қағаздан айырмай жазу керек, тек құйрығын жазғанда ғана қолды қағаздан айыруға болады, «r» әрпін жазғанда оны «v» әрпі мен ұқсастырмау керек, «b» мен «d», «p» мен «q» әріптерін шатастырмау керегін түсіндіріп, мұғалім осы әріптері бар сөздерді жазады.
Әріптерді, сөздерді жазғанда мұғалім сөзінің әр қимылын түсіндіруі керек, ал балалар сол қимылдарды бірінші ауада, содан кейін дәптерлерінде қайталайды. Мұғалім балалардан әріптерді, сөздерді жазуды талап етеді, ал өзі әр балаға жақындап жазуға көмектеседі. Жазу қабілетін дамытуүшін бала үйде де әріптерді, сөздерді жазуға жаттығады. Оқушыларды таза, жақсы жазуға үйрету үшінм ұғалім өзі жақсы жаза алуы керек. Тақтадағы көрнекі құралдарда өте жақсы талапқа сай жазылуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет