Біліктілігін арттыру институты



Pdf көрінісі
бет21/41
Дата10.06.2022
өлшемі1,6 Mb.
#36675
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
ІІ. Сабақ мақсаттары: 
Сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде 
үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған 
жұмысының нәтижесі. Сабақ мақсаты оқушының сабақта не 
жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде 
(сабақ соңында) не үйренетіндігіне болжау жасайды. Оқушылардың 
әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленеді. 


35 
Сонымен, сабақ мақсаттарын саралап көрсету міндетті болып 
саналмағанмен, алайда оларды көрсету оқушылардың жеке 
қажеттіліктерін ескеретіндігін ұмытпауымыз қажет.
Барлық оқушылар: Мұнда оқу мақсаттары қайталанады. 
Оқушылардың 100% қол жеткізуі керек болғандықтан мұғалім мұнда 
барлық оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеруі керек. Мысалы: 
-Жабайы және үй жануарларын ажыратады. 
Оқушылардың басым бөлігі: Оқу мақсатттарына (көрсетпесе де 
болады) қоса оқушылардың оқу қабілеттеріне қарай нәтижені 
күрделендіру. Мысалы, оқу мақсаттары «Білу» және «Түсіну» 
деңгейлерінде болса, онда оқушылардың басым бөлігі бұған қоса 
«Қолдану» немесе «Талдау» деңгейлеріндегі мақсаттарға қол жеткізуі 
керек.
-Жабайы және үй жануарларын ажыратады және мысалдар 
келтіру арқылы ойларын жеткізеді. 
Кейбір оқушылар: Оқу мақсаттары мен оқушылардың басым 
бөлігі үшін (көрсетпесе де болады) белгіленген мақсаттармен бірге 
шығармашылық 
және 
зерттеушілік 
дағдыларды 
дамытатын 
мақсаттарды нақтылау: мәселен, «Талдау», «Жинақтау» немесе 
«Бағалау» деңгейлерінде.
-Жабайы және үй жануарларын ажыратады және мысалдар 
келтіру 
арқылы 
өмірмен 
байланыстыра 
отырып, 
өз 
көзқарастарын білдіреді. 
ІІІ. «Бағалау критерийлері – мұғалім мен оқушыға 
қалыптастырушы бағалау кезінде оқытудың мақсатына қол 
жеткізгенін тануға мүмкіндік беретін тұжырым. 
Бағалау критерийлері оқушылардың сабақ мақсаттарына емес, 
оқу мақсаттарына жеткен-жетпегендігін өлшеуі керек, яғни бұл жерде 
барлық оқушылардың үйрену нәтижелері қарастырылады. Мысалы: 
- Жабайы жануарларды атайды.
- Үй жануарларын атайды. 
- Жабайы және үй жануарларын ажыратады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет