Билет № 6
1. Эпостық жырлардың бала тәрбиесіне қосатын үлесі. Батырлар жырын оқытудың ерекшелігі
Қазақ эпосы бірде ерлікті, батырлықты дәріптеп ел қорғау, отаншылдық сарында құрылса(Қобыланды батыр,Алпамыс бірде феодалдық қоғамдағы әйел теңсіздігін арқау етіп, махаббат тақырыбына негізделеді. Қазақтың халық педагогикасындағы аса бай мұра – батырлық жырлар. Батырлық жырларда ел қорғау, басқыншыларға қарсы күресу кезінде көрсеткен батырлардың ерліктері жырланады, батырлардың отбасына, еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі – шынайы патриоттығы дәріптеледі, көбінесе бірегей ұлға зар болған қарт ата-аналардың арман-тілегі орындалады (Алпамыс, Қобыланды т.б.). Батырлық жырлар, көбінесе 7-8 буынды жыр тармақтарымен жырланады, кейде он бір буынды қара өлең ұйқасымен де жырланады. Жырда әсірелеу, суреттеу басым болады, жыр жедірме екпінімен жеңіл айтылады.
2. Бақылау - бастауыш сыныптарда табиғатты зерттеудің негізгі практикалық әдісі ретінде
Бақылау жасау әдісі — біріншіден ,оқушы бойында қоршаған дүниеден нақтылы және бейнелі түсініктер мен ұғымдар қалыптастыруға, соның негізінде бастауыш класс оқушыларының шығармашылық ойлау әрекетін, ауызша және жазбаша сөзін дамытуға мүмкіндік береді
Екіншіден . табиғи құбылыстардың үздіксіз өзгеруі мен дамуына , табиғатта болып жатқан құбылыстардың өзара байланысы мен заңдылығына , дүниенің біртұтастығына балалардың көзін жеткізеді.
Үшіншіден оқушының бақылағыштық,байқағыштық қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік береді, ол зейін тұрақтылығын тәрбиелеп, шығармашылық , танымдық қабілетін арттырады.
1 Бақылау өткізуге сай оқу материалдарын іріктеу.
2. Оқушыларды бақылау өткізуге дайындау.
3 Сабақта бақылауға қажетті қарапайым түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру.
4. Бақылаудың мақсатын айқын қоя білу.
5. Күн ілгері бақылауға қажетті тапсырмалар әзірлеп , балаларға тапсырмалар беру.
6. Қажетті жабдықтарды дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |