2. Кез-келген жаратылыстану ұғымын қалыптастыру сызбанұсқасын жасап, түсіндіріңіз.
Жанды табиғат
1.1. Табиғат әлемін танудың қарапайым әдістері
0.1.1.1. «Бақылау» ұғымын және оны өткізу кезендерін түсіну
1. Мен табиғатты бақылай аламын ба?
(Ұ) ҰОҚ барысында балалармен тиімді жұмыс жүргізу үшін ұжымдық ынтымақтастық қарым- қатынас орнату. Бақылау әрекетіне қатысты суреттер мен тәжірибе ұсынылады.
(Ұ) Педагог балалардың қызығушылығын оятып, білімдерін белсендіреді. Балаларға сурет арқылы бақылаудың мәнін түсіндіреді.
Рефлексия кезеңінде берілген мақсатқа оралып отыру.
Балаларға адамдардың бір нәрсені білуге құмарлығының нәтижесінде қоршаған ортадағы көптеген заттардың адам қолымен жасалатынын түсіндіру. Бір нәрсені білу, үйрену – бұл адамның бойындағы ең жақсы қасиет. Адам ерте кезден-ақ табиғатты бақылап, білімін жетілдіріп, оны кейінгі ұрпаққа үйретіп отырған.
Балаларға түсінікті және қарапайым суреттерді қолдану.
Әуен ойнатқыш.
Суреттер.
(Ұ) «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмінен үзінді көруді ұсыну.
(Ұ, Ж) Балалар әліппе- дәптермен танысады: кейіпкерлер, шартты белгілер, автордың алғы сөзі.
Әліппе-дәптермен жұмыс. Балаларға сурет бойынша тірек сөздердің көмегімен әңгіме құрастыруға тапсырма беру.
Балалардан адамдардың табиғатты бақылауы не үшін қажет екендігі туралы ойланып жауап берулерін өтіну.
Үлгі сұрақтар:
Жанды және жансыз табиғатқа не жатады?
Жануарлар неге жабайы және үй жануарлары болып бөлінеді?
Күн неге жарқырайды?
Кемпірқосақ қай мезгілде пай- да болады?
Өсімдіктің тіршілігі үшін не қажет?
Қорытынды жасай отырып: балалар мына түсініктерді ұғынуы қажет:
Табиғат – күн, ауа, жер, су, өсімдіктер, жануарлар.
Қоршаған дүние – айналадағы табиғат және адамдар жасаған заттар.
Бақылау – қоршаған орта мен табиғат құбылыстарын танып білу.
Бақылаушы – қоршаған орта мен табиғат құбылыстарын арнайы танып білуші адам.
Тәжірибе – бұл табиғат құбылыстары мен заттарды
танып-білудің әдіс-тәсілдері.
«Қарлығаштың құйрығы
неге айыр?» мультфильмінен үзінді.
Әліппе-дәптер. Табиғат аясын- да іс-әрекетпен айналы-
сып жүрген адамдардың суреттері.
(Ұ) Сергіту сәті.
Балалар жеке немесе топ болып жұмыс істейді.
Балаларға қорытынды жасауға көмектесу.
Әліппе-дәптермен жұмыс жүргізіледі.
Балаларға ҰОҚ-да өз жұмыстарын өздері бағалауды ұсыну: колбаны әртүрлі түспен бояйды.
1-деңгей – ештеңе түсінбедім. 2-деңгей – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.
3-деңгей – бәрін түсіндім, басқаларға да түсіндіріп бере аламын.
Әуен ойнатқыш.
Адамдардың табиғат аясында қалай жұмыс істейтінін, тәжірибелік жұмысты қайда өткізетіндігін болжамдау.
Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
Әліппе-дәптер.
Достарыңызбен бөлісу: |