«Диагностика» түсінігінің мәні «білім, ептілік және дағдыларды тексеру».
Диагностика өз ішіне бақылау және тексеруді, бағалау және бағаны жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын және жобалануын қамтиды.
Диагностикалаудың маңызды бөлігі –қадағалау.
Қадағалау – білім, ептілік және дағдылардың игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады.
Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелерін П.Горбунов, Е.С.Березняк, В.И.Ивашенко, А.К.Исаков, Е.И.Перовский, С.Ф.Сухарский, Н.В.Чертинский, В.О.Онищуктің ғылыми педагогикалық еңбектерінде талданған.
Бақылауды ұйымдастырудың жекелеген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, А.П.Пышкало, Т.Л.Коган және т.б теориялық талдау жасаған.
Бақылау - кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, оларды творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Бағалаудың қызметі үш топқа бөлінеді:
Хабарлаушылық
Басқарушылық
Тәрбиелеушілік
Бақылаудың үш түрі бар:
Алдын –ала бақылау
Күнделікті бақылау
Қорытынды бақылау
Бақылау әдістері:
- оқытудың жетістігі, оқу процесінің тиімділігі туралы мағлұмат алу мақсатында оқыту процесінде қарама-қарсы байланысты қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың бірізді, өзара байланысты диагностикалық қызметтерінің жүйесі.
Бақылау әдістерінің түрлері
Ауызша бақылау әдістері
Жазбаша бақылау әдістері
Тәжірибелік бақылау әдістері
Дидактикалық тестер
Бақылап-зерттеу
Бағалау - оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы.
Бағалау - оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы.
Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.
Педагогикада білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері
Ю.К.Бабанский, Н.А.Сорокин:
Бақылауды күнделікті, оқтын-оқтын, қорытынды
Г.И.Щукина:
Күнделікті, тақырыптық, оқтын-оқтын, қорытынды және емтихан.
Е.А.Дмитриев:
Күнделікті, тақырыптық және қорытынды нәтижесі
Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.
Тақырыптық бақылау – оқу бағдарламарларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерінің өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды анықтамаларды, ғылыми ережелердің оқушылардың есіне салады.
Қорытынды бақылау – барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сонықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық бақылаудың үлгерім бағалары болады.
Тест – оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырма жиынтығы. Олар уақытты көп жоғалтпас үшін көлемінің шағын болуы, тестік тапсырманы өз бетінше қалай болса, солай түсінік беруге жібермеуді, жауапта дәлсіздік немесе көп сипаттылықты болырмауды, оның әрі қысқа әрі жинақы болуын, тестік тапсырманы орындау мен сандық бағалау ара қатынасының мүмкіндігін жариялылығының, тапсырма мен жауаптағы дәлдік пен айқындықты қамтмасыз етуге т.б. талап етеді.
Тест – оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырма жиынтығы. Олар уақытты көп жоғалтпас үшін көлемінің шағын болуы, тестік тапсырманы өз бетінше қалай болса, солай түсінік беруге жібермеуді, жауапта дәлсіздік немесе көп сипаттылықты болырмауды, оның әрі қысқа әрі жинақы болуын, тестік тапсырманы орындау мен сандық бағалау ара қатынасының мүмкіндігін жариялылығының, тапсырма мен жауаптағы дәлдік пен айқындықты қамтмасыз етуге т.б. талап етеді.
Рейтинг - ағылшын тілінде torat – «бағалау» немесе «жетістік өлшемі» деген ұғымды білдіреді. Рейтинг жүесінің мақсаты: - оқу-таным әрекетінің сапасын, нәтижесін арттыру; - оқу-таным әрекетінің сапасын тексеру, бағалаудың тиіділігін жетілдіру және әділдігін орнықтыру; - оқу-таным әрекетіндегі білім, білік, дағды сапасын, дәрежесін бақылауда жүйелілікті қамтамасыз ету; - оқу-таным әрекетіндегі студенттердің жауапкершілігін, белсенділігін арттрыу; - тексеруде уақытты үнемдеу.
Рейтинг-тестік бақылау түрлеріне: а) күнделікті немесе ағымық (текущий), ә) аралық (рубежный), б) қорытынды (итоговый) бақылау жатады.