Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата09.03.2017
өлшемі0,76 Mb.
#8526
1   2   3   4   5   6   7   8

                            ИС BestProfi©

 

 



 

25 


 

профессорлар,  доценттер  мен  оқытушылар  арасынан,  орта  мектептің  тәжірибелі 

мұғалімдерінен, 

ӛндірістегі 

жоғары  білікті 

мамандардан 

МАК 

тӛрағаларының 



кандидатураларын ұсынады.

 

105.  МАК  жұмысына  қатысушы  мамандар  бейіні  ғылыми  немесе  академиялық 



дәрежелерінің немесе базалы білімінің (диплом бойынша) сәйкестілігімен анықталады.

 

Ұсынысқа  ғылыми  немесе  академиялық  дәрежелер  туралы  немесе  базалық  білімі 



туралы тиісті құжаттардың кӛшірмелері қоса берілуі тиіс.

 

106.  МАК  тӛрағасы  ағымдағы  оқу  жылының  20-желтоқсанына  дейін  уәкілетті  орган 



бұйрығымен бір күнтізбелік жылға бекітіледі.

 

107.  МАК  құрамына  оның  мүшелері  құқығымен:  факультет  деканы  (институт 



директоры) немесе бітіртуші кафедраның меңгерушісі кіреді.

 

МАК-тың  басқа  мүшелері  бітіруші  мамандардың  тиісті  бейініне  сәйкес  келетін 



профессорлардан, доценттерден, жоғары білікті мамандардан құрылады.

 

108.  МЕК  сандық  құрамын  мамандық  бойынша  бітіріп  шығатын  студенттердің 



контингентіне  сәйкес  жоғары  оқу  орны  ӛз  бетінше  белгілейді  және  ЖОО  басшысының 

бұйрығымен жыл сайын 31-желтоқсанан кешіктірмей бекітіп және күнтізбелік жыл бойына 

әрекет етеді.

 

109. МАК-тың құзырына тӛмендегілер кіреді:



 

1)  жоғары  білім  мамандықтары  үшін  МЖМБС  белгілеген  талаптарға  сай  бітіруші 

мамандардың теориялық және практикалық даярлығы сәйкестігінің деңгейін тексеру;

 

2) тиісті мамандықтары бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін тағайындау;



 

3) бітірушіге мамандығы бойынша тиісті біліктілік беру;

 

4) жоғары білім туралы диплом беруге шешім қабылдау;



 

5) мамандар даярлау сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.

 

110.  МАК  жұмысының  кестесін  офис  регистратор  құрады,  жұмыс  кестесін  ЖОО 



басшысы  бекітеді  және  мемлекеттік  аттестациялау  комиссиясының  жұмысы  басталуына 

дейін екі аптадан кешіктірмей барлығының назарына жеткізіледі.

 

111.  МАК  отырысының  ұзақтығы  күніне  6  академиялық  сағаттан  аспауы  тиіс.  Осыған 



байланысты, күніне мемлекеттік емтиханды тапсыруға 12-15 адам, ал дипломдық жұмысты 

қорғауға 7-10 адам жіберіледі.

 

111-1.  Мамандықтар  бойынша  тестілеу  нысанында  мемлекеттік  емтиханды  тапсыру 



кезінде академиялық лекке (немесе топқа) ӛткізіледі.

 

112.  Диплом  жұмысы  (жобасы)  қорғалуына  дейін  бес  күннен  кешіктірілмей  МАК-қа 



мынадай құжаттар ұсынылады:

 

1)  диплом  жұмысы  (жобасы)  ғылыми  жетекшісінің  «қорғауға  жіберіледі»  немесе 



«қорғауға жіберілмейді» деген дәлелденген қорытындысы бар пікірі;

 

2) диплом жұмысын (жобасын) қорғауға берілген жан-жақты мінездемесі («ӛте жақсы», 



«жақсы»,  «қанағаттанарлық»  немесе  «қанағаттанарлықсыз»)  және  бағалар  кӛрсетілген 

дәлелденген  қорытындысы  және  тиісті  мамандығы  бойынша  бакалавр  академиялық 

дәрежесін және/немесе біліктілігін беру туралы рецензия.

 

113.  Дипломдық  жұмыстарды  (жобаларды)  плагиаттық  мәніне  қатысты  тексеру  тиісті 



деканаттармен жүргізіледі.

 

114.  МАК-қа  сондай-ақ  орындалған  дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  ғылыми  және 



практикалық  құндылықтарын  сипаттайтын  басқа  да  материалдар,  ресми  емес  пікірлер, 

диплом  жұмысының  (жобаның)  бейіні  бойынша  практикалық  қызметті  жүзеге  асыратын 

ұйымның жазбаша қорытындысы, ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу анықтамалары немесе 

актілері, макеттер, минералдар жинағы, гербарий және тағы сол сияқты басқа да материалдар 

ұсынылуы мүмкін.

 


                            ИС BestProfi©

 

 



 

26 


 

115.  Ғылыми  жетекшісінің  оң  пікірі  және  қорғауға  ұсынылатын  жұмыс  бейініне  сай 

келетін  маман  тарапынан  бір  рецензиясы  болғанда  студент  диплом  жұмысын  (жобасын) 

қорғауға  шыға  алады.  Рецензияда  бағалары  балдық-рейтингтік  әріптік  жүйесі  бойынша 

бағаланады.

 

Егер ғылыми жетекші «қорғауға жіберілмейді» жағымсыз қорытынды берген жағдайда, 



білім алушы дипломдық жұмысты (жобаны) қорғай алмайды.

 

Білім алушы, рецензенттің оңды қорытындысындағы сияқты, жағымсыз қорытындысы 



жағдайында да дипломдық жұмысты (жобаны) қорғай алады.

 

116. Дипломдық жұмысты (жобаны) рецензиялау біліктілігі қорғалатын жұмыс бейініне 



сәйкес келетін басқа ұйымдардың мамандары тарапынан жүзеге асырылады.

 

117.  Дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  ғылыми  жетекшісі  ЖОО  басшысының 



бұйрығымен тақырыптың атауы кӛрсетіле отырып, әр студентке дербес бекітіледі.

 

Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) рецензенттері ЖОО басшысының бұйрығымен 



жұмыс  орны,  лауазымы  және  білімі  мамандығы  бойынша  ғылыми  немесе  академиялық 

дәрежесі,  жоғары  білім  туралы  дипломы  бойынша  базалық  білімі  кӛрсетілген  бітіруші 

кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша жалпы тізіммен бекітіледі.

 

118. Мемлекеттік емтихандар (бейінді пәндер немесе мамандықтар бойынша) мынадай: 



ауызша,  жазбаша,  олардың  кәсіптік  оқу  бағдарламаларының  кӛлемі  бойынша  тестілеу 

(кешенді тестілеу) нысандарында ӛткізіледі.

 

119.  Мамандық  бойынша  мемлекеттік  емтихан  аталған  кешенді  емтиханға  енгізілген 



пәндердің  оқу  бағдарламалары  негізінде  ЖОО-ның  әзірлеген  бағдарламалары  бойынша 

ӛткізіледі.

 

Мамандық  бойынша  мемлекеттік  емтихан  бағдарламасы  ЖОО  (факультеттің)  Ғылыми 



кеңесінің шешімімен бекітіледі.

 

120. Бейіндік пәндер бойынша мемлекеттік емтихандар үлгілік оқу бағдарламалары мен 



жоғары  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартына  сәйкес  әзірленген  оқу 

жұмыс бағдарламалары бойынша ӛткізіледі.

 

121. ЖОО ӛздігінен мемлекеттік емтиханның бағдарламасын, тест тапсырмаларын және 



олардың  (ашық,  жабық,  біріктірілген  тест)  түрлерін,  тестілеуді  ӛткізу  технологиясын 

әзірлейді және бекітеді.

 

122.  Диплом  жұмысын  қорғау  М



АК

-тың  ашық  отырысында  оның  мүшелерінің 

жартысынан кӛбі қатысқан жағдайда қорғалады.

 

123. Бір дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау ұзақтығы ереже бойынша бір студентке 



50 минуттан аспауы керек. Білім алушыға М

АК

 алдында дипломдық жұмысты қорғау үшін 



15 минут уақыт беріледі.

 

124.  Мемлекеттік  емтихан  мен  диплом  жұмысын  (жобасын)  қорғаудың  нәтижелері 



бойынша  студенттердің  білімін  бағалаудың  балдық-рейтингтік  жүйесі  бойынша  баға 

қойылады.  Бұл  жағдайда  білім  алушының  теориялық,  ғылыми  және  практикалық 

дайындықтары, сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензенттің пікірлері назарға алынады.

 

125.  Мемлекеттік  емтихан  тапсыру  және  диплом  жұмысын  (жобасын)  қорғаудың 



нәтижелері  олар  ӛткізілген  күні  М

АК

  отырысының  хаттамасына  қол  қойылған  соң 



жарияланады.

 

126. МАК-тың барлық отырыстары хаттамамен ресімделеді.



 

127.  МАК  отырысының  хаттамалары  осы  Ереженің  4  -6-қосымшаларға  сәйкес  МАК 

жұмысы  басталғанға  дейін  А4  форматында  жеке  кітапшада  нӛмірленіп,  бумаланады  және 

оқу бӛлімінің (оқу-әдістемелік басқарманың) мӛрімен бекітіледі.

 

128. МАК отырысының хаттамалары әр білім алушыға жеке толтырылады. Мемлекеттік 



емтихан тест түрінде ӛткізілген жағдайда хаттама толтыруға емтихан ведомосы негіз болады.

 


                            ИС BestProfi©

 

 



 

27 


 

129.  Хаттаманы  бітіртуші  кафедра  оқытушылары  арасынан  комиссия  құрамына 

бекітілген МАК хатшысы толтырады

 

130.  Хаттамаға  мемлекеттік  емтихандарда  және  диплом  жұмысын  (жобасын)  қорғауда 



анықталған  білімдердің  бағалары  енгізіледі,  сондай-ақ  берілген  сұрақтар  мен  МАК 

мүшелерінің  пікірлері  жазылады.  Егер  МАК-тың  бір  мүшесінің  пікірі  комиссияның  қалған 

мүшелерінің пікірлерімен сәйкес келмеген жағдайда, ол ӛз пікірін хаттамаға жазуға және ӛзі 

қол қоюға құқығы бар.

 

Хаттамада  «бакалавр»  академиялық  дәрежесін  және  немесе  біліктілік  беру  сондай-ақ 



студентке қандай диплом (үздік немесе үздік емес) берілетіні кӛрсетіледі.

 

131.  Диплом  жұмысын  (жобасын)  қорғау  мемлекеттік  емтихан  бағалары  туралы, 



сондай-ақ,  академиялық  дәреже  тағайындау  және  біліктілік  беру  немесе  және  мемлекеттік 

үлгідегі  (үздік  емес,  үздік)  диплом  беру  туралы  шешім  МАК  мүшелерінің  отырысына 

қатысушылардың  кӛпшілік  дауысымен  жабық  отырыста  ашық  дауыс  беру  арқылы 

қабылданады.  Дауыстар  саны  тең  болған  жағдайда  МАК  тӛрағасының  дауысы  шешуші 

болып табылады.

 

132. Хаттамаға МАК-тың тӛрағасы мен отырысқа қатысушы мүшелері қол қояды.



 

133.  Қазақстан  Республикасы  «Мұрағат  және  мұрағат  ұлттық  қоры  туралы»  заңына 

сәйкес МАК-тың хаттамалары ЖОО-ның мұрағатында сақталады.

 

134.  Қорытынды  аттестаттауға  бекітілген  кестеге  сәйкес  дәлелді  себеппен  келмеген 



студент  МАК  тӛрағасының  атына  ӛтініш  жазады,  дәлелді  себепті  растайтын  құжатты 

ұсынады және оның рұқсатымен емтихан тапсыруына немесе дипломдық жұмысты (жобаны) 

осы МАК-тың басқа отырысы болған күні қорғауына болады.

 

135.  Студент  қорытынды  аттестаттаудың  нәтижелерімен  келіспесе,  аттестаттау 



ӛткізілгеннен кейінгі жұмыс күннен кешіктірмей апелляция беруіне болады.

 

136.  Апелляция  ӛткізу  үшін  ЖОО  басшысының  бұйрығымен  біліктілігі  аталған 



мамандықтың  бейініне  сәйкес  келетін  тәжірибелі  оқытушылардан  апелляциялық  комиссия 

құрылады.

 

        137. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МЕК-сы мәжілісінің хаттамасы 



қайтадан ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға ___________ 

№ _________ хаттамамен қайта қаралды _______ бет» деген жазумен өзгертіледі және оған 

МЕК-сы мүшелерінің бәрі қол қояды.

 

138. Денсаулық жағдайы туралы МАК-ға ұсынылған құжаттар қанағаттанарлықсыз баға 



алғаннан кейін қарастырылмайды.

 

139.  Бағаны  жоғарылату  мақсатында  мемлекеттік  емтиханды  қайта  тапсыруға  және 



дипломдық жұмысты (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді.

 

140.  «Қанағаттанарлықсыз»  деген  баға  алған  тұлғаларға  мемлекеттік  емтихандарды 



қайта  тапсыруға  және/немесе  диплом  жұмысын  (жобасын)  қайта  қорғауға,  қорытынды 

аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді.

 

141.  Диплом  жұмысын  (жобасын)  қорғау  «қанағаттанарлықсыз»  деп  есептелген 



жағдайда,  МАК  сол  жұмысты  комиссия  анықтаған  пысықтаулармен  қайтадан  қорғауға 

ұсынуға немесе жаңа тақырыпты әзірлеуге мүмкіндік береді.  МАК-ның бұл шешімі мәжіліс 

хаттамасына жазылады.

 

142. Қорытынды аттестаттаудан ӛтпеген тұлғалар бір жыл ӛткеннен кейін, қорытынды 



аттестаттау  басталғанға  дейін  екі  аптадан  кешікпей,  ЖОО  басшысының  атына  қайта 

қорытынды аттестаттауға жіберуге рұқсат беру туралы ӛтініш жазады.

 

143.  Қорытынды  аттестаттауға  қайта  жіберу  білім  беру  ұйымы  басшысының 



бұйрығымен ресімделеді.

 

144. 



Қайта 

қорытынды 

аттестаттау 

алдыңғы 


қорытынды 

аттестаттаудан 

қанағаттанарлықсыз баға алған нысандар бойынша ғана ӛткізіледі.

 


                            ИС BestProfi©

 

 



 

28 


 

145. Осы емтихандарды тапсырмаған тұлғалар үшін мемлекеттік емтихандар қатарына 

енетін пәндер тізбесі білім алушы теориялық курсты аяқтаған жылы қолданыста болған оқу 

жоспарымен белгіленеді.

 

146.  Қорытынды  аттестаттау  кезінде  қанағаттанарлықсыз  баға  алған  студенттер  білімі 



аяқталмағандығы  туралы  анықтама  беріле  отырып,  ЖОО  басшысының  бұйрығымен  ЖОО-

дан шығарылады.

 

147.  Қорытынды  аттестаттаудан  ӛткен  және  ЖОО-ның  кәсіптік  оқу  бағдарламасын 



меңгергендігін  дәлелдеген  студентке  МАК  шешімімен  «бакалавр»  академиялық  дәрежесі 

және/немесе  сәйкес  келетін  мамандығы  бойынша  біліктілік  тағайындалып,  мемлекеттік 

үлгідегі  диплом  дипломдық  жұмысты  (жобасын)  қорғау  күнінен  бастап  бір  ай  мерзімде 

қосымшасымен ақысыз беріледі.

 

147-1.  Мемлекеттік  үлгідегі  дипломды  қосымшасымен  бірге  беру  білім  беру  ұйымы 



басшысының бітіру туралы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.

 

Бітіру туралы бұйрықты студенттерді қорытынды аттестаттау аяқталған күннен бастап 



он күн мерзімнен кешіктірмей МАК тӛрағасының ұсынысы негізінде білім беру ұйымының 

басшысы бекітеді.

 

147-2. Білім беру ұйымының басшысы офис-регистратормен келісу бойынша факультет 



деканының ұсынысы негізінде қорытынды аттестаттаудан ӛтпеген білім алушыларды оқудан 

шығару туралы бұйрықты бекітеді.

 

148.  Дипломға  қосымша  студенттің  оқу  жоспарын  орындағаны  туралы  анықтама 



негізінде,  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  жоғары  білім  стандарттарымен  қарастырылған 

кӛлемде  оның  барлық  пәндер  бойынша  алған  бағаларына  сәйкес  тапсырылған  курстық 

жұмыстар (жобалар), практика мен қорытынды аттестаттау нәтижелерінің түрлері негізінде 

толтырылады.

 

Диплом  қосымшасына  әр  оқу  пәні  бойынша  кӛлемі  кредит  және  академиялық  сағат 



түрінде кӛрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білім бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар 

жазылады.

 

149. Емтихандар мен сараланған сынақтарды А, А  -  «ӛте жақсы», В-, В, В+ -  «жақсы» 



деген  бағаға  тапсырған  және  оқытудың  барлық  кезеңінде  үлгерімінің  орта  балы  3,5-ке  тең 

мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) «ӛте жақсы» деген бағаға тапсырған 

білім алушыға үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.

 

150.  Оқу  кезеңінде  емтихандарды  қайта  немесе  қайталап  тапсыру  жағдайы  болған 



студент  осы  Ереженің  149-тармағында  кӛрсетілген  талаптарды  орындағанына  қарамастан 

үздік диплом алу құқығынан айырылады.

 

151. МАК-тың жұмысы аяқталғаннан кейін оның тӛрағасы есеп жасайды және екі апта 



мерзім  ішінде  ЖОО-ның  басшысына  тапсырады.  МАК  тӛрағасының  есебі  ЖОО  ғылыми 

кеңесінің немесе (факультет кеңесінің) отырысында талқыланады және бекітіледі.

 

152.  Студенттерді  қорытынды  аттестаттау  аяқталғаннан  кейін  ЖОО  бір  ай  мерзім 



ішінде  білім  беру  саласындағы  уәкілетті  органға  осы  Ереженің  7-қосымшада  келтірілген 

мемлекеттік емтихан мен дипломдық жұмыс қорғау нәтижелерін ұсынады.

 

153. МАК тӛрағасының есебіне кесте мен түсіндірме жазба кіреді.



 

Кестеде осы Ереженің 7-қосымшада келтірілген кӛрсеткіштер белгіленеді.

 

МАК тӛрағасы есебінің түсіндірме жазбасында тӛмендегілер кӛрсетіледі:



 

1) ЖОО-да осы мамандық бойынша мамандар даярлаудың деңгейі;

 

2) диплом жұмысының (жобаның) орындалу сапасы;



 

3)  диплом  жұмысын  (жобасы)  тақырыптарының  қазіргі  заманғы  ғылымның, 

техниканың, мәдениеттің жай-күйіне және ӛндірістің талабына сәйкестігі;

 

4)  білім  алушыларды  мемлекеттік  емтихандарда  анықталған  білімдерінің  сипаты, 



жекелеген пәндер бойынша мамандар даярлаудың кемшіліктері;

 


                            ИС BestProfi©

 

 



 

29 


 

5) мамандар бойынша даярлау сапасына кадрлар талдау;

 

6) ЖОО-да мамандар даярлауды одан әрі жетілдіру жӛнінде нақты ұсынымдар.



 

154.  МАК  тӛрағасының  есебіне  жоғары  білім  бағдарламасын  оқып  бітірген,  білім 

ұйымының  басшысы  қол  қойып,  берілген  дипломның  нӛмірі,  тегі,  аты,  әкесінің  аты 

кӛрсетілген ЖОО-ны бітірушілердің тізімі жалғанады.

 

4.  Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  алушыларды  үлгерімін  ағымдық  бақылауды, 

аралық аттестаттауды және қорытынды аттестаттауды жүргізу тәртібі

 

155.  Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  алушылардың  магистратура  мен  докторантура 



оқудағы  жетістіктерін  тексеру  ЖОО  немесе  ғылыми  ұйымдардың  ӛздері  белгілейтін 

бақылаудың түрлері мен аттестаттаулар арқылы жүргізіледі.

 

156. Магистратура мен докторантурада білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау 



ЖОО студенттері сияқты тәртіппен жүргізіледі.

 

157.  Магистратура  мен  докторантурада  білім  алушыларды  ағымдық  аттестаттау  оқу 



жұмыс  жоспарына,  академиялық  күнтізбе  мен  кәсіптік  оқу  бағдарламаларына  сай  емтихан 

тапсыру және сараланған сынақтар түрлері бойынша жүргізіледі.

 

158.  Аралық  аттестаттаудың  мерзімділігі  мен  ұзақтығы  ЖОО  бекіткен  академиялық 



күнтізбе мен мамандықтың оқу жұмыс жоспарына сәйкес белгіленеді.

 

159. Емтихандар бекітілген кестеге қатысты аралық аттестаттау кезінде тапсырылады.



 

160.  Емтихандардың  кестесін  құру  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  бӛлімдері 

деканатпен бірге офис регистраторына жүктеледі.

 

161.  Емтихан  кестесін  ғылыми  ұйым  директорының  оқу  ісі  жӛніндегі  проректоры 



немесе  орынбасары  бекітеді  және  емтихан  басталғанға  дейінгі  екі  аптадан  кешіктірілмей 

білім алушылар мен оқытушылардың назарына жеткізіледі.

 

162.  Емтиханға  жіберу  нақты  пән  бойынша  жіберілу  рейтинг  бағасы  анықталатын 



үлгерімнің ағымдық бақылау бағасының негізінде жүзеге асады.

 

163.  Жіберілу  рейтингінен  оң баға  ала  алмаған  білім  алушылар  қорытынды  бақылауға 



(емтиханға) жіберілмейді.

 

Курстық  жұмыс  (жоба)  тапсырмаған  білім  алушылар  сол  пән  бойынша  емтиханға 



жіберілмейді.

 

164.  Факультет  деканы  (жоғары  оқу  орнынан  кейін  білім  алу  бӛлімінің  бастығы)  кей 



жағдайда (сырқатына, отбасы жағдайына немесе басқа да обьективті себептерге байланысты) 

білім алушыға жеке кестесі бойынша емтихан тапсыруға рұқсат ете алады.

 

Факультет  деканына  (ЖОО-дан  кейінгі  білім  бӛлімінің  бастығы)  аурулығы,  сәбидің 



дүниеге  келуі,  жақын  туыстарының  қайтыс  болуы,  қызметтік  немесе  оқу  іссапарында 

болуына  байланысты  жағдайларды  растайтын  анықтамалар  тапсырылған  жағдайда  жеке 

кесте бойынша емтихан тапсыруға рұқсат беріледі.

 

165. Осы мақсатта емтихандық сессия (аралық аттестаттау) кезеңіне ғылыми ұйымның 



немесе  жоғары  оқу  орны  басшысының  бұйрығымен  аппеляцияланатын  пән  бейініне  сай 

біліктілігі бар оқытушылардан тұратын аппеляциялық комиссия құрылады.

 

166. Емтихандар ауызша, жазбаша, тест немесе аралас түрде ӛткізіледі.



 

Емтихан тест түрінде тапсырылғанда пәндердің жақындылығына байланысты екі және 

одан да кӛп пәндерден кешенді емтихан белгіленуі мүмкін.

 

167.  ЖОО  (факультет)  емтиханды  ӛткізу  тәртібі  мен  түрін  әр  оқу  пәні  бойынша 



академиялық кезеңнің басталуынан бір ай бұрын белгілейді.

 

168.  Оқу  пәні  бойынша  аралық  аттестаттау  ӛткізу  кезінде  академиялық  кезеңдегі 



емтиханнан алған бағасы мен ағымдық бақылаудан (жіберілу рейтинг бағасы) алған орташа 

баллы ескеріледі.

 


                            ИС BestProfi©

 

 



 

30 


 

169.  Әр  пән  бойынша  емтихан  аяқталғаннан  кейін  білім  алушыларға  қорытынды  баға 

ЖОО студенттеріне қойылатын тәртіп бойынша қойылады.

 

170.  Емтихандық  ведомость  барлық  оқу  кезеңі  бойынша  білім  алушылар  жинаған 



кредиттер санын есептеумен айналысатын офис регистраторға тапсырылады.

 

Әрі  қарай  офис  регистратор  емтихандық  ведомосты  сәйкес  келетін  факультет 



деканатына (институт директораты) тапсырады. Деканатта әр пәннің емтихандық ведомосы 

негізге ала отырып, аралық аттестаттау бойынша қорытынды ведомосы толтырылады.

 

171. Білім алушылар барлық емтихандар жұмыс жоспарына, жеке оқу жоспарына және 



оқу бағдарламаларына сәйкес тапсырулары қажет.

 

172.  Білім  алушылар  қосымша  оқу  түрлерінің  пәндері  бойынша  да  емтихан  тапсыра 



алады, нәтижелері емтихан ведомосына және білім алушының жеке ведомосына жазылады.

 

173.  «Қанағаттанарлықсыз»  бағаны  оң  бағаға  қайта  тапсыру  үшін  білім  алушы  пән 



бойынша  оқу  жұмыс  жоспарында  кӛрсетілген  барлық  оқу  сабақ  түрлеріне  қайта  қатысып, 

емтиханға жіберілу рұқсатын алып, қорытынды бақылау тапсыруы тиіс.

 

174.  Қорытынды  бақылаудан  алынған  қанағаттанарлық  бағаны  жоғарылату  үшін  осы 



аралық аттестаттау кезеңінде емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

 

Қорытынды бақылаудың оң бағаны қайта тапсыру тәртібі осы Ереженің 173-тармағына 



сәйкес анықталады.

 

175.  Қорытынды  бақылаудың  нәтижесімен  келіспеген  білім  алушы  емтиханнан  кейін 



(келесі күні) аппеляцияға беруге құқығы бар.

 

176.  Пән  бағдарламасын  толық  орындаған  білім  алушы  емтиханға  келмеген  жағдайда 



емтихандық ведомосттағы фамилиясының тұсына «келген жоқ» белгісі қойылады.

 

Дәлелді  себептерге  байланысты  келмеген  жағдайда  факультет  деканының  ӛкімімен 



емтихан  тапсырудың  жеке  кестесі  белгіленеді.  Дәлелді  себептері  болмаған  жағдайда 

«қанағаттанарлықсыз»  бағасы  қойылып,  осы  Ереженің  173-тармағына  сәйкес  емтиханды 

қайта тапсырады.

 

177. Транскриптке студенттің барлық қорытынды бағаларымен қоса қайта тапсырылған 



емтихан нәтижелері де жазылады.

 

178.  Оқу  жылы  аяқталғаннан  кейін  емтихандық  сессиялардың  қорытындысының 



негізінде  жоғары  оқу  орны  басшысының  бұйрығымен  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім 

алушыларды  курстан  курсқа  кӛшіру  жүзеге  асырылады.  Осы  мақсатқа  сәйкес  кӛшіру  балы 

белгіленеді.

 

178-1.  Курстың  бағдарламасын  толық  кӛлемде  орындаған,  бірақ  ең  тӛменгі  кӛшіру 



балын ала алмаған білім алушыларға ӛз үлгерімінің орташа балын кӛтеру мақсатында жазғы 

семестрде  ақылы  негізде  жекелеген  пәндерді  қайта  оқуға  және  сол  пәндер  бойынша  қайта 

емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі.

 

179. Емтихан қорытындылары және емтихан сессиясы (аралық аттестация) аяқталғаннан 



кейін  оқу  процесін  жақсарту  жӛніндегі  ұсыныстары  кафедра,  деканат  (директорат)  және 

жоғары оқу орны отырыстарының талқылауына шығарылады.

 

180.  Жоғары  оқу  орнынан  немесе  ғылыми  ұйымнан  шығарылған  тұлғаға  білімі 



аяқталмағандығы туралы Анықтама беріледі.

 

181.  Қазақстан  Республикасы  Қорғаныс  министрлігінің,  Қазақстан  Республикасы  Ішкі 



істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқарушы 

жүйесі  комитетінің,  Қазақстан  Республикасы  Экономикалық  және  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  күрес  жӛніндегі  агенттіктің,  Қазақстан  Республикасы  Тӛтенше  жағдайлар  жӛніндегі 

министрліктің  ведомстволық  бағынысты  жоғары  оқу  орындарының  білім  алушылары  үшін 

осы  Ереженің  173,  174,  178-тармақтарының  нормалары  тиісті  мемлекеттік  органдармен 

келісіледі.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет