2 күндік жұмыс жоспарын тақтаға іліп, тиісті бағдарлар арқылы көрсету.
Мұғалім сабақ барысында сабақ жоспарының негізгі бөліктерін көрсетуге болады.
«Cocktail Party» немесе«Сыныпта серуендеу» жұптық ойын әдісі Әдісті өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, қағазға жазылып ілінетін немесе тақтадан көрсетілетін сұрақтар, су құйылған стақандар. Мақсаты: мәселені талдауға, салыстыруға, еркін қарым-қатынас жасауға машықтандыру.
Қатысушылар музыка әуенімен, сыныпта серуендеп жүреді. Тақтада, қабырғада сұрақтар жазылып ілінеді. Сол сұрақ төңірегінде ойланып жүру керек. Музыка тоқтағанда жұптасып, сол сұрақты бір-бірімен талқылайды. Музыка ойнағанда жұбын өзгертеді. Әрі қарай осылай жалғаса береді.
Сыныптасеруендеусұрақтары: 1. A2 деңгейіндегі сөйлеу дағдысын дамытатын менің ең сүйікті тапсырмам. Неліктен?
2. Оқулықтың A1 деңгейіндегі сөйлеу дағдысын дамытатын тапсырмаларының қайсысын алып тастар едіңіз?
3. Өзімнің оқушыларымды еркін сөйлеуге қалай ынталандыра аламын?
4. Қандай жаттығуларды пайдалану тиімдірек?
5. Сөйлеу дағдысын арттыру үшін «сыныпта серуендеуді» сабақта қалай қолдана аламыз?
6. Оған қандай тақырыптарды пайдалануға болады?
7. Осы әдісті өзіміз қалай пайдалануға болады?
Немесе
8. Біреуге жапон асханасы, біреуге ұлттық тағамдар, енді біреулерге түрік асханасы ұнайды. Сізге қай елдің асханасы ұнайды? Сіз ұнататын елдің асханасы несімен ерекшеленеді?
9. Бүгінде жұрттың бәрі салауатты өмір салтын ұстанып, талғаммен тамақтанғанды ұнатады. Мысалы калориясы аз, табиғи өнімдерден дайындалған тағамдарға тапсырыс беретіндер көп. Сіз өзіңізді солардың қатарына қосасыз ба?
10.Сіз пицца, бутерброд, донер сияқты тағамдарға қалай қарайсыз? Біздің елде жастар осы тағамдарды көп жейді деп ойлайсыз ба?
Топтық жұмыс Тапсырма: топ мүшелерімен осы әдіс туралы өз ойларыңызды ортаға салып талқылаңыздар және кестені толтырыңыздар.
Әдістің тиімді жағы
Әдістің тиімсіз жағы
Әр топтан бір адам топ мүшелерінің ортақ ойын жеткізеді.
Әдісті қорытындылау.Тренердің ұсынысы.
Сабақ барысында мұғалім сабақтың тақырыбына қатысты осы әдісті қолдана алады.