Ескерту: түтікті ұстағышқа түтік қақпақшасы кіргенге дейін енгізу – қанның ағуын қамтамасыз етеді, ине резеңкілі мембрананы және түтік қақпақшасының тығынын теседі. Жасалған вакуум теңелту жасамағанша, қан түтікке өтеді. Қанның ақпауы - венаны өтіп кетіп тесу көрсеткіші. Бұл жағдайда түтікке қан тұспегенше инені (шығармай) тарту қажет.
Ине ұстағыштан түтікті алғанда резеңке мембрана түпкі қалыпқа келеді, ине бойынша қан ағымы жабылады. Дәрігердің тағайындағанына байланысты әртүрлі түтіктерді қолдану қажет.
3) Майлы клизманы қою
Мақсаты: емдік: ішек бұлшық еттерін босаңсыту, нәжісті сұйылту, түйілуді азайту және қалыпты ішектін жиырылып кеңеюін қалпына келтіру.
Қолдану көрсетілімдері:тазарту клизмасының әсері болмауы, спастикалық іш қату, ұзақ іш қату, жуан ішектің қабыну аурулары, операциядан кейінгі кезең, босанғаннан кейін.
Қарсы көрсетілімдері:асқазан немесе ішектен қан кету, тік ішектің қатерлі өскіндігі, анал тесігі аймағындағы сызат немесе тік ішектің түсуі, қансыраған геморрой.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: жел шығаратын түтікті, лотокты, Жане шприцін немесе алмұрт тәрізді баллоншаны, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, клеенканы, жаялықты, вазелин майын, 100-200 мл мөлшердегі майлы ерітіндіні, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Кушеткаға клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.
Науқасты сол жақ қырына жатқызыңыз, оң аяғы тізе буынынан бүгіліп, ішіне қарай келтірілуі керек.
Антисептикалық түрде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
«Су» моншасында t – 380С дейін жылытылған 50-100 мл майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.
Жел шығаратын түтіктің саңылаусыз домалақ, бітеу ұшына 20-30 см ұзындыққа вазелин майын жағыныз.
Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолымен жел шығаратын түтікті абайлап айналмалы қозғалыспен анал тесігіне тік ішекке қарай жылжытып енгізіп, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.
Майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алып, енгізер алдында оның ауасын шығарып, жел шығаратын түтіктің бос ұшына жалғастырып, ақырын тік ішекке енгізіңіз.
Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе қолмен қысыңыз.
Жел шығаратын түтіктен алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін шығарып алыңыз.
Жане шприціне немесе алмұрт тәрізді баллоншаға ауа сорып алып, қайтадан оны жел шығаратын түтікке жалғастырып, түтікте қалған майлы ерітіндіні тік ішекке қарай үрлеп (итеріп) жіберіңіз.
Жел шығаратын түтікті шығарып алып және алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығын зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.