Билет мейіргер ісінің даму тарихы және философиясы. Кәсіптік этика мен деонтология


Ішек қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс



бет97/102
Дата08.10.2024
өлшемі243,11 Kb.
#147202
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Байланысты:
Мейіргер ісі жауап

24. Ішек қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс.
Ішек қызметі бұзылғанда жедел жәрдем көрсету.
Дәретке отырудың бұзылуы: іш өту.
Қысқа мерзімді мақсаттар: Іш өтудің қысқалығы және оның консистенциясы қалпына келеді (бөлек уақытпен). Ұзақ мерзімді – науқас диетаның ерекшеліктері туралы білімін және пеаналды аймақтағы теріні күту ережелерін көрсетеді.
Іс – әрекет алгоритмі:
Жоғары құндылықты және жеңіл қорытылатын тағамды 2 сағат сайын аз мөлшермен - №4 диета қабылдауды қамтамасыз ету.
Тәулігіне 2 литрдей сұйықтықты қабылдауын қамтамасыз ету.
Әрбір дәретке отырған сайын шат аралық терісінің гигиенасын тиянақты күту: дәрет алған соң перианалды аймақты вазелинмен өңдеу, төсек орнын ауыстыру.
Науқастың күнде салмағын өлшеу.
Нәжістің жиілігін және сипаттамасын күнде температуралық параққа белгілеп отыру.
Дәрігер тағайындаған дәрілік препараттарды қабылдауын қадағалау.
Науқасты жеке дәрет ыдысымен қамтамасыз ету және оны залалсыздандыру.
Ішектер босаудың бұзылуы: іш қатпасы.
Мақсаттар: қысқа мерзімді – науқаста екі күнде 1 реттен аз немесе үлкен дәрет болады (жекелеген уақыт). Ұзақ мерзімді – науқас ауруханадан шығу кезінде нәжіс жүрмеумен күресудің әдістері туралы білімін көрсетеді.
Іс – әрекет алгоритмі:
Қыщқыл сүтті – өсімдік диетамен қамтамасыз ету (көкөністер, қара нан, жемістер). Диета № 3
Тәулігіне 2 литрге дейін сұйықтықты қабылдауын қамтамасыз ету ( қышқыл сүті, тағамдар, шырындар, сілтілі минералды сулар).
Күннің белгілі бір мезгілдінде науқаста дефекацияға шартты рефлекс тудыруға тырысу (таңертең аш қарынға 1 стакан суық суды ішкеннен 15 – 20 минуттан кейін).
Науқасты жеткілікті қимыл белсендігімен қамтамасыз ету.
Дәрігердің белгілеп бергені бойынша іш айдайтын дәрілерді беру және тазалау клизмасын жүргізу.
Медициналық құжаттарда күнделікті дәретке отырудың жиілігін белгілеп отыру.
Науқасқа іш қатпасы кезінде тамақтану ерекшеліктерін оқыту.
25.Зәр шығару жүйесінің бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс
Зәр шығыру жүйесінің бұзылуынын көріністері: зәрдің болмауы, зәрді ұстай алмауы, ісіктер, дизурия, полиурия, анурия, олигурия, гематурия, поллакиурия.
1. Зәр шығыру жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері. Медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу.
2. Қуықты катетерлеу түсінігі. Емшараны өткізу көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.
3. Әйелдерде және ер адамдарда қуықты катетерлеу техникасы.
4. Зәржинағыш және дәрет ыдысымен қамтамасыз ету.
5. Жеке гигиенаны және шап аралық терінің тазалығын сақтауды қамтамасыз ету
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР! Зәрді ұстай алмайтын науқастар өздерінен сезінетін жағымсыз иістен қысылып, зәр қабылдағышты үнемі қолдану қажеттілігінен қолайсыздық сезінеді. Сондықтан ол қоғамнан бас тартып, әлеуметтік оқшаулануда болады.
Сіздің іс- әрекетіңіз:
1. Әрқашан орнықты, мейірімді , шыдамды болу.
2. Дезинфекция мен күтімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда иістің болмайтындығын науқасқа түсіндіру.
3. Өзінің күйіне бейімделген басқа науқаспен таныстыру .
Кейде зәрдің жіті тоқтап қалуы бар науқастардың мәселесі бөтен адамдардың болуымен , олардың ұялумен түсіндіріледі. Сіз :
1. Ұялшақ науқасқа өзіңіздің шыдамсыздығыңызды, ашуыңызды көрсетпеу.
2. Палатада науқасты уақытша жалғыз қалдыру .
з. Науқасты психологиялық қолдау.
КАТЕТЕРЛЕУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУЫПСЫЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Ер адамдарды катетерлеуді қатты және жартылай қатты катетермен дәрігер өткізеді.
2. Егер катетерді салған кезде бөгет сезілсе, оған күш салып өткізуге болмайды, себебі зәр шығару каналын жарақаттау мүмкіндігі бар. Катетерді аз ғана кейін тартып, қайта салып көрген жөн. Нәтижесіз әрекеттерде, катетерді енгізуге болмайды, оны дәрігерге айту керек.
3. Асептиканың барлық ережелерін сақтау қажет, өйткені зәр шығару жолдарынан шырыштысының шеттері инфекцияға өте бейім.
ЗӘРДІҢ ЕРІКСІЗ БӨЛІНУІ
Зәрдің бөлінуін ұстамау және ұстай алмауын ажыратады. Зәрді ұстамау — зәр қуықтан әрдайым тамшылап немесе анда – санда білінбей тамып кетеді, өз бетімен бөлінеді.
Зәрді ұстай алмау — зәр шығаруға сезімі бар, бірақ науқас зәр шығаруды өз бетімен ұстай алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет