Бiлiктiлiгiн aрттыру бaғдaрлaмaсының aлaтын oрны eрeшe. Мен



Pdf көрінісі
Дата30.03.2017
өлшемі206,63 Kb.
#10586

 

 

       Қaзiргi зaмaн тaлaбынa сaй тұлғa әзiрлeудe ҚР пeдaгoг қызмeткeрлeрiнiң 



бiлiктiлiгiн  aрттыру  бaғдaрлaмaсының  aлaтын  oрны  eрeшe.    Мен  «Өрлеу» 

ҰБАО  АҚ  филиалы    ҚР  ББЖҚБАРИ    базасында  екiншi  дeңгeй 

бaғдaрлaмaсын  меңгеріп,  курстан  өттім.    Oрыс  пeдaгoгi  К.Ушинскийдiң 

"Мұғaлiм  өзiнiң  бiлiмiн  үздiксiз  көтeрiп  oтырғaндa  ғaнa  мұғaлiм,  oқуды 

iздeнудi  тoқтaтысымeн  oның  мұғaлiмдiгi  дe  жoйылaды"  дeгeн  қaнaтты 

сөздeрiн  әр  пeдaгoг  бiлeдi.    Кeмбридж  бaғдaрлaмaсы  негізіндегі  деңгейлік 

курстан  өту  мeнiң  пeдaгoгикaлық  ұстaнымымды  тoлыққaнды  түсiнiп,  iс-

әрeкeтiмдi    жүйeлeугe,  oқу  үрдiсiндe  түсiнiксiз  бoлып  кeлгeн  көптeгeн 

сұрaқтaрдың шeшiмiн тaбуымa  көмeктeстi.  

       Білім  берудің  сапалы  болуы  үшін:  біріншіден,  ұстаздың  жан – жақты 

 академиялық   білімінің   болуы,   екіншіден,      өз   мамандығына   деген 

 шынайы   сүйіспеншілігінің   және   ешқандай   дипломмен   бірге   берілмейтін 

 шығармашылық   қабілеті,   шәкірттеріне   деген   кіршіксіз   адамгершілік   қа-

сиеттері   болуы   шарт  дейді,  ендеше  осы  қасиеттерді  мен  өз  тренерім, 

педагогика  ғылымдарының  кандидаты 

Агима  Абиловна  Маханбетованың 

бойынан  байқадым.  Бағдарламаның  негізін  құрайтын  жеті  модульді, 

оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін 

жете  түсіну  -  мұғалім  қызметіндегі  маңызды  дүние.  Оқушының  түсіну 

деңгейін  анықтап,  оның  түсінігін  толықтыруға  немесе  қайта  құруға 

көмектесу  мұғалімнің  міндеті  екенін  тренерім  ашып  түсіндіріп  отырды. 

Агима  Абиловнанын  берген  білімінің  арқасында    сыни  тұрғыдан  ойлау, 

диологтік  оқыту,  оқу  және  оқыту  үшін  бағалау,  дарынды  оқушылармен 

жұмыс және АКТ модульдерін тиімді ықпалдастыра бастадым. 

       Сабақтарымда 

оқушылардың 

факті 

мен 


пікір 

арасындағы 

айырмашылықты  анықтауға,  орынды  сұрақ  қоюға,  толық  қадағалау  жасап, 

болжамдарды табуға және олардың терминдерін айқындауға  және салмақты 

логикалық дәлелдер негізінде пайымдаулар жасауға дағдыландырып келемін. 

Барлық ақпаратты факт ретінде ұсынбай, екіұдайы ақпаратты көбірек беруге 

тырысамын, сөйтіп баланың сыни ойлау қабілетін дамытуға бағыттаймын.     

       Сертификатталған  мұғалімдердің  жұмыс  барысы  мектеп  әкімшілігі 

тарапынан  мониторингтік  тестілеу  және  сауалнамалар  арқылы  жыл 

көлемінде  тексеріліп,  аудандық,  облыстық  іс-шараларға  қатысымшылдығы 

ескеріліп отырылды.  

     Менің  тренерден  алған  білімім  мен  өзіндік  ізеністістегі  жетістіктерімді 

ортаға салсам: 

1.

 



 2014 жылы мектеп түлегі, қызыл аттестат иегері Ерланқыз М математикадан 

23 ұпай иеленді. 

2.

 

“Өрлеу”  БАҰО    АҚ    2014-жыл,  16-қазан    “PISA  халықаралық  зерттеулер 



аясында  оқушылардың  математикалық  функционалдық  сауаттылығын 

дамыту” тақырыбында курстан өттім

3.

 

МЭСИ (Московский государственный университет экономики, статистики и 



информатики)     филиалы    22  қараша    2014  ж  “Интерактивті  әдістерді  сабақ 

үрдісінде  қолдану”  шеберлік  сыныбына  қатыстым  және  сабағым  осы 

жинаққа басылып шықты


 

 

4.



 

«Шәкірт  жүрегіне  жол  тапқан  ұстаз»  ҚР  білім  беру  жүйесінің  үздік 

қызметкерлері жинағына ендім 2014 ж 

5.

 



«Университет  пен  жемісті  ынтымақтастығы  үшін»  грамотасымен 

марапатталдым, ШҚМУ 2014 жыл, қараша (2014 жылғы ҰБТ қорытындысы 

бойынша) 

6.

 



 «Педагогикалық 

технологиялар 

оқушылардың 



функционалдық 

сауаттылығын дамытуға бағытталған оқыту мен тәрбиелеу әдіс - тәсілдерінің 

тиімді 

жүйесі» 


тақырыбындағы 

халықаралық 

ғылыми-тәжірибелік 

конференция 2014-2015 оқу жылы; 

7.

 

Аудандық  сертификатталған  мұғалімдер  арасында  деңгейлі  бағдарлама 



негізінде  өткізілген  «Тізбектелген  сабақтар  топтамасының  ең  үздік  орта 

мерзім жоспарлары» (алғыс хат)   2014-2015 оқу жылы; 

8.

 

ҰБТ  2014-2015  оқу  жылында  математика  пәнінен  ортақ  ұпай-19,6  құрады, 



осы  жылы  аяқтаған  алтын  белгі  иегері  Каирдинова  А  математикадан  ең 

жоғарғы 25 ұпай жинады.  

9.

 

 «Оқу  үрдісінде  деңгейлі  бағдарламаның  сыни  тұрғыдан  ойлау  модулі 



арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбында кәсіби 

қоғамдастықтық ретінде мұғалімдерімен коучинг сессиясын өткіздім (тамыз 

кеңесінде-аудандық); 

10.


 

«Шығыс  Қазақстан  облысының  білім  саласына  қосқан  зор  үлесі  үшін» 

құрмет грамотасымен марапатталдым 2015 жыл (қыркүйек) 

11.


 

«Ұшқыр  ізденіс  пен  шығармашылық  шабыт-2015»    педагогикалық  жобалар 

байқауының  аудандық  кезеңінен  өтіп,  облыстық  кезеңіне  қатысып 

сертификат алдым;  

12.

 

 «Лучшие 



люди  лучшие  в  образовании»  большая  международная 

энциклопедияга ендім. 2016 жыл 

13.

 

«Үздік  конструктивті  сабақ»  аудандық  кәсіби  шеберлік  байқауында  2-орын 



иелендім (2016 наурыз) 

14.


 

«Білім  алушылардың  математикадан  дайындау  сапасын  арттыру» 

бағдарламасы  бойынша  коучингке  қатыстым  (ШҚМУ  ұйымдастыруымен) 

2016 ж (наурыз) 

         Осы жетістіктерім мен әлі де алар асуларым үшін ең алдымен «Өрлеу» 

ҰБАО  АҚ  филиалы  Бәләм  беру  жүйесінің  басшы  және  ғылыми-

педагогикалық  қызметкерлері  біліктілігін  арттыратын  Республикалық 

институт  басшылығына,  ұжымына  және  тренерім  Маханбетова  Агима 

Абиловнаға айтар алғысым шексіз. 

 

 



Шығыс Қазақстан облысы, Зыряновск қаласы, 

 №9 орта мектептің  

 математика пәні мұғалімі  

Тұрсиянова Назым  




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет