14
ІІІ. Ақпаратты алу және ұсыну: Әр топқа зерттеу жұмысын жүргізу
үшін зерттелетін зат бөлініп беріледі де, топ ішіндегі балаларға жеке
немесе жұптық жұмыс ұсынады. Әр жұп өздеріне берілген тапсырма
бойынша жан-жақтан ақпарат жинап ортаға
ұсынады.
Мыс:І топ «Алма»
ІІ топ «Банан» т.б
1 ші жұп- «Агроном»-өсу жайын зерттейді
2ші жұп-«Тарихшы»- шығу тарихын зерттейді
3 жұп- «Зерттеушілер»- пайдасы мен зияны туралы
ақпарат жиайды.
IY. Нәтижені түсіндіру
Әр жұп жинаған ақпараттарын постерге түсіріп ортаға қорғайды.
Тиімділігі: Бұл әдісті оқушылардың бақылау, зерттеу, ақпарат жинау
дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізген тиімді.
«Комплимент» ойыны
Мақсаты:қатысушылардың тіл табыса алуын, бір
- бірін толық тануын дамыту.
Қатысушылар шеңбер бойымен тұрып кезекпен
кез- келген жағымды комплимент айтады (Біздің
тақырыпта мыс. «өте жаңашыл», «нағыз кәсіби
педагог»т. б.), ал қалғандары ол комплименттің
кімге арналғанын табады. Комплимент иесі ойынды ары қарай
жалғастырады. Барлығы жағымды комплимент алмайынша ойын
жалғаса береді.
Достарыңызбен бөлісу: