Билет мейіргер ісінің даму тарихы және философиясы. Кәсіптік этика мен деонтология


Шұғыл жағдайлар. Әр түрлі оқыстық жағдайлар кезіндегі диагностика және дәрігерге дейінгі көмек



бет99/102
Дата08.10.2024
өлшемі243,11 Kb.
#147202
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Байланысты:
Мейіргер ісі жауап

27. Шұғыл жағдайлар. Әр түрлі оқыстық жағдайлар кезіндегі диагностика және дәрігерге дейінгі көмек
Далада улы химиялық заттармен уланған кезде дәрігерлік көмекті дәрігер келгенше жедел көрсету немесе жақын маңдағы емдеу мекемесіне жіберу керек. Уланудың алғашқы белгілері жоғалып кетуі мүмкіндігін есте сақтау керек, біраз уақыт өткен соң өкпенің ісінуімен жалғасуы мүмкін. Егер адам улы заттардың буымен және шаңымен тыныс алу кезінде уланса, зардап шегушіні тез арада уланған аумақтан таза ауаға шығарып, улы заттармен уланған киімдерін шешу керек. Суық уақытта жылы көрпе жауып, аяғына жылтқыш қояды. Жедел дәрігер шақыру қажет.
Егер у теріге түссе (жұмысшы арнайы киімді қолданбаса немессе дұрыс кимесе), уды ағынды сумен жуады немесе мұқият мақта тампонымен, терінің бетінен сүртіп алып, сосын сумен жуады.
Егер у көздің кілегейлі қабығына түссе, көп мөлшерде сумен немесе 2% ас содасының ерітіндісімен жуады.
Асқазан, ішек-қарын жолы уланса зардап шегушіге бірнеше стакан жылы су береді. Жұтқыншақты саусақпен жыбырлатып құстырады. Мұндай шараны асқазанан у толық шыққанша бірнеше рет қайталау қажет.
Удан айықтыру үшін зардап шегушіге суға араластырылғн активтендірілген көмір (бір стакан суға 2-3 ас қасық), сосын тұз ерітінділерін (жарты стакан суға 20г. ащы тұз) ішуге береді.
Теріден қан ағып уланған кезде жараға сутегі тотығымен суланған таңғыш қояды› мұрыннан қан аққанда аурудың басын шалқайтып мұрынының үстіне компресс, мұрынына сутегі тотығымен ылғалданған тампон қояды.
Жоғарыда көрсетілген шаралар удың түріне қарамай барлық жағдайда қолданылады. Егер удың түрі белгілі болса, улы химикаттың түріне байланысты, қосымша шаралар жасалады.
Талықсып қалған зардап шегушіге нашатыр спиртін искетеді немесе нашатыр спиртімен суланған мақта тампонмен шекені сүртеді. Егер тыныс алысы тоқтап қалса, жасанды демалдыру жасайды.
28. Терминалдық жағдайлар түсінігі және терминалдық жағдайларға алып келетін себептер. Терминалдық жағдайлардын сатылары, клиникалық көріністері.
Өлу (организм қызметінің өшу үрдісі) өмірден өлімге сапалық өту ғана емес, сонымен бірге ол организм қызметімен жүйесінің заңды түрде кезектесіп өтетін бұзылуының соңында мүлдем істен шығуы, өшуі. Міне осы жағдай, яғни заңды түрде біртіндеп организм қызметінің өшуі, өмірді қалпына келтіру үшін уақыт беріп, жағдай жасайды.
А.А. Неговский және соавторының анықтамасы бойынша терминальді жағдайларға преагония, агония және клиникалық өлім жатады.
Преагоналдық жағдай. ОЖЖ қызметінің бұзылысымен, науқас күрт тежелген немесе комада, қанайналым бұзылысымен-төмен (60-70 мм.с.б.б.) немесе анықталмайтын артериалық қысым әлсіз жиі пульспен, шеткері қанайналым бұзылыстарының айқын көріністерімен-цианоз, терінің бозаруымен немесе дақтануымен сипатталады.
Гемодинамика бұзылуы тынысалу бұзылыстарымен тереңдейді, тыныс-беткей, жиі кейде кезеңді болады. Мұның барлығы гипоксияның, ұлпалық ацидоздың дамуына әкеледі. Дегенмен преагональды жағдайда зат алмасу негізінен тотығу болап табылады. Преагональді кезеңнің белгілі бір ұзақтығы жоқ. Ол өте қысқа немесе мүлдем болмауы мүмкін, мысалға электр тоғымен зақымдалу нәтижесіндегі кенеттен жүрек қарыншаларының фибриляциясы немесе тәндік қанайналымның жедел бұзылуы. Басқа себептермен өлу кезеңдерінде, мысалы қансыраудан, организмнің өз компенсаторлық механизмдерін іске қосуға қосуға мүмкіншілігі бар кезде, (компенсаторлық механизм негізгі өмірлік қызметтерді қалпына келтіруге және демеп тұруға бағытталады). Преагональді жағдай емдік көмек берілмесе де бірнеше сағатқа созылуы мүмкін.
Агональдық жағдай. Агония басталуы жиі (бірақ барлық өлу түрінде емес) клиникалық айқын тіркеледі, себебі преагональді жағдайдан агония жағдайына өту кезеңі терминальдық үзіліс болып табылады. Ол жиі тыныстың кенет тоқтауымен; мүйіздік рефлекстердің тез өшуімен сипатталады. Егер преагональды жағдайда ЭКГ-да айқын өзгерістер, миокардта метаболизм өзгерістерін көрсететін, пайда болса, дегенмен монотонды ритм болса, ал терминальді үзіліс кезеңінде ол интравентикулярлы немесе кейде эктопиялық сирек импульстар тіркеледі. Терминальді үзіліс бірнеше секундтан бірнеше 2-4 минөтке созылуы мүмкін.
Агония динамикасын В.А. Неговский тәжірибесінде жақсы зерттеген. Агония қысқа сериялы демалумен немесе бір ғана беткейлік дем алумен басталады. Тыныс алу актіне тек көкірек бұлшықеттері ғана емес сонымен бірге мойын, ауыз қуысы аймағының бұлшықеттері де қатысады. Тыныс алу актісінің бұзылысы, яғни бір уақытта бұлшықеттердің қозуы және босаңсуы, дем алу және дем шығарудың жүзеге асырылуын қиындатып, өкпе вентиляциясының толық тоқтауына әкеледі. Мұндай клиникалық суреттің пайда болуы ОЖЖ функциясының және жағдайының радикальді өзгеруінің салдары болып табылады. Оның жоғарғы бөлімдері, соның ішінде бас-ми қыртысы істен шығып, өмірлік функцияларды регуляциялау қызметі бульбарлы және кейбір жұлын омыртқаларына өтеді. Олардың қызметінің мобилизациясы организмнің барлық ең соңғы мүмкіндіктерін сақтау үшін бақытталады. Бұл кезде тек жоғарыда көрсетілген тынысалу қозғалыстары ғана қалпына келіп қоймай, сонымен бірге ірі артериялар пульсациясы, синустық ритм және қанайналым пайда болып, бұл корнеальдік және қарашықтық рефлкстерді кей кезде есті қалпына келтіріуі мүмкін. Дегенмен бұл өліммен күрес эффективті емес, себебі бұл жағдайдан өз бетінше шығуға мүмкіндігі жоқ: оның энергетикасы анаэробты гликолиз арқылы толықтырылады, бірақ бұл энергия сандық жағынан жеткіліксіз болып қана қоймай, ағзада толық тотықпаған өнімдердің тез жиналуына әкеліп соқтырып, сапалық өзгерістерге әкеледі.
Агония ұзақтығы, әрине, ұзақ емес. Оның көріністерінің айқындалуы агония пайда болған аяда, организмдегі патологиялық өзгерістер сипатына байланысты. Жүрек жиырылуы және тыныс алу жылдам тоқтап, клиникалық өлім басталады. Бұл жерде айта кету керек, жүректің әлсіз функциясы тоқтаған кезде, миокардтың электрлік белсенділігі (20-30 мин.) клиникалық өлім басталғаннан кейін де жалғаса береді, әсіресе егер өлім қысқа, жетекші ритмнің переодикалық өзгеруімен (бірақ заңды емес), ЭКГ-да қарынша кешенінің біртіндеп ауытқуы: қос фазалы және монофазалы және ең срңында биоэлектрлік белсенділіктің толық тоқтауымен болса.
Клиникалық өлім. Өмір мен өлім арасындағы өзіндік өтпелі кезең, бұл өлім болып табылмайды, бірақ өмір деп те аталмайды. Клиникалық өлім ОЖЖ-ң тынысалу қызметінің тоқталу мезетінен басталып, аз ғана уақыт аралығына созылады, ұлпаларда, ең бастысы мида қайтымсыз өзгерістер өрістегенше. Осы өзгерістер басталғаннан бастап нағыз немесе биологиялық өлім басталады. Осылайша клиникалық өлім өлімнің қайтымды кезеңі болып табылады. Әрбір жағдайда клиникалық өлім периодының ұзақтығын анықтау мүмкін емес, себебі ол организмнің бастапқы жағдайына тәуелді. Клиникалық өлімге дейін науқастың гипоксиясымен зорығуы, мысалы, ұзақ агонияда, метаболиттік қордың азаюына әкеледі, мұндай науқастарда өзгерістер қайтымсыздығы тез басталып, клиникалық өлім периоды қысқарады. Керісінше, егер қанайналы, организмнің қанағаттанарлық немесе жалпы жағдайы жақсы кездің аясында тоқтаса, мысалы: қарыншалардың кенет фибриляциясы кезінде, онда клиникалық өлім периоды созылады. Әдетте, адамда қалыпты жағдайда клиникалық өлім мөлшері 4-7 мин. деп есептеу қалыптасқан.
Гипотермия кезінде, яғни метаболизм деңгей төмен, осыдан ағзаның оттегіне қажеттілігі азайғанда, клиникалық өлім периоды 1 сағ. дейін созылады.
Клиникалық өлім кезінде қанайналым және тыныс алу жоқ болып, толық арефлексия бақыланады, дегенмен бұл периодта зат алмасу үрдістері жалғаса береді, бірақ, төмен деңгейде. Оттегінің түсуі азайғандықтан зат алмасу гликолиз арқылы жүреді, бұл организм нерв жасушаларының минимальді өмір сүру қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Біртіндеп мида гликоген қоры азайып, АТФ мөлшері кенет төмендейді және нерв ұлпасы өседі.
Тағы да айта кету керек, клиникалық өлім мезетінде жүректің биоэлектрлік белсенділігінің болуы (атипиялық) қарыншалық кешендер түрінде, оның жиырылу қызметін көрсетпейді.Клиникалық өлімді констатациялау үшін қанайналым тоқтау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет