Билет №6 Эпостық жырлардың бала тәрбиесіне қосатын үлесі. Батырлар жырын оқытудың ерекшелігі


Билет № 7 1. Бастауыш сыныпта өлеңдерді оқыту жолдары



бет3/9
Дата02.06.2023
өлшемі44,68 Kb.
#97863
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
экз3

Билет № 7
1. Бастауыш сыныпта өлеңдерді оқыту жолдары
Өлеңді оқыту тәртібін шамамен былайша беруге болады:
1. Өлең оқылмас бұрын оның мазмұнына қарай әңгіме өткізіледі. Онда өлең жолдарында кездесетін оқушы түсінігіне қиын сөздердің мағынасы түсіндіріледі.
2. Егер өлең көлемі өте ұзақ болмаса, онда мұғалім үлгі ретінде мәнерлеп оқып шығады. Осы кезде оқушылар өз кітаптарынан іштей бірге оқып отырады.
3. Оқушылар дауыстап, мәнерлеп, дұрыс оқиды.
4. Өлең мазмұны талданады. Көлемді өлең бөлімдерге бөлініп талданса, ал қысқа өлеңдер тұтас талданады.
5. Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап әдіс қолданылады.
6. Өлеңді екінші рет, қорытындылау мақсатында оқуға дайындық жұмысы жүргізіледі (оқу техникасы, мәнерлеп оқу, дауыс сазы, хормен оқу, жеке оқушыға оқыту, т.б.).
2. Жаратылыстану пәнін оқыту курсында оқыту құралдарының жіктелуі және олармен жұмыс істеу әдістемесі.
Оқыту құралдарына мұғалімнің (өндірістік оқыту шеберінің) сабақ барысында информация беруін, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруын сабақ барысында тексеру жұмыстарын жүргізе алатын оқу жабдықтарын жатқызамыз. Қолданылып жұрген оқыту құралдарының информация беру мүмкіндігі бойынша бір-бірінен айырмашылықтары бар. Оларды төмендегідей топтарға бөлуге болады.
1 Баспасөз әдісімен жасалған - оқулықтар, анықтамалар, есептер мен жаттығулар жинағы, нұсқаулар, нұсқау технологиялық картталар плакаттар карточкалар, оқыту программалары.
2 Экранды құралдар – диапоизтивтер дияфильмдер транспоранттар кинофильмдер бейнежазбалар, телехабарлар.
3 Дыбысты құралдар – грамжазбалар радиохабарлар магнит лентадағы жазбалар.
4 Көлемді құралдар – нақты обьектілер модельдер макеттар, муляждар және тенажерлар.
Оқыту құралдарының негізгі қолданылған мақсаты әрине, оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру, себебі сабақ барысында ғана оның дұрыс ұйымдастырылуына байланысты керекті білімділікті шеберлікті, дағдыны қалыптастыруға болады. Мұғалімнің (өндірістік оқыту шеберінің) әрбір оқыту құралының дидактикалық мүмкіндіктерін білуіне байланысты оқу процесінің маңызы да арта түспек. Шынында да кез келген оқыту құралының дидактикалық мүмкіндігі оның оқу тәрбие жұмысындағы рөлін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет