Билет № 8 1. Бастауыш сыныпта әңгімелерді оқытудың тиімді жолдары Әңгіме жанрын оқыту-оқушының сөйлеу дағдысының, мәнері оқуының, рухани дүниесінің қалыптасуының негізгі кілті болып табылады. Аталған жанрды оқытуда берілітін теориялық ұғымдар туралы түсінік үшін, ең алдымен, материялды неше сағатта өтуге болады, әр сағатта өтілуге тиісті материал көлемі мен мазмұны және оның оқушыларға бұрыннан таныс, не таныс еместігі, сондай-ақ, оқушылардың қабылдай алу қабілеттілігі, өресі, дағдыларының бар-жоғы сияқты мәселелерді күн ілгері ойластырып, жоспарлап алу қажеттілігі туады.
Әңгімені оқытуда тек мазмұны ғана емес, ең бастысы, оның негізгі проблематикасы, жазушының идеялық-эстетикалық мұраты, сол жолдағы табысы сөх етілуі керек. Әдеби- теориялық ұғымдарын тереңдету, хикая, прототип, кейіпкерлерді психологиялық күй-жайы, сюжет, композиция, суреттеу, потреттеу, баяндаулар туралы да түсінік беру сабақтың басты мақсаттарының бірі болып табылады.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы:
Кез — келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен.
Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігімен.
Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.
бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда сын тұрғысынан ойлау жобасының көптеген әдіс- тәсілдерін қолданамын:
Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі/
Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс / эссе, шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар, фишбоун, шахмат тақтасы, торлы диаграмма т.б стратегиялар/
әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу,
мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Венн диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/
Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/
Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу /авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы
Шығармада екі кейіпкердің қарама – қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/