нәтижелер: жылуэнергетикалық қондырғыларда жүріп жатқан
термодинамикалық процестерді сараптау әдістерін игеру; тұтас орта механикасының
болжамдары мен заңдары негізінде масса, импульс, энергия тасымалдаудың негізгі
теңдеулерін алу; экспериментті жоспарлауға, қондырғыларды есептеп дайындауға,
жылуалмасу процестерін бақылап, басқаруға дағдылану.
Постреквизиттер: Теориялық жылутехника, жылумасса алмасудың теориялық
негіздері
FO2213 Физикалық оптика – 3 кредит
Пререквизиттер: жоғары математика, жалпы физика курсынан: механика,
молекулалық физика және термодинамика негіздері, тербелістер және толқындар, электр
және магнетизм, электродинамика (электромагниттік тербелістер).
Оқытудың мақсаты: “Физикалық оптика” бітірушілер өздерінің алдағы қызмет
барысында қолдану үшін пәннің негізін жеткілікті қатаң, жүйелі және ұғынықты
мазмұндау.
Қысқаша мазмұны: жарықтың толқындық және корпускулалық (кванттық)
теориясының даму жолдары. Жарықтың электромагниттік табиғаты. Геометриялық
9
оптиканың негізгі заңдары мен анықтамалары. Жарық интерференциясы және оны
бақылау жолдары. Жарық дифракциясы. Гюйгенс – Френель принцибі. Фраунгофер және
Френель дифракциялары. Дифракциялық спектрлерді алу жолдары. Кеңістік тордағы
дифракция. Рентген сәулелерінің дифракциясы. Оптикалық құралдардың ажыратқыштық
қабілеті.
Голография. Электромагниттік толқындардың денемен әсерлесуі (диептерия, жарықтық,
жұтылуы, шашырауы). Жарықтың поляризациясы. Сәуленің қосарлана сынуы. Жылулық
сәуле шығару және оның сипаттамалығы. Кирхгоф заңы. Стефан-Больцман, Вин және
Релей-Джинк заңдары. Планк формуласы. Оптикалық пирометр. Фотоэффект. Комптон
эффектісі. Жарық қысымы.
Күтілетін нәтижелер: Студент классикалық және кәзіргі оптиканы толық игеріп және
олардың ішкі қарым-қатынасын түсінуін және бұл заңдардың тұтастығын айқындай
алатынын байқау. Физикалық оптиканың негізгі заңдарын толық игеріп тәжірибелі
практикада қолдана білу. Физикалық ситуацияларды кәзіргі компьютерлік техникаларды
пайдалана отырып моделдеуді игеру.
Постреквизиттер: Рентген сәулелерінің практикалық аспектілері
OP2213.1 Оптикалық аспаптар - 3 кредит
Пререквизиттер: Жоғары математика I, Жоғары математика II, физика I, физика II,
электр және магнетизм, молекулалық физика және термодинамика негіздері, физикалық
оптика.
Оқытудың мақсаты: студенттерді оптикадағы зерттеу тәсілдерінің негіздерімен
таныстыру. Зерттелетін заттардың қасиеттеріне байланысты тиімді зерттеу жолдарын
таңдай білу. Фотометрлік, интерференциялы -поляризациялық және спектроскопиялық
құралдармен және олармен жұмыс істеуді үйрету.
Қысқаша мазмұны: центрленген оптикалық жүйелермен жұмыс істеу. Жарық
көздерінің характристикаларын анықтау. Жарықталыну заңдарын зерттеу. Нютон
сақинасын алу арқылы интерференцияны қарастыру. Лазерлік жарық көздерімен
интерференция құбылысын қарастыру. Когеренттік лазер сәулесімен N саңлақтардағы
Фраунгофер дифракциясын зерттеу. Г5М ганиометрі арқылы толқын ұзындығын анықтау.
Спектроскоп шкаласын градуирлеу және спектрлерді анықтау. Поляризациялану
жазықтығының айналуын қарастыру. Поляризация құбылысын зерттей Мальюс заңын
тексеру. Жылулық сәулелену заңдарын зерттеу. Фотоэффект құбылысын бақылау. Франк
– Герц тәжірибесін қайталау. Манохроматтардың жұмыс істеу принциптерін түсіну және
монохроматтардың ажыратқыш қабілетін анықтау оны градуирлеу.
Күтілетін
нәтиже: студенттер заттарды құрылымды – химиялық және
интерференциялы – поляризациялық талдаулардың типтік тәсілдерін игеру үшін керекті
физикалық заңдарды толық игеріп үлгреді деп есептейміз. Солармен қатар
фотометриялық, спектроскопиялық тәжірибелер жасау әдістерін және олардағы кездесетін
құралдарды толық игеріп алуларын күтеміз. Тәжірибелерді жасау техникаларын
үйренумен бірге алынған нәтижелерді толық талдауды да үйреніп шығуын күтеміз.
Постреквизиттер: Рентген сәулелерінің практикалық аспектілері
AYaF2214 Физиктер үшін ағылшын тілі 1 -3 кредит
Пререквизиттер: жалпы физика курсы және ағылшын тілі
Оқытудың мақсаты: физико-техникалық профиль студенттеріне мамандық бойынша
ғылыми техникалық әдебиеттерді тұпнұсқада оқу және физика ғылымы областында
ауызекі әңгімелесуге дайындау.
Қысқаша мазмұны: Физикалық тақрыптарды оқу және арнайы тақрыптарды аударыу
тәжрибесі жүреді. Физикалық әдебиеттерге тән құрамалы грамматикалық құрлымды
етістіктерді автоматты қабылдау және түсіну қабілетін артыру. Әрбір кейінгі сабақ
10
алдынғы сабақ материалдарына негізделе жасалған. Сондықтан материалды үйреніу және
меңгеріу қатаң тәртіпте орындалады.
Күтілетін нәтиже: студент мамадыққа тиісті әдебиетпен жұмыс істеп білуі және
ғылыми тақрып бойынша ауызекі сөйлесіп білуі қажет.
Постреквизиттер: Физиктер үшін ағылшын тілі 2, физиктер үшін практикалық
ағылшын тілі 2.
PAYa2214.1 Физиктер үшін практикалық ағылшын тілі 1 -3 кредит
Пререквизиттер: жалпы физика курсы және ағылшын тілі
Оқытудың мақсаты: студенттерді мамандыққа қатысты әдебиеттермен жұмыс
істеуге дайындау және ғылыми тақрып бойынша ауызекі сөйлесуге үйретіу.
Қысқаша мазмүны: физикалық профильді техникалық жоғары оқу орындарындағы
студенттерге практикалық маңызды және танымдық мүдделі әдебиеттерді түпнұсқада
оқуда қолдану. «Оқыту дискуссиясы» деп аталушы тәсілмен ғылыми тақрыпта
ауызекі сөйлесе білу қабілетін артыру. Тақрып бойынша тапсырмалар
проблемалық характерге ие және студентте логикалық ойланыу және дискуссия
жүргізу қабілетін артыруға негізделген.
Күтілетін нәтиже: студент мамадыққа тиісті әдебиетпен жұмыс істеп білуі және
ғылыми тақрып бойынша ауызекі сөйлесіп білуі қажет.
Постреквизиттер: Физиктер үшін ағылшын тілі 2, физиктер үшін практикалық
ағылшын тілі 2.
3 курс
№
Пән
циклі
Пән коды
Пән атаулары
Кредит
саны
Семестр
1
БП
3.2.15
MMF3215
Математикалық физика әдістері
3
5
2
БП
3.2.15.1
UMF3215.
1
Математикалық физика теңдеуі
3
5
3
БП
3.2.16
AF3216
Атомдық физика
3
5
4
БП
3.2.16.1
MMRST32
16.1
Магнит резонанс спектр. әдістемесі
мен томография
3
5
5
БП
3.2.17
AYaF3217
Физиктер үшін ағылшын тілі II
3
5
6
БП
3.2.17
PAYa3217
.1
Физиктер үшін ағылшын тілі
практикасы II
3
5
7
БП
3.2.18
KM3218
Кванттық механика
4
5
8
БП
3.2.18.1
FM3218.1
Микробөлшектер физикасы
4
5
9
БП
3.2.19
FK3219
Ғарыш физикасы
3
5
10
БП
3.2.19.1
AMPIMK3
219.1
Акустикалық әдіс және инженерлік
аспаптар
3
5
11
БП
3.2.20
TEP3220
Электромагнит өрісінің теориясы
3
5
12
БП
3.2.20.1
EMU3220.
1
Электр және магниттік қондырғылар
3
5
13
БП
3.2.21
FOKE3221
Kванттық электрониканың физикалық
негізі
4
6
11
14
БП
3.2.21.1
FOM3221.
1
Оптоэлектрониканың физикалық негізі
4
6
15
КП
3.3.2
FHPKS332
Кондинцияланған орта бетіндегі
физикалық-химиялық үрдіс
3
6
16
КП
3.3.2.1
FHOM332.
1
Материалтанудың физико-химиялық
негіздері
3
6
17
КП
3.3.3
YaFFECh3
33
Ядролық физика және элементар
бөлшектер физикасы
3
6
18
КП
3.3.3.1
PFRZ333.1 Қолданбалы физика және радиациялық
қауіпсіздік
3
6
19
КП
3.3.4
TM334
Теориялық механика
3
6
20
КП
3.3.4.1
RM334.1
Релятивистік механика
3
6
MMF3215 Математикалық физика әдістері – 3 кредит
Пререквизиттер: Келесі математикалық пәндерді білу қажет: жоғары математика
1,2, физика курсы, комплекс айнымалы функцияның теориясы.
Оқытудың мақсаты: пәннің негізгі мақсаты белгілі бір физикалық құбылыстарға
математикалық моделдер құру, шеттік есептерді қойып оларды шешу әдістерін табу
Қысқаша мазмұны:. Математикалық физиканың негізгі теңдеулері. Математикалық
физиканың теңдеулеріне келтірілетін физикалық есептер. Коши есебінің және негізгі
шеттік есептердің қойылуы, олардың физикалық түсіндірмесі. Дербес туындылы
теңдеулерді кластарға бөлу және оларды канондық түрге келтіру. Математикалық физика
теңдеулерін қорытып шығару. Толқындық теңдеу үшін Коши есебі. Даламбер формуласы.
Ұштары бекітілген шектің тербеліс теңдеуін Фурье әдісімен шешу. Жылу өткізгіштік
Коши есебін шешу. Пуассон формуласы. Лаплас және Пуассон теңдеулері. Лаплас
теңдеуінің фундаментальды шешімі. Грин функциясы. Дөңгелектегі Лаплас теңдеуі үшін
Дирихле есебін шешу. Лаплас және Фурье түрлендірулері, олардың қасиеттері мен
қолданулары.
Күтілетін нәтиже: пәнді оқытуда студент білу қажет:
– негізгі математикалық физика теңдеулері және оның шешу әдістері;
– математикалық физиканың негізгі ұғымдарын және олардың әр түрлі аймақтарда
қолданылуларын зерделей білу;
- математикалық есептерді қоя білу;
- математикалық физика есептерін шешу үшін қолайлы әдістерді таңдап алу.
Постреквизиттер: статистикалық физика және термодинамика,кванттық механика
және «Техникалық физика»мамандығының профильдік пәндері, оқу жұмыс жоспары
сәйкестендірілген
UMF3215.1 Математикалық физика теңдеулері – 3 кредит
Пререквизиттер: Келесі математикалық пәндерді білу қажет: жоғары математика 1,2,
физика курсы, комплекс айнымалы функцияның теориясы.
Оқытудың мақсаты: пәннің негізгі мақсаты белгілі бір физикалық құбылыстарға
математикалық моделдер құру, шеттік есептерді қойып оларды шешу әдістерін табу
Қысқаша мазмұны: Математикалық физиканың негізгі теңдеу-лері. Коши есебінің
және негізгі шеттік есептердің қойылуы. Дербес туындылы теңдеулерді кластарға бөлу
және оларды канондық түрге келтіру. Математикалық физика теңдеулерін қорытып
шығару. Сызықты теңдеулер және жүйелердің характеристикасының түсінігі. Бір, екі
және үш айнымалылы толқындық теңдеу үшін Коши есебі. Аралас есептің қисындылығы.
Шек тербелісінің теңдеуі үшін Фурье әдісі.Арнайы функциялар. Жылу өткізгіштік
12
теңдеуіне қойылған бірінші шекаралық есеп. Жылу өткізгіштік теңдеуіне қойылған Коши
есебі. Грин формуласы. Гармоникалық функциялар және олардың қасиеттері. Лаплас
теңдеуінің фундаментальды шешімі. Потенциалдар. Лаплас теңдеуіне қойылған негізгі
шекаралық есептер шешімдерінің жалғыздығы. Дирихле есебінің Грин функциясы.
Күтілетін нәтиже: пәнді оқытуда студент білу қажет: математикалық моделдерді
құра білу; математикалық есептерді қоя білу; қолайлы математикалық әдістерді және
есептің шешімінің алгоритмін таңдап ала білу; есептердің шешімін іздестіру кезінде
қазіргі кездегі есептеу техникасын пайдаланып сандық әдістерді қолдана білу.
Постреквизиттер: статистикалық физика және термодинамика,кванттық механика
және «Техникалық физика»мамандығының профильдік пәндері, оқу жұмыс жоспары
сәйкестендірілген
AF3216 Атомдық физика – 3 кредит
Пререквизиттер: Физика I FIZ (1)1203, Физика II FIZ(II)1204, Жоғары математика 1
VM(I)1201, Жоғары математика 2 VM(II)1202.
Оқытудың
мақсаты: кванттық-механикалық түсініктерді тұжырымдайтын,
фундаменталды кванттық-механикалық заңдылықтарды қарапайым және айқын түрде
көрсететін құбылыстармен танысу.
Қысқаша мазмұны: Жылулық сәулеленудің негізгі заңдары мазмұндалады.
Планктың кванттық болжамы және формуласы. Атомның классикалық және жартылай
классикалық моделінің құндылықтары және кемшіліктері қарастырылады. Материяның
барлық
микробөлшектеріне
тиісті
корпускулалы-толқындық
екіжақтылықтың
әмбебаптылығы талданады. Микробөлшектердің толқындық қасиеттері дәлелденетін
тәжірибелер мазмұндалады. Микрообъектіні сиппатау үшін классикалық көзқарас
қолданылмайды, ол үшін, микробөлшектің корпускулалы және толқындық қасиеттері
туралы негізгі ақпараттарды тасушы толқындық функция түсінігі енгізіледі. Релятивистік
емес кванттық механиканың негізгі теңдеуі келтіріледі: Шредингердің уақытқа тәуелді
және стационар теңдеуі. Микробөлшектердің қозғалыстарының қарапайым жағдайлары
қарастырылады. Сутегі атомы және сутегітектес атомдар туралы кванттық-механикалық
есептер.
Күтілетін нәтиже: студент практикада атомдық физикамен байланысты негізгі
концепцияларды, принциптерді, теорияларды тұжырымдап түсіне білуі, қолданбалы және
ғылыми есептерді шеше білуі керек. Алған білімдерін болашақ мамандығы үшін
практикада қолдана білуі қажет.
Постреквизиттер: Рентгенография негізі, материалтану және экологиядағы ядро-
спектр. әдістер.
MMRST3216.1 MMRS Магниттік-резонанстық спектроскопия және томография
әдістері - 3 кредит
Пререквизиттер: Физика-I FIZ (I)1203, Физика-II FIZ(II)1204, Жоғары математика I
VM(I)1201, Жоғары математика II VM(II)1202.
Оқытудың
мақсаты:
студенттерді
магниттік-резонанстық
спектроскопия
әдістерімен, соның ішінде ядролық-магниттік резонанс (ЯМР) құбылысының негізі болып
табылатын және ол көбінесе медициналық зерттеулерде кеңінен қолданылатын магниттік-
резонанстық томография (МРТ) әдісімен таныстыру.
Қысқаша мазмұны: Бұл пән курсында келесі мәселелер қарастырылады: Химиялық
байланыс және молекуланың құрылымы. Координациялық, сутегі және металдық
байланыстар. Заттың кристалдық және аморфтық күйі. Плазма. Қатты дененің кристалдық
торларының негізгі типтері. Томография түрлері. МРТ-ның даму этаптары. Магнитті-
резонанстық томография. МРТ-ның физикалық негізі. Спин-эхо. Атом ядросының қасиеті.
Ядролық-магниттік резонанстың (ЯМР) кескіні. ТВ спин--торлық релаксация уақыт. ЯМР
спектроскопиясы. Тану импульсы. Қалпына келтіру инверсиясы. Көлденең релаксация
уақыты. Қан ағу эффектілері. Релаксация уақыттарының әртүрлі болуының себептері.
13
Проекциялық қалпына келтіру. Спин дефформациясы. Магниттік-резонанстық
томографияның даму келешегі.
Күтілетін нәтиже: студент практикада әртүрлі зерттеулерді жүргізу барысында,
соның ішінде медициналық зерттеулер үшін магнитті-резонанстық спектроскопия
әдістерін қолдана білуі қажет.
Постреквизиттер: Рентгенография негізі, материалтану және экологиядағы ядро-
спектр. әдістер.
AYaF3217 Физиктер үшін ағылшын тілі 2 -3 кредит
Пререквизиттер: жалпы физика курсы және ағылшын тілі
Оқытудың мақсаты: оқып білу дағдын арттыру және жетілдіру, ғылыми тақрып
бойынша ауызекі сөйлесіу қабілетін артыру
Қысқаша мазмұны: Проблемалық характерге ие айтарлықты құрамалы физикалық
тақрыптарды оқу тәжрбесі. Ғылыми тақрыптарда берілген текстерді, диаграммаларды,
кестелер және логикалық сұлбаларды ауызекі түрде түсіндіру қарастырылған. Тақрып
бойынша тапсырмалар студентте логикалық ойлануды артыры және дискуссия жүргізу
қабілетін артыруға негізделген.
Күтілетін нәтиже: студент мамадыққа тиісті әдебиетпен жұмыс істеп білуі және
физиканың заманауый дамуы бойынша ауызекі сөйлесіп білуі қажет.
Постреквизиттер: IYa 5202 Шет тілі
PAYa3217.1 Физиктер үшін практикалық ағылшын тілі 2 -3 кредит
Пререквизиттер: жалпы физика курсы және ағылшын тілі
Оқытудың мақсаты: студенттердің мамандық бойынша әдебиеттерді оқып білу
дағдын арттыру және жетілдіру, ғылыми тақрып бойынша ауызекі сөйлесіу қабілетін
артыру
Қысқаша мазмұны: ХХ ғасыр ғылыми және техникалық жетістіктеріне, Бүкіл
әлемнің пайда болыуның заманауый теориясын қамтитын түпнұсқа тақрыптарды оқуды
практикада жүргізі. Тақрып бойынша дискуссия жасау арқылы жетістіктерін артыру
қарастырылған. Әрбір бөлімді аяқтаңан соң өтілген тақрыптар бойынша оқу
конференциясын жүргізу қарастырылған.
Күтілетін нәтиже: студент мамадыққа тиісті әдебиетпен жұмыс істеп білуі және
физиканың заманауый дамуы бойынша ауызекі сөйлесіп білуі қажет.
Постреквизиттер: IYa 5202 Шет тілі
KM3218 Кванттық механика – 4 кредит
Пререквизиттер: дифференциалды және интегралды теңдеулер, векторлық алгебра
негіздері, матрицалық есептеулер негіздері.
Оқытудың мақсаты: Студенттерде кванттық механиканың мазмұнын, мағынасын
дұрыс қалыптастыру және микродүниенің заңдылықтарын терең түсіндіру.
Қысқаша мазмұны: «Кванттық механика» арнайы курсы – жоғарғы техникалық
мектепті бітірушілердің теориялық дайындығы мен инженерлік-техникалық және
ғылыми-зерттеу қызметтеріне дайындалуына негіз болады. Бұл курста Шредингер теңдеуі
және оның қарамайым қолданыстары, кванттық тұжырымдар теориясы, орталық күштер
өрісіндегі бөлшектердің қозғалысы, кванттық механиканың жуықтап есептеу әдістері,
кванттық механикадағы тең бөлшектер жүйесі, сыртқы ұйытқу әсерінен болатын кванттық
көшулердің теориясы, молекулалар мен химиялық байланыстардың қарапайым теориясы
сияқты кванттық механиканың негізгі тақырыптары оқытылады. Кванттық механика
курсында қарастырылатын заңдылықтар физика заңдары мен математикалық операторлар
көмегімен түсіндірілетіндіктен аталған курс ең алдымен жалпы және теориялық физика
мен жоғарғы математика курстарына негізделеді.
Постреквизиттер: FKS4308 Кондинцияланған күй физикасы.
14
FM3218.1 Микробөлшектер физикасы – 4 кредит
Пререквизиттер: Fiz(I)1203 Физика I, Fiz(II)1204 Физика II.
Оқытудың мақсаты: Студенттерге микробөлшектер физикасының мазмұнын,
мағынасын дұрыс қалыптастыру және микродүниенің заңдылықтарын терең түсіндіру.
Студенттердің мамандыққа сәйкес жоспарланған пәнді оқу барысында күтілген
нәтижелерге жетуіне көмектесу.
Қысқаша мазмұны: Микробөлшектер физикасының негізгі принциптері. Кейбір
есептерді шешуге Шредингер теңдеуін пайдалануды үйрету. Орталық күштер өрісіндегі
микробөлшектер қозғалысы. Сутегі атомы. Кванттық статистика. Элементар бөлшектер.
Постреквизиттер: FKS4308 Кондинцияланған күй физикасы.
FK3219 Ғарыш физикасы - 3 кредит
Пререквизиттер: Жоғары математика I, Жоғары математика II, электр және
магнетизм, физикалық оптика, атомдық және ядролық физика.
Оқытудың
мақсаты: Замануи астрофизикада және элементар бөлшектер
физикасында субядерлік әсерлесу, жұлдыздар жарылысының кейбір аспекттері,
галактикалық ядролар және квазарлардың белсенділігін нейтрондық жұлдыздар және қара
тесіктер, «жасырыс масса» мәселесі.
Қысқаша
мазмұны: Ғарыш физикасы пәні студеттердің астрофизикаға
қызығушылығын дамытып қалыптастырады, әлемнің эволюциясы мен даму ерекшеліктері
тұралы білімдерін кенейтеді және тереңдетеді, астрономия ғылымының тарихын,
жетістіктерін және болашағын түсуніге көмектеседі. Пән бағдарламасы оқушысының
тәрбиесі мен жеке тұлғасының дамуына, творчестволық қабілеттіліктерін дамутыға
бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |