билет доктрина



бет14/38
Дата12.05.2023
өлшемі93,23 Kb.
#92655
түріНұсқаулар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
Байланысты:
Тарих билет жауаптары ЖМБ-2022

12-БИЛЕТ


1)Отар - бұл мықты шет мемлекеттің (метрополия) басқаруындағы тәуелді аумақ. Мұндай жерлер әдетте экономикалық және саяси биліктен айырылады және олардың басқаруы арнайы режим негізінде жүзеге асырылды.Отаршылдық - өз елінің шет жағында бос жатқан жерлерді қоныстану және шаруашылық үшін игеру , сондай-ақ басқа елдерде қоныстар салу. Отаршылдық іс көбіне жергілікті тұрғындарды күшпен бағындыру және ығыстыру саясатымен (кейде қырып-жоюмен) ұштасады және басқа аумақтарды тартып алу үшін қолданылады. 15 ғасырдағы географиялық ұлы жаңалықтар кезінен еуропалықтар жер жүзінің басқа құрлықтарын отарлауды бастады. Әскери-сауда орталықтарын салу, жаңадан ашылған құрлықтарды игеру, бұрынғы дамыған елдермен сауда жүргізу қыза түсті. Испандықтар, португалдар, голландтықтар, ағылшындар, француздар, т.б. отаршылдық саясатын күшпен жүргізді.Көптеген байырғы халықтарды қырып-жою, қалғандарын құлға айналдыру, резервацияларда ұстау, кемсіту кеңінен орын алды. Отаршылдық саясатын қолданған елдер жергілікті халықтарды тонау, қанау арқасында қатты байып, отарларды шикізат көздеріне, өздері шығарған тауарларды үйлестіру базаларына айналдырды. Отарланған елдердің ең құнарлы жерлерін келімсектер иемденіп, Америка, Африка, Азияның байырғы халықтарын, шөл, шөлейт далалар мен тауларға ығыстырды. Ресей патшалығы да бір орталыққа бағынған мемлекет болуды аяқтағаннан кейін 16-17 ғасырларда Еділ бойы, Орал, Қиыр Солтүстік, Сібір, Қиыр Шығыс халықтарын отарлай бастады. 18-19 ғасырларда отаршылдық саясатын әрі қарай жалғастырып, Кавказ, Қазақстан мен Орталық Азия халықтары да басып алынды (қ. Қазақстанды Ресейдің отарлауы). Ресейдің отаршылдық саясатын ұсақ халықтарды жаппай орыстандыру, шоқындыру, бас көтергендерін қатал жазалау және ішкі аймақтардағы орыс, украин, белорус, т.б. халықтардан шыққан шаруаларды күшпен қоныстандыру арқылы жүзеге асты. 1991 жылы КСРО-ның тарауымен бұрынғы Ресей отарлары да егемендікке қол жеткізді.
Протекторат - бұл мемлекетаралық қатынастардың бір түрі, онда бір ел екінші елдің жоғарғы егемендігін мен мықтылығын мойындап, әсірісе халықаралық қатынастарда, өзі өз автономиясын және билеушілердің әулетін сақтайды. Протекторат - бір мемлекет екінші мемлекеттің қорғауында болатын мемлекетаралық нысаны.Протекторат - бұл мемлекетаралық қатынастардың бір түрі, онда бір ел екінші елдің жоғарғы егемендігін мен мықтылығын мойындап, әсірісе халықаралық қатынастарда, өзі өз автономиясын және билеушілердің әулетін сақтайды. Протекторат - бір мемлекет екінші мемлекеттің қорғауында болатын мемлекетаралық нысаны. Протекторат- күшті мемлекеттің әлсіз елге ресми қамқорлық жасауы. екі егемен мемлекет арасында қорғалатын мемлекет қорғаушы мемлекетке беретін өкілеттіктерді анықтайтын келісімшарт арқылы орнатылған қатынастар.әлсіз мемлекет өзінің дипломатиялық қызметке және оның аумағын қорғауға байланысты қажеттіліктерін жеңіп, қанағаттандыруға қол жеткізгеннен кейін, протекторат аяқталады және қайтадан өзінің толық тәуелсіздігін алады.Алайда протекторатпен келіспейтін мамандар бар, оны мемлекеттердің тәуелсіздігіне әр түрлі жолмен әсер ететін отарлау түрі деп санайды, әсіресе протектораттың қажеттілігі күмән туғызатын жағдайларда.Кейбір мысалдар: Шығыс Африкадағы Британ протектораты (1895-1920), Египеттегі Британ протектораты (1914-1922), Испанияның Марокко протектораты (1913-1956), сондай-ақ Монакодағы француз протектораты және тб. Мысалы 1829 жылы Ресейдің протекторатына айналған Молдавия мен Валахия 1856 жылы халықаралық қорғауға алынып, 1878 жылы біріктіріліп, тәуелсіз Румыния мемлекеті құрылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет