Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы


Білім алушыларды ағымдағы бақылаудан және аралық аттестаттаудан ӛткізу



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата09.03.2017
өлшемі0,76 Mb.
#8526
1   2   3   4   5   6   7   8

2. Білім алушыларды ағымдағы бақылаудан және аралық аттестаттаудан ӛткізу

 


                            ИС BestProfi©

 

 



 

13 


 

3.  Ағымдағы  бақылау  пәндер  бойынша  практикалық  және  семинарлық  сабақтар  жоқ 

болған  жағдайда  оқытушының  оқу  бағдарламасында  кӛзделген  міндетті  бақылау 

жұмыстарын  (жазбаша  тапсырмалар,  рефераттар)  тексеруі  арқылы  жүзеге  асырылады. 

Бақылау жұмысы бірнеше нұсқа бойынша (4 нұсқадан кем емес) немесе жеке тапсырмалар 

бойынша ӛткізіледі.

 

4. Оқу жоспарына сәйкес оқыту дәрістік курспен шектелетін пәндер бойынша міндетті 



бақылау жұмыстары болмаған жағдайда, үлгерімді ағымдағы бақылау жүзеге асырылмайды. 

Мұндай  пәндердің  тізбесін  білім  беру  ұйымдарының  пәндік  (циклдік)  комиссиясы 

анықтайды.

 

5.  Білім  алушыларды  аралық  аттестаттаудан  ӛткізудің  пәндер  тізбесі  мен  нысанын 



мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен 

кейінгі білім беру ұйымдары белгілейді және оқу жылының басында оқу-тәрбие процесінің 

кестесіне енгізіледі.

 

6.  Техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білім  беру  ұйымдарындағы  білім 



алушыларды аралық аттестаттау мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының 

негізінде  әзірленген  оқу  жұмыс  жоспарлары  мен  бағдарламаларына  сәйкес  жүзеге 

асырылады,  курстық  жобаларды  (жұмыстарды)  қорғау,  сынақтар  және  емтихандар 

нысанында, сондай-ақ сынақтар және курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау емтихандар 

басталғанға  дейін  ӛткізіледі.  Курстық  жобалар  (жұмыстар)  аталған  пән  бойынша  курстық 

жобаны  (жұмысты)  орындау  үшін  жеткілікті  білімді  меңгеруді  қамтамасыз  ететін  пәннің 

теориялық бӛлімі немесе тарауы аяқталғаннан кейін орындалады.

 

7. Егер ағымдағы семестрдің оқу жоспарында аралық аттестаттау аталған пән бойынша 



емтихан  немесе  қорытынды  сынақ  түрінде  қарастырылмаса,  сынақтар  келесі  семестрге 

ауысқан пәндер бойынша ӛткізіледі.

 

Сараланған  бағамен  ӛткізілетін  сынақтар  ("үздік",  "жақсы",  "қанағаттанарлық"  және 



"қанағаттанарлықсыз")  курстық  жобалар  (жұмыс),  кәсіптік  тәжірибе  бойынша,  сондай-ақ 

тізбесі оқу жұмыс жоспарына сәйкес айқындалатын арнайы пәндер бойынша жүргізіледі.

 

8.  Білім  алушыларды  аралық  аттестаттау  материалдары  әрбір  оқу  пәнінің  оқу  жұмыс 



жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде жасалады.

 

9.  Білім  алушыларды  аралық  аттестаттауға  даярлау  кезеңінде  консультацияға  бӛлінген 



жалпы бюджет уақыты есебінен консультация ӛткізіледі.

 

10. Білім алушыларды емтихан нысанында аралық аттестаттаудан ӛткізу үшін:



 

- емтихан билеттері (емтихандық бақылау тапсырмалары), тест тапсырмалары;

 

- емтихан кезінде пайдалануға рұқсат берілген кӛрнекі құралдар, анықтама сипатындағы 



материалдар, нормативтік құжаттар мен техника үлгілері;

 

- оқу және технологогиялық карталар;



 

- спорт залдары, жабдықтар, мүкәммалдар;

 

- емтихан ведомосы дайын болуы қажет.



 

11. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды қабылдау) сол пәннен семестр 

бойы  (жарты  жылдық)  сабақ  берген  оқытушы  немесе  білім  беру  ұйымы  басшысының 

тапсырмасы  бойынша  осы  пәннің  бейініне  сәйкес  келетін  біліктілігі  бар  оқытушы  жүзеге 

асырады.

 

12.  Аралық  аттестаттауға  барлық  практикалық,  зертханалық,  есеп  айырысу-кестелік 



және  курстық  жұмыстарды  (жобаларды),  сынақтарды  толық  орындаған  және  әрбір  пән 

бойынша  типтік  оқу  бағдарламаларына  сәйкес  ағымдағы  білім  есебінің  қорытындысы 

бойынша қанағаттанарлықсыз баға алмаған білім алушылар жіберіледі.

 

Емтиханға  1-2  пәннен  қанағаттанарлықсыз  бағасы  бар  білім  алушы  білім  беру  ұйымы 



басшысының рұқсатымен, ал екеуден кӛп қанағаттанарлықсыз бағасы болса, педагогикалық 

кеңестің (бұдан әрі - педагогикалық кеңес) шешімімен жіберіледі.

 


                            ИС BestProfi©

 

 



 

14 


 

13.  Аралық  аттестаттауды  ӛткізу  кезінде  емтихан  билеттері  бойынша  тапсырмаларды 

орындау үшін:

 

әрбір білім алушыға ауызша емтиханға 25 минуттан кӛп емес;



 

жазбаша емтиханды ӛткізуге:

 

1) әдебиет (шығарма) бойынша 4 академиялық сағат;



 

2) математика және арнайы пәндер бойынша 3 академиялық сағат;

 

3) мемлекеттік тіл және орыс тілі (мазмұндама) бойынша 2 академиялық сағат;



 

4) мемлекеттік тіл және орыс тілі бойынша (диктант) 1 академиялық сағат.

 

Жазбаша  емтихан  (тест  тапсырмалары)  жұмыстары  білім  беру  ұйымының  мӛртабаны 



қойылған қағаздарда орындалады.

 

14.  Тыңдауға,  оқу  жұмысын  қарауға,  спорт  кӛріністеріне  байланысты  арнайы  пәндер 



бойынша  емтихандарды  тиісті  әдістемелік  пәндік  және  циклдық,  кафедралық 

комиссиялардың оқытушылары қабылдайды. Оларды ӛткізуге бір оқушыға бір академиялық 

сағаттан аспайтын нақты уақыт қарастырылады.

 

15.  Аралық  аттестаттауды  (емтихандар  мен  сынақтарды)  ӛткізу  кезінде  техникалық 



және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білім  беру  ұйымы  басшысының  рұқсатынсыз  (оқу  ісі, 

әдістемелік жұмыстар жӛніндегі басшының орынбасарынан, бӛлім меңгерушісі мен пәндік-

циклдік  комиссияның  тӛрағасынан  (тӛрайымынан)  басқа)  бӛгде  адамдардың  қатысуына 

болмайды.

 

16.  Сырқаттануына  байланысты  немесе  басқа  да  дәлелді  себептермен  аралық 



аттестаттаудан  ӛтпеген  білім  алушыларға  техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі 

білім білім беретін оқу орнының басшысы оны тапсыруға жеке мерзім белгілейді.

 

17.  Емтихан  тапсыру,  сонымен  бірге  курстық  жобаларды  қорғау  кезіндегі  білім 



алушылардың  білімін  бағалау  цифрлық  бес  балдық  жүйе  бойынша  жүзеге  асырылады:  (5  - 

"ӛте жақсы", 4 - "жақсы", 3 - "қанағаттанарлық", 2 - "қанағаттанарлықсыз").

 

18. "Қанағаттанарлықсыз" (сынақтан ӛткен жоқ) деген баға алған жағдайда емтиханды 



қайта тапсыру бір пәнге 1 реттен артық рұқсат етілмейді.

 

Емтиханды  (сынақты)  қайта  тапсыруға  пәнді  жүргізетін  оқытушыға  белгіленген 



мерзімде  бӛлім  меңгерушісі  жазбаша  түрде  рұқсат  берген  жағдайда  жіберіледі  (немесе  ол 

оқытушы  болмаған  жағдайда,  осы  пәннің  бейініне  сәйкес  біліктілігі  бар  басқа  оқытушыға 

тапсыруға болады).

 

19.  Аралық  аттестаттау  қорытындылары  бойынша  үшеуден  артық  қанағаттанарлықсыз 



деген баға алған білім алушылар педагогикалық кеңестің шешімі бойынша, техникалық және 

кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен оған белгіленген 

үлгіде анықтама беріліп, білім беру ұйымынан шығарылады.

 

20.  Белгіленген  курстағы  оқу  жоспарының  талаптарын  толықтай  орындаған,  аралық 



аттестаттаудың  барлық  сынақтары  мен  емтихандарын  табысты  тапсырған  білім  алушылар 

келесі  курсқа  техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білім  беру  ұйымы 

басшысының бұйрығымен кӛшіріледі.

 

21.  Аралық  аттестаттауға  шығарылмайтын  пәндер  бойынша  қорытынды  бағаларды 



курстың соңында үлгерімді ағымдағы бақылау бағаларының негізінде оқытушылар қояды.

 

22.  Ағымдағы  семестрдің  пәндері  бойынша  зертханалық,  практикалық,  есептік-



графикалық  және  курстық  жұмыстарды  (жобалар),  сынақтарды  "ӛте  жақсы"  деген  бағаға 

тапсырған үздік білім алушыларға ағымдағы оқу сабақтарынан қол үзбей, мерзімінен бұрын 

аралық  аттестаттаудың  емтихандарын  тапсыруға  техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен 

кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен рұқсат беріледі.

 

3. Білім алушыларға қорытынды аттестаттауды ӛткізу

 


                            ИС BestProfi©

 

 



 

15 


 

23.  Техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білім  беру  ұйымдарындағы  білім 

алушыларды қорытынды аттестаттау:

 

1) білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттауды;



 

2) кәсіби даярлығының деңгейін бағалауды және біліктілікті беруді қамтиды.

 

24.  Техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білім  беру  ұйымдарында 



қорытынды  аттестаттауды  ұйымдастыру  және  ӛткізу  үшін  білім  беру  ұйымдары 

басшысының  бұйрығымен  арнайы  пәндер  мен  ӛндірістік  оқыту  жӛніндегі  аттестаттау 

комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) құрылады.

 

Комиссия тӛрағасы (тӛрайымы) тиісті ӛндіріс саласының жоғары білікті мамандарының 



арасынан  білім  беру  саласындағы  жергілікті  атқарушы  органдардың  және  құрылтайшының 

келісімімен  (3  мәртеден  кӛп  емес),  ал  республикалық  бағынысты  білім  беру  ұйымдарында 

білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімімен тағайындалады.

 

Комиссия  тӛрағасының  (тӛрайымының)  орынбасары  техникалық  және  кәсіптік,  орта 



білімнен  кейінгі  білім  беру  ұйымдарының  басшылары,  комиссия  мүшелері  - 

кәсіпорындардың  жоғары  білікті  мамандары,  бӛлімшелердің  ӛндірістік  шеберлері,  арнайы 

пәндер оқытушылары, ӛндірістік оқыту шеберлері, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігін 

сақтау  (электр  қауіпсіздігін  сақтау)  жӛніндегі  органдарының  ӛкілдері  арасынан 

тағайындалады.

 

25.  Комиссия  қорытынды  аттестаттауды  ӛткізу  кезеңінде  қорытынды  аттестаттауды 



ӛткізуге бір ай қалғанда құрылады.

 

26. Комиссия:



 

техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға 

міндетті  стандарттарында  белгіленген  білім  алушылардың  теориялық  және  практикалық 

даярлық деңгейінің сәйкестігін;

 

білім  алушылардың  кәсіптері  (мамандықтары)  бойынша  оқу  бағдарламалары  мен 



біліктілік  сипаттамасының  талаптарына  сәйкестігін,  ӛндірістік  оқыту,  жалпы  кәсіптік  және 

арнайы  пәндерден  нақты  білім  деңгейін,  іскерлік  және  тәжірибелік  жұмыс  дағдысын 

анықтайды.

 

27. Комиссия отырыстарының ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспауы қажет.



 

28.  Техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білім  беру  ұйымдарындағы  білім 

алушыларды  қорытынды  аттестаттау  оқу  процесінің  кестесінде  кӛрсетілген  мерзімде  және 

техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білімнің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 

стандарттарымен белгіленген оқу жұмыс жоспарларының нысандары бойынша ӛткізіледі.

 

29. Комиссияға мынадай материалдар мен құжаттар ұсынылады:



 

мамандықтар  (кәсіптер)  бойынша  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 

стандарты;

 

кәсіптік  лицей,  колледж  басшыларының  білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттауға 



жіберу туралы бұйрығы;

 

білім алушылардың қорытынды бағаларының жиынтық ведомосы;



 

оқу  бағдарламаларына  сәйкес  қорытынды  емтиханға  енгізілген  емтихан  билеттерінің 

жиынтығы мен мәселелер тізбесі;

 

білім алушылардың денсаулық жағдайына байланысты қорытынды аттестаттау мерзімін 



жылжытуды растауға құқық беретін құжаттар.

 

30.  Техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білім  беру  ұйымдарындағы  білім 



алушыларды қорытынды аттестаттау арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихан тапсыру 

және/немесе диплом жобасын (жұмысын) қорғау нысанында ӛткізіледі.

 


                            ИС BestProfi©

 

 



 

16 


 

Арнайы  пәндер  бойынша  қорытынды  емтихандар:  оқу  бағдарламаларына  сәйкес 

бірнеше  арнайы  пәндерден  сұрақтар  енгізілетін  ауызша,  жазбаша,  кешенді  емтихан 

нысанында ӛткізіледі.

 

Диплом  жобасын  (жұмысын)  қорғау  қорытынды  аттестаттау  жүргізу  жӛніндегі 



комиссияның ашық отырысында кемінде 2/3 мүшелерінің қатысуымен ӛткізіледі.

 

Бір  диплом  жобасын  (жұмысын)  қорғау  ұзақтығы  бір  білім  алушыға  30  минуттан 



аспауы  керек.  Диплом  жобасын  қорғау  үшін  білім  алушы  10  минуттан  аспайтын  баяндама 

жасайды. Диплом жобасын (жұмысын) қорғаудың нәтижесі ӛткізілген күні жарияланады.

 

Қорытынды  ауызша  емтиханның  ұзақтығы  бір  білім  алушыға  15  минуттан  аспауы 



керек.

 

31.  Диплом  жобасын  қорғау  немесе  қорытынды  емтихан  тапсыру  кезінде 



"қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаға тек оның алдыңғы қорытынды аттестаттауда 

қанағаттанарлықсыз баға алған нысаны бойынша қорытынды аттестаттаудың келесі кезеңіне 

қайта тапсыруға рұқсат етіледі. Қорытынды емтиханды қайта тапсыру "қанағаттанарлықсыз" 

деген баға алған пән бойынша ғана жүргізіледі.

 

Комиссия білім алушыға комиссия белгілеген бұрынғы жұмысын қайта қорғауға немесе 



жаңа тақырып әзірлеуге ұсынады.

 

32.  Диплом  жобасын  қайта  қорғаудан  немесе  қорытынды  емтихан  тапсыру  кезінде 



"қанағаттанарлықсыз"  деген  баға  алған  білім  алушыға  мамандығы  (кәсібі)  бойынша  оқу 

курсын толық аяқтағандығы туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.

 

33.  Тиісті  құжаттармен  дәлелденген,  себепті  жағдайлармен  дипломдық  жобаны 



(жұмысты)  қорғауға  және  қорытынды  емтиханды  тапсыруға  келмеген  білім  алушылар 

белгіленген мерзімде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары 

басшысының бұйрығы бойынша қорытынды аттестаттаудан ӛтуге жіберіледі.

 

34.  Комиссияның  отырысы  тӛрағаның,  комиссия  мүшелерінің  және  хатшының  қолы 



қойылған  тиісті  хаттамамен  ресімделеді.  Техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі 

білім  беру  ұйымдарында  білім  алушылардың  қорытынды  аттестаттау  емтиханын  және 

(немесе) дипломдық жобаларды қорғау туралы қорытынды аттестаттаудан ӛткізу жӛніндегі 

комиссия отырыстары хаттамаларының үзінділері "Республикалық техникалық және кәсіптік 

білімді  дамыту  ғылыми-әдістемелік  және  біліктілікті  беру  орталығы"  республикалық 

мемлекеттік кәсіпорнының филиалдарына жіберіледі.

 

35. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы 



N 595 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2007 жылдың 

13  желтоқсанында  N  5035  тіркелген  Білім  алушылардың  кәсіби  даярлығының  деңгейін 

бағалау  және  оларға  біліктілік  беру  білім  беру  саласындағы  уәкілетті  органмен  бекітілетін 

Техникалық және қызмет кӛрсету еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша кәсіптік даярлық 

деңгейін растау және біліктілікті беру Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

 

36. Емтиханды оқу жоспарының 75 пайыздан кем емес барлық пәндерінен "ӛте жақсы" 



деген  бағамен,  ал  қалған  пәндерді  -  "жақсы"  деген  бағамен  тапсырған,  және  дипломдық 

жобаны  (жұмысты)  "ӛте  жақсы"  деген  бағамен  қорғаған  білім  алушыға  үздік  диплом 

беріледі.

 

37.  Біліктілігін  кӛрсете  отырып  диплом  беру  туралы  техникалық  және  кәсіптік,  орта 



білімнен  кейінгі  білім  беру  ұйымдарындағы  білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттау 

жӛніндегі  комиссияның  шешімі  арнайы  пәндер  бойынша  қорытынды  емтихандар  және 

(немесе) дипломдық жобаларды қорғау нәтижелері, сондай-ақ кәсіби даярлығының деңгейін 

бағалаудың және біліктілікті берудің негізінде қабылданады.

 

Қорытынды  аттестаттау  жӛніндегі  комиссияның  шешімі  білім  беру  ұйымдарының 



мұрағатында сақталады.

 

38. Комиссияның тӛрағасы екі апталық мерзімде аттестаттау аяқталысымен аттестаттау 



қорытындысы туралы есеп дайындайды.

 


                            ИС BestProfi©

 

 



 

17 


 

39.  Қорытынды  аттестаттауды  ӛткізу  жӛніндегі  комиссия  тӛрағасының  есебінде:  білім 

алушылардың  аталған  кәсібі  (мамандығы)  бойынша  даярлық  деңгейі;  білім  алушылардың 

емтиханда  анықталған  біліміне  сипаттама;  пәндердің  жекелеген  сұрақтары  бойынша  білім 

алушылардың  дайындығында  кездесетін  кемшіліктер;  техникалық  және  кәсіптік,  орта 

білімнен  кейінгі  білім  беру  кәсіптері  (мамандықтары)  бойынша  білікті  кадрлардың 

даярлығын одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар кӛрсетіледі.

 

40.  Комиссия  тӛрағасы  немесе  оның  орынбасары  педагогикалық  кеңеске  комиссия 



жұмысының қорытындылары туралы баяндайды.

 

Қазақстан Республикасы

 

Білім және ғылым министрінің

 

2008 жылғы 18 наурыздағы

 

N 125 бұйрығымен

 

бекітілген

 

Жоғары  оқу  орындарындағы  білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылау, 

аралық және қорытынды аттестаттау ӛткізудің Типтік ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

 1.  Осы  Жоғары  оқу  орындарында  студенттердің  үлгерімін  ағымдық  бақылау,  аралық 



және  қорытынды  аттестаттау  ӛткізудің  Типтік  ережесі  (бұдан  әрі  –  Ереже)  «Білім  туралы» 

Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 

19

-тармақшасына сәйкес әзірленген және 



меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарында 

студенттердің үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды ӛткізу 

тәртібін анықтайды.

 

2.  Үлгерімді  ағымдағы  бақылау,  аралық  және  қорытынды  аттестаттау  білім 



алушылардың мемлекеттік кәсіптік оқу бағдарламаларын және жалпыға міндетті стандартын 

игеру дәрежесін анықтау мақсатында ӛткізіледі.

 

3. Осы Ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылады:



 

1)  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  балдың  рейтингтік  әріптік  жүйесі  -  халықаралық 

практикада  қабылданған  әріптік  жүйеге  сәйкес  келетін  және  білім  алушылардың  рейтінгін 

белгілеуге мүмкіндігін беретін балл түріндегі білім деңгейін бағалау жүйесі;

 

2)  білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттау  –  студентердің  білім  деңгейіне  сәйкес 



мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында  кӛзделген  пәннің  оқу 

бағдарламасының  сапасын  бағалау  және  оқытудың  теоретикалық  курсын  бітіргеннен 

практикадан ӛткеннен кейін ӛткізілетін рәсім.

 

3)  білім  алушыларды  аралық  аттестаттау  -  білім  алушылардың  бір  оқу  пәнін  оны 



зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бӛлігінің немесе бүкіл кӛлемінің мазмұнын меңгеру сапасын 

бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

 

4) білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау – академиялық кезең ішінде, кестеге 



сәйкес  оқытушылар  ӛткізетін  аудиториялық  және  аудиториялардан  тыс  сабақтарда 

студенттердің білімін кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;

 

5)  транскрипт  (Transcript)  –  білімді  бағалаудың  балдық-рейтингтік  әріптік  жүйесі 



бойынша  кредиттері  мен  бағалары  кӛрсетілген  тиісті  кезеңде  ӛтілген  пәндердің  тізбесі  бар 

белгіленген нысандағы құжат;

 

6) пререквизиттер (Рrereguisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер 



мен дағдыларды қамтитын пәндер тізбесі;

 

7)  Офис  регистратор  –  білім  алушылардың  барлық  оқу  жетістіктерін  тіркеумен 



шұғылданатын және білім сапасын бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды және оның 

академиялық рейтингісін есептеуді қамтамасыз ететін тұлға;

 

8)  межелік  бақылау  –    бір  оқу  пәнінің  ірі  бӛлімін  (модулін)  аяқтағанда  білім 



алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;

 


                            ИС BestProfi©

 

 



 

18 


 

9)  оқу  үлгерімінің  орташа  бал  –    Таңдаған  бағдарлама  бойынша  оқушының  бір  оқу 

жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің орташа бал (Grade Point Average - GРА) – аралық 

аттестацияның  пәндері  бойынша  балдық  бағаның  кредиттік  және  сандық  эвивалеттік 

қатынасы ретінде қабылданады;

 

10) емтихан сессиясы - ЖОО-да студенттерді аралық аттестаттау кезеңі.



 

2. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды және 

аралық аттестаттауды ӛткізу тәртібі

 

4.  Студенттердің  оқу  жетістіктерін  тексеру  жоғары  оқу  орны  (бұдан  әрі  –  ЖОО)  ӛзі 



дербес  анықтайтын  бақылау  мен  аттестаттаудың  әр  түрлі  нысандары  арқылы  жүзеге 

асырылады.

 

5. Студенттердің (білім алушылардың) оқудағы жетістіктері  әріптік балдық-рейтингтік 



жүйе  бойынша  жоғары  оқу  орындарында  білімді  бақылау  және  бағалау  бойынша 

мемлекеттік  жалпыға  білім  беру  стандарттарына  сәйкес  бағаланады,  оны  дәстүрлі  бағалау 

шкаласына аудару осы Ереженің 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

 

6. Студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша ӛткізіліп, 



аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылау 

бағасы  (жіберілу  рейтингінің  бағасы)  аудиториялық  сабақтардағы  ағымдық  бақылау  мен 

межелік бақылау (аудиториялардан тыс сабақтар) бағаларынан жинақталады.

 

7. Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері, әрбір орындаған 



тапсырмалары  (күнделікті  сабақтардағы  жауап,  үй  тапсырмаларын  тапсыру,  студенттің 

ӛзіндік жұмыс (бұдан әрі - СӚЖ), межелік бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланып, 

үлгерімнің ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық 

бағалардың орта арифметикалық бағамы ескеріле отырып есептеледі.

 

Осындай  әдіс  аралық  және  қорытынды  аттестаттау  кезеңінде  білім  алушылардың  оқу 



жетістіктерін бағалау кезінде қолданылады.

 

8.    Кешкі  бӛлімде  оқитын  студенттер  үлгеріміне  ағымдық  бақылау  осы  Ереженің  6-



тармақшасына ұқсас жүргізіледі.

 

9.  Сырттай  бӛлімде  оқитын  студенттер  үлгеріміне  ағымдық  бақылау  оқу-емтихан 



сессиялары  басталғанға  дейін  де,  сол  кезеңде  де  жүзеге  асырылады,  ол  академиялық 

күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.

 

Бұл  ретте  сырттай  бӛлімде  оқитын  студент  оқу-емтихан  сессиялары  басталғанға  дейін 



барлық  түрдегі  бақылау  және  есептеу-графикалық  жұмыстарды,  курстық  жұмыстарды 

(жобаларды),  сондай-ақ  үй  тапсырмаларының  жекелеген  түрлерін,  СӚЖ,  пәндерді  оқыту 

бағдарламасына сәйкес межелік бақылауды тапсырады.

 

10.  Күндізгі,  кешкі  және  сырттай  бӛлімдерде  оқитын  студенттер  біртұтас  кәсіптік  оқу 



бағдарламасы  бойынша  пәндерді  бірдей  кӛлемде  оқиды.  Пәндерді  оқытудың  тақырыптық 

жоспарларында  ӛзгешеліктер  болады,  ол  оқудың  түрлі  нысандары  үшін  оқытушылардың 

студенттермен  байланысты  жұмыстарының  түрлі  кӛлемінде  кӛрініс  табады.  Бұл  ретте 

сырттай оқитын студенттерге оқу материалдарының 80 пайызға дейінгі  кӛлемін ӛз бетінше 

игеруіне рұқсат етіледі.

 

11.  Межелік  бақылау  бір  академиялық  кезең  аралығында,  бір  оқу  пәні  шеңберінде 



кемінде  екі  рет  ӛткізіледі.    Кӛлемі  бір  кредитті  құрайтын  оқу  пәндері  ерекшелік  ретінде 

алынады, олар бойынша межелік бақылау санын ЖОО дербес айқындайды.

 

12.  ЖОО-да  студенттерді  аралық  аттестаттау  оқу  жұмыс  жоспарына,  академиялық 



күнтізбеге  және  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  жоғары  білім  беру  стандарттары  негізінде 

әзірленген кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

13.  Студенттерді  аралық  аттестаттау  емтихан  тапсыру  және  сараланған  сынақ  түрінде 



ӛткізіледі.

 

14.  Студенттердің  аралық  аттестаттауын  ұйымдастыру  мен  ӛткізу  офис  регистраторға 



жүктеледі.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет