Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата09.03.2017
өлшемі0,76 Mb.
#8526
1   2   3   4   5   6   7   8

                            ИС BestProfi©

 

 



 

19 


 

15.  Аралық  аттестаттау  нәтижесі  бойынша  офис  регистратор  студенттердің 

академиялық рейтингілерін құрастырады.

 

16.  Емтихандар  кестеге  сәйкес  тапсырылады  және  пәннің  барлық  кәсіптік  оқу 



бағдарламасы бойынша студенттердің оқу жетістіктерін тексеру түрі болып табылады және 

академиялық кезеңдегі оқу жетістіктерін бағалауды кӛздейді.

 

17.  Сараланған  сынақтар  студенттердің  зертханалық  және  есептеу-графикалық 



тапсырмаларды,  курстық  жұмыстарды  (жобаларды)  ойдағыдай  орындағандығын,  сондай-ақ 

олардың бекітілген кәсіби оқу бағдарламасына сәйкес кәсіби практикадан ӛткендігін тексеру 

нысаны болып табылады.

 

Сараланған  сынақтар  балдық-рейтингтік  бағалау  жүйесіне  сәйкес  қойылады  және  сол 



жұмыстарға тиісінше кредиттер саны берілген жағдайда кӛшіру балына есептеуде ескеріледі.

 

18. Емтихан сессиялары қысқы және жазғы болып бӛлінеді.



 

ЖОО-да  қабылданған  академиялық  кезеңге  (триместр,  тоқсан)  байланысты  аралық 

емтихан сессиялар да болуы мүмкін.

 

Оқу  жылының  аяғына  қарай  емтихан  сессиясының  қорытындысы  негізінде  ЖОО 



басшысының бұйрығымен студенттердің келесі курсқа кӛшірілуі жүзеге асады.

 

19. Емтихан сессияларының кезеңділігі мен ұзақтылығы оқудың күндізгі нысаны үшін 



мамандықтың  оқу  жұмыс  жоспары  және  ЖОО-ның  ғылыми  кеңесінде  бекітілген 

академиялық күнтізбе бойынша анықталады.

 

Оқудың сырттай нысаны бойынша емтихан сессиясы және олардың кезеңдері мен саны 



ЖОО-ның кеңесінде бекітіледі.

 

20.  Офис  регистратор  оқудың  барлық  нысандары  үшін  емтихандар  кестесін  тиісті 



факультеттің  деканатымен  бірлесе  отырып  жасайды,  оқу  ісі  жӛніндегі  проректор  бекітеді 

және ол студенттер мен оқытушыларға емтихан басталмастан екі апта бұрын жеткізілуі тиіс.

 

21.  Емтиханды  ӛткізу  үшін  біліктіліктері  сол  пәннің  бейініне  сәйкес  келетін  және, 



әдеттегідей  сол  академиялық  топта  (толқында)  оқыту  сабақтарын  ӛткізбеген  алдыңғы 

қатарлы профессорлар мен доценттер арасынан емтихан қабылдаушылар тағайындалады.

 

22. Офис регистраторының жазбаша рұқсатынсыз емтихан ӛткізу рәсіміне қатыспайтын 



тұлғалар жіберілмейді.

 

23. Факультет деканының (институт директорының) емтихан сессиясына жіберу туралы 



ӛкімінде студенттің аты-жӛні, курсы, мамандығы және академиялық тобы кӛрсетіледі.

 

24. Емтихандық сессияға жіберуі екі кезеңнен тұрады.



 

1)  бірінші  кезеңде  факультет  деканының  (институт  директоры)  жалпы  шешімімен  оқу 

ақысын  толық  тӛлеген,  пререквизиттер  бойынша  академиялық  қарызы  жоқ,  академиялық 

демалыста  немесе  ұзақ  мерзімді  емделуде  жоқ  студенттердің  сессияға  жіберілуі  жүзеге 

асырылады;

 

2)  екінші  кезеңде  тиісті  пән  бойынша  үлгерімнің  ағымдағы  және  межелік  бақылау 



қорытындысымен  анықталатын  рейтинг  бағасы  негізінде  емтиханға  автоматты  түрде 

жіберілу  жүзеге  асырылады.  Аталған  рұқсат  беру  әрбір  студенттің  тегінің  қарама-қарсы 

тұсына қойылған тиісті белгісімен емтихан ведомосы бойынша жүзеге асырылады.

 

25.  Аталған  пән  бойынша  рұқсатнама  рейтингісінде  оң  бағасы  жоқ  студенттер 



қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.

 

Курстық  жұмыстарын  (жобаларын)  тапсырмаған  студенттер  тиісті  пән  бойынша 



емтиханға жіберілмейді.

 

26. Факультет деканы (институт директоры) кейбір жағдайларда (денсаулығына, отбасы 



жағдайына,  қызметтік  себептерге  байланысты)  студентке  емтиханды  жеке  кесте  бойынша 

тапсыруға рұқсат бере алады.  Факультет деканына (институт ректорына) аурулығы, сәбидің 

дүниеге  келуі,  жақын  туыстарының  қайтыс  болуы,  қызметтік  немесе  оқу  іссапарында 


                            ИС BestProfi©

 

 



 

20 


 

болуына  байланысты  жағдайларды  растайтын  анықтамалар  тапсырылған  жағдайда 

емтиханды жеке кесте бойынша тапсыруға рұқсат беріледі.

 

27.  Сырттай  бӛлім  студенттерінің  пән  бойынша  емтиханға  жіберілуі  күндізгі  бӛлім 



студенттерінің емтиханға жіберілу тәртібі секілді жүзеге асырылады.

 

28. Емтихандар ауызша, жазбаша, тест немесе аралас түрде ӛткізіледі. Ауызша түрде бір 



күнде  екі  немесе  одан  кӛп  емтихан  тапсыруға  рұқсат  етілмейді.  Тест  нысаны  кезінде  екі 

немесе одан да кӛп пәндердің бейіндік және жақындық принципін сақтай отырып, емтихан 

кешенді түрде ӛтуі де мүмкін.

 

29.  Әрбір  оқу  пәні  бойынша  емтиханды  ӛткізудің  нысандары  мен  тәртібі  ЖОО-ның 



(факультет)  Ғылыми  кеңесімен  академиялық  кезең  басталғаннан  бастап  бір  ай  мерзімнен 

кешіктірілмей белгіленеді.

 

30. Емтиханға келген студенттің (білім алушылардың) қолында сынақ кітапшасы болуы 



тиіс.

 

31.  Емтихан  кезінде  студенттер  пәннің  оқу  бағдарламасын  және  емтихан 



қабылдаушының рұқсатымен анықтамалық әдебиетті пайдалана алады.

 

32.  Қорытынды  бақылау  ӛткізу  үшін  офис  регистратор  тарапынан  емтихан 



қабылдаушыға студенттердің академиялық кезеңде жинаған балдары мен жіберілу рейтингі 

кӛрсетілген бағалары қойылған емтихан ведомосын береді.

 

33.  Оқу  пәні  бойынша  аралық  аттестаттау  ӛткізу  кезінде  емтиханда  алған  бағасы  мен 



академиялық  кезең  ішіндегі  үлгерімнің  ағымдық  бақылаудағы  бағалануының  орташа  балы 

есептеледі.

 

34. Емтиханда студенттің үлгерімі білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі 



бойынша бағаланады.

 

Оңды баға (А-, А «ӛте жақсы», В-, В, В+ «жақсы», Д-, Д+, С-, С, С+ «қанағаттанарлық») 



оқу пәні бойынша емтихан ведомосы мен студенттің сынақ кітапшасына алынған кредиттер 

саны  кӛрсетіліп  жазылады.  «Қанағаттанарлықсыз»  F  бағасы  тек  емтихан  ведомостына  ғана 

жазылады.

 

35. Әр пән бойынша емтихан аяқталған соң студентке оның оқу жетістіктерінің бағасы 



болып табылатын қорытынды баға қойылады.

 

36. Пәннің қорытынды бағасының құрамына жіберу рейтингінің бағасы мен қорытынды 



бақылау бағалары кіреді.

 

Ағымдық  үлгерім  бақылауының  бағасы  (жіберілу  рейтингі)  пән  бойынша  қорытынды 



бағаның  кемінде  60  %-ын  құрайды  және  емтихан  бағасы  пән  бойынша  қорытынды 

бағасының кемінде 30 %-ын құрайды.

 

37.  Оң  қорытынды  баға  тиісті  пән  бойынша  белгіленген  кредит  санымен  игерілген 



кредиттерді толықтыруға негіз болып, студенттің транскрипіне жазылады.

 

38.  Студент  қорытынды  бақылаудан  (емтиханнан)  «қанағаттанарлық-сыз»  деген  баға 



алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді.

 

39. Қорытынды бақылауда қанағаттанарлық бағаны кӛтеру мақсатында қайта тапсыруға 



рұқсат етілмейді.

 

Қорытынды  аттестаттаудың  оң  бағасын  қайта  тапсыру  осы  Ереженің  43-тармағымен 



белгіленеді.

 

40. Емтихан ведомосы офис регистраторға тапсырылады, ол бүкіл оқу кезеңінде барлық 



білім алушылардың кредиттер санын есептеумен және жинақтаумен айналысады.

 

Ары қарай емтихан ведомосын офис регистратор тиісті факультет деканатына (институт 



директоратына)  жібереді.  Деканатта  әрбір  оқу  пәнінің  емтихан  ведомосы  негізінде  аралық 

аттестаттау бойынша жинақ ведомосы толтырылады.

 


                            ИС BestProfi©

 

 



 

21 


 

41.  Оқудың  барлық  нысандарына  бірдей  пәндердің  оқу  бағдарламасында  бекітілген 

жұмыс және жеке оқу жоспарына сәйкес студенттер барлық емтихандарын тапсырады.

 

42.  Студенттер  пәндердің  қосымша  оқу  түрлері  бойынша  емтихан  тапсыра  алады, 



олардың  тапсыру  нәтижелері  емтихан  ведомосына,  сынақ  кітапшасына  және  транскриптке 

жазылады (әскери дайындықтан басқасы).

 

43.  «Қанағаттанарлықсыз»  бағасын  оң  бағаға  қайта  тапсыру  үшін  студент  келесі 



академиялық  кезеңдерінің  бірінде  немесе  жазғы  семестрде  сол  пән  бойынша  оқу  жұмыс 

жоспарында  қарастырылған  барлық  сабақ  түрлеріне  қайта  қатысып,  рұқсат  алады  және 

қорытынды бақылау тапсырады.

 

Мұндай  жағдайда  студент  белгіленген  тәртіп  бойынша  оқу  пәніне  жазылу  рәсімінен 



қайта ӛтеді.

 

44.  Егер  студент  оқу  бағдарламасын  толық  кӛлемде  орындай  отырып,  емтиханға 



келмесе,  емтихан  ведомосындағы  оның  фамилиясының  тұсына  «келген  жоқ»  деген  жазу 

жазылады.  Студенттің  дәлелді  себептері  болған  жағдайда  факультет  деканының  ӛкімімен 

оған  емтихан  тапсырудың  жеке  кестесі  бекітіледі.  Емтиханға  келмеуінің  дәлелді  себептері 

болмаған жағдайда  «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңестіріліп, қайта тапсырылуы осы 

Ереженің 43-тармағы бойынша жүзеге асырылады.

 

45.  Қорытынды  бақылаудың  бағасымен  келіспейтін  студент  (докторант,  магистрант) 



емтихан ӛткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей апелляцияға береді.

 

46.  ЖОО  басшысының  бұйрығымен  емтихан  сессиясы  кезеңіне  (аралық  аттестаттау) 



апелляцияланатын  пәндерге  мамандығы  сәйкес  келетін  оқытушылардан  апелляциялық 

комиссия құрылады.

 

47.  Апелляция  нәтижелері  хаттамамен  ресімделеді  және  оның  негізінде  қосымша 



емтихан ведомосы толтырылады.

 

48. Офис регистратор емтихан сессияларының қорытындысы бойынша жаздық семестр 



нәтижелерін  есепке  ала  отырып,  студенттің  оқу  жетістіктері  деңгейінің  ортасалмақ  бағасы 

болатын ӛту балын есептейді.

 

49.  Оқу  жылы  аяқталғаннан  кейін  емтихандық  сессиялардың  қорытындысының 



негізінде студенттерді курстан курсқа кӛшіру жүзеге асырылады.

 

50. Курстан курсқа кӛшіру үшін ӛту балының тӛменгі деңгейінің кӛлемін ЖОО-ның ӛзі 



белгілейді.

 

51. Ең тӛменгі ӛту балын алған студенттер факультет деканының (институт директоры, 



жоғары оқу орнынан кейінгі бӛлімінің) ұсынысы негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен 

келесі курсқа кӛшіріледі.

 

52. Ең тӛменгі ӛту балын ала алмаған студент оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.



 

53. Курс бағдарламасын толығымен ӛтіп, белгіленген ӛту балының ең тӛменгі деңгейіне 

жете  алмаған  студентке  ӛзінің  орташа  үлгерім  балын  (GPA)  жоғарылатуы  үшін  жазғы 

семестрде  белгілі  бір  пәндерді  (мемлекеттік  емтихан  тапсырылатын  «Қазақстан  тарихы» 

пәнінен басқа) белгіленген тәртіп бойынша, ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден 

қайта емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі.

 

54.  Қайта  тапсырылған  емтиханнан  қанағаттанарлық  нәтиже  кӛрсетілген  жағдайда 



қорытынды  баға  қайта  есептеліп,  емтихандық  ведомость  пен  сынақ  кітапшасына  және 

транскриптке толтырылады.

 

Орташа үлгерім балын есептеуде әр пән бойынша соңғы бағалар есепке алынады.



 

55. Транскрипке студенттің қайта тапсырылған емтихандардың оң нәтижелері мен қоса 

барлық қорытынды бағалары жазылады.

 

56.  Оқу  курсына  қайта  қалдырылған  студент  бұрын  қабылданған  жеке  оқу  жоспары 



немесе жаңа жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады.

 


                            ИС BestProfi©

 

 



 

22 


 

57. Ӛту балының жетіп, келесі курсқа ауыстырылған академиялық берешегі бар студент 

сол пәнді ақылы негізде қайта оқып, академиялық қарыздарын жоюы тиіс.

 

58.  Қазақстан  Республикасы  Қорғаныс  министрлігінің,  Қазақстан  Республикасы  Ішкі 



істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқарушы 

жүйесі  комитетінің,  Қазақстан  Республикасы  Экономикалық  және  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  күрес  жӛніндегі  агенттіктің,  Қазақстан  Республикасы  Тӛтенше  жағдайлар  жӛніндегі 

министрліктің  ведомстволық  бағынысты  жоғары  оқу  орындарының  білім  алушылары  үшін 

осы  Ереженің  39,  43,  52,  53,  54,  56  және  57-тармақтарының  нормалары  тиісті  мемлекеттік 

органдармен келісіледі.

 

59. Академиялық қарызы бар пәндер келесі семестрде ӛтілетін пәндер үшін пререквизит 



алды болмауы тиіс.

 

60.  Емтихандар  сессиясының  қорытындысы  бойынша  (қысқы  және  жазғы)  және  оқу 



үрдісін жақсарту бойынша ұсыныстар емтихандық сессия (аралық аттестаттау) аяқталғаннан 

кейін  кафедра,  деканат  (директорат)  мәжілістерінде,  ЖОО  Кеңесінде  талқылануға 

ұсынылады.

 

61.  Жоғарғы  оқу  орны  емтихандық  сессиялардың  (қысқы  және  жазғы)  қорытындысы 



бойынша  білім  саласындағы  ӛкілетті  органға  осы  Ереженің  2-қосымшаға  сәйкес  нысанда 

электронды және қағаз түрінде емтихандық сессия қорытындысын береді.

 

62. ЖОО-дан шығарылған тұлғаға білімі аяқталмағандығы туралы Анықтама беріледі.



 

63.  Емтихан  сессиясын  ойдағыдай  аяқтаған  сырттай  оқу  бӛлімі  студенттеріне  келесі 

емтихан сессиясына шақыру-анықтамасы беріледі.

 

Шақыру-анықтамаларын  беру  мен  сырттай  оқу  бӛлімі  студенттерінің  емтихан 



сессиясына қатысуы ЖОО-да қатаң есепке алынады.

 

64.  «Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  мемлекеттік  емтихан  академиялық  күнтізбеге 



сәйкес аралық аттестаттау кезеңінде ӛткізіледі.

 

65.  Барлық  бакалавр  мамандығындағы  ЖОО  студенттері  «Қазақстан  тарихы»  пәні 



бойынша  оны  оқып  аяқтағаннан  кейін  сол  академиялық  кезеңде  мемлекеттік  емтихан 

тапсырады.

 

66. Қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша техникалық және кәсіптік (орта кәсіптік) 



білім  базасында  жеделдете  оқыту  мерзімінде  білім  алатын  студенттер  «Қазақстан  тарихы» 

пәнін оқуға және осы пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсыруға міндетті.

 

67.  Қысқартылған  оқу  бағдарламасы  бойынша  жоғары  кәсіптік  білім  базасында 



жеделдете  оқыту  мерзімінде  білім  алатын  студенттер  «Қазақстан  тарихы»  пәнін  оқымайды 

және мемлекеттік емтихан тапсырмайды.

 

68.  Мемлекеттік  емтиханға  дайындықты  факультет  деканатымен  (институт 



директоратымен)  және  оқу  бӛлімімен  (оқу-әдістемелік  басқармасымен)  бірлесе  отырып, 

«Қазақстан тарихы» пәнін оқытатын кафедра (бұдан әрі – кафедра) ӛткізеді.

 

69.  «Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  мемлекеттік  емтиханды  ӛткізу  үшін  кафедра 



оқудың  барлық  нысаны  мен  мамандықтары  үшін  бірыңғай  оқу  жұмыс  бағдарламасын,  оқу 

жұмыс жоспарын аталған пән бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде әзірлейді.

 

70.  «Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  мемлекеттік  емтихан  тапсыру  оқу  жұмыс 



бағдарламасына сәйкес ауызша, жазбаша және тест түрінде жүзеге асырылады.

 

71.  Мемлекеттік  емтиханды  ӛткізу  түрі  ЖОО-ның  Ғылыми  кеңесінің  шешімімен 



анықталады.

 

72.  «Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  мемлекеттік  емтиханды  қабылдау  үшін 



құрамында  декан  факультет  (директор  институт)  тӛрағасы  мен  мүшелері  бар  Мемлекеттік 

емтихан коммисиясы (бұдан әрі – МЕК) күнтізбелік жылға құрылады.

 

73.  МЕК  тӛрағасының  кандидатурасы  ағымдағы  оқу  жылының  1-қарашасынан 



кешіктірілмей білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

 


                            ИС BestProfi©

 

 



 

23 


 

74.  «Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  МЕК  тӛрағасы  ағымдағы  оқу  жылының  1-

желтоқсанынан  кешіктірілмей  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің 

бұйрығымен бекітіледі.

 

75.  МЕК  құрамы  жоғары  білікті  оқытушылардан  ЖОО  басшысының  бұйрығымен 



бекітіледі.

 

76. МЕК отырыстарының кестесін офис регистратор құрады және оны ЖОО басшысы 



мемлекеттік емтиханның басталуына дейін екі аптадан кешіктірмей бекітеді.

 

77. МЕК отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс.



 

78.  МЕК  отырыстары  әр  студент  бойынша  жеке  хаттамамен  осы  Ереженің  3-

қосымшасына  сәйкес  және  оған  коммисия  тӛрағасы  мен  отырысқа  қатысқан  мүшелер  қол 

қояды.


 

79. МЕК отырысының хаттамасын аталған пән бойынша сабақ беретін кафедраның оқу-

кӛмекші қызметкерлерінің ӛкілі арасынан тағайындалған хатшы жүргізеді.

 

80.  МЕК  отырысының  хаттамалары  мемлекеттік  емтихан  басталмастан  бұрын  А4 



форматында  брошюраланып,  нӛмірленіп,  бумаланады  және  оқу  бӛлімінің  (оқу-әдістемелік 

басқарманың) мӛрімен бекітіледі.

 

81. Егер студент МЕК отырысына келмесе, хаттамасында оның фамилиясының тұсына 



«келген жоқ» деген жазу жазылады.

 

               82.  Апелляция  қанағаттанарлық  болған  жағдайда  МЕК-сы  мәжілісінің  хаттамасы 



қайтадан ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға ________ № 

__________  хаттамамен  кайта  қаралды  ____  бет»  деген  жазумен  өзгертіледі  және  оған 

қатысқан МЕК-сы мүшелерінің бәрі қол қояды.

 

83.  Мемлекеттік  емтихан  нәтижелері  студенттердің  білімін  балдық-рейтингтік  әріптік 



бағалау жүйесі бойынша бағаланады

 

84. «Қазақстан тарихы» пәнінен тапсырылған мемлекеттік емтихан нәтежелері бойынша 



білім  алушыларға  жіберілу  рейтингі  бағасы  мен  мемлекеттік  емтихан  бағасы  ескеріле 

отырып, қорытынды баға қойылады. Бұл ретте жіберілу рейтингісінің бағасы пән бойынша 

білімнің қорытынды бағасының 60 %-ын құрайды және мемлекеттік емтихан бағасы кемінде 

30%-ын құрайды.

 

85.  Студент  «Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  мемлекеттік  емтиханнан 



«қанағаттанарлықсыз»  баға  алған  жағдайда,  ол  ақылы  түрде  келесі  академиялық  кезеңде 

немесе жазғы семестрде осы пәнге жазылып  оның барлық  оқу сабақтарына қайта қатысып, 

ағымдық  бақылау  талаптарын  орындап,  мемлекеттік  емтиханға  жолдама  алады  және  оны 

тапсырады.

 

86. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан алған оң бағаны кӛтеру 



үшін қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

 

87.  Студент  мемлекеттік  емтихан  қорытындысымен  келіспесе,  емтихан  ӛткізілген 



күннен  кейінгі  күннен  кешіктірмей  мемлекеттік  емтихан  комиссиясына  (МЕК)  апелляция 

беруіне болады.

 

88.  Апелляция  ӛткізу  үшін  ЖОО  басшысының  бұйрығымен  аталған  пән  бойынша 



тәжірибелі оқытушылардан Қазақстан тарихы бойынша апелляциялық комиссия құрылады.

 

89. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан тапсырудың нәтижелері 



оны  тапсыру  қаралған  сол  емтихандық  сессияның  қорытындысын  шығару  кезінде  есепке 

алынады.


 

90.  МЕК-ның  жұмысы  аяқталғаннан  соң  Комиссия  тӛрағасы  есеп  жазады,  ол  ЖОО 

ғылыми кеңесінің мәжілісінде талқыланып, бекітілгеннен кейін органға тапсырады.

 

Қазақстан тарихы бойынша Мемлекеттік емтихан тӛрағасының есептері қысқы емтихан 



тапсыру  бойынша  1  наурыздан,  ал  жазғы  емтихан  тапсыру  бойынша  1  тамыздан 

кешіктірілмей тапсырылуы тиіс.

 


                            ИС BestProfi©

 

 



 

24 


 

3. Жоғары оқу орындарының студенттерін қорытынды аттестаттауды ӛткізу тәртібі

 

91.  ЖОО-да  студентерді  қорытынды  аттестаттау  жоғары  білім  беру  мемлекеттік 



жалпыға  білім  беру  стандарттарымен  белгілеген  нысандарда  ӛткізіледі,  академиялық 

күнтізбемен  және  мамандықтардың  жұмыс  оқу  жоспарымен  қарастырылған  ұзақтығы  мен 

мерзімінде ӛткізіледі.

 

92.  Студентттер  оқу  жоспары  мен  барлық  оқу  нысандарына  арналған  бірыңғай  оқу 



бағдарламаларына қатаң түрде сәйкес барлық мемлекеттік емтихандарды тапсырулары және 

дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғайды.

 

93. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)



 

94. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

 

95.  Студентке  мынадай  жағдайда  дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  орнына  екі 



мемлекеттік емтихан тапсыруға рұқсат етіледі:

 

1)  денсаулық  жағдайы  туралы  медициналық  анықтаманың  негізінде  стационарда  ұзақ 



емделуде (бір айдан артық);

 

2) бала тууы туралы куәлігінің негізінде 3 жасқа дейінгі балалары бар;



 

3) ата-аналарының денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасының негізінде 

ауру ата-анасын күтуші;

 

4) мүгедек туралы медициналық анықтаманың негізінде мүмкіндігі шектеулі мүгедек.



 

Осы ретте, білім алушы жоғары оқу орны басшысының атына ӛтініш жазады және тиісті 

құжаттарды  ұсынады.  Басқа  жағдайда  дипломдық  жұмысты  қосымша  мемлекеттік 

емтихандар тапсыруға ауыстыруға рұқсат етілмейді.

 

96.  Екі  мемлекеттік  емтихан  пәндерінің  тізбесі  бітірушілерді  шығаратын  кафедраның 



қолдау хатының негізінде факультет (институт) кеңесінің шешімімен бекітіледі.

 

97.  Қорытынды  аттестаттауға  жұмыс  және  жеке  оқу  жоспары  мен  жұмыс  оқу 



бағдарламасына сәйкес білім алу процесін толық аяқтаған студенттер жіберіледі.

 

98.  Білім  алу  процесі  аяқталуының  негізгі  ӛлшемі  болып  студенттердің  жоғары  білім 



мамандықтарына арналған МЖМБС талаптарына сәйкес келетін оқытудың теориялық курсы 

мен кәсіби практикалардың қажетті кӛлемін меңгеруі саналады.

 

99.  Бітіруші  курстың  студенті  жұмыс  және  жеке  оқу  жоспары  талаптарын  және  оқу 



жұмыс бағдарламасын орындамаса жазғы семестрден ӛткізілместен оқу курсына қайта оқуға 

қалдырылады.

 

100. ЖОО басшысы білім алу саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік үлгідегі білім 



туралы  құжаттарға  (диплом  және  қосымша)  ағымдағы  жылғы  1-қазанға  дейін  күтілетін 

бітірушілер саны бойынша ӛтінім ұсынады.

 

101.  Студенттерді  қорытынды  аттестаттау  үшін  барлық  оқу  нысандары  үшін  әр 



мамандық бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссия (бұдан әрі – М

АК

) құрылады.



 

102.  Студенттерді  қорытынды  мемлекеттік  аттестаттауға  жіберу  студенттердің  тізімі 

бойынша  қорытынды  аттестаттауға  дейін  2  аптадан  кешіктірмей  факультет  деканының 

(институт директорының) ӛкімімен ресімделіп, осы Ереженің 97-тармағының негізінде М

АК

-

қа ұсынылады.



 

103.  Студенттерді  қорытынды  аттестаттау  басталғанға  дейін  М

АК

-қа  факультет 



деканының  (институт  директорының)  студенттің  жеке  оқу  жоспарын  орындағаны  туралы, 

оның  барлық  пәндер  бойынша  алған  бағалары,  олардың  кӛлемі,  тапсырған  курстық 

жұмыстары  (жобалары),  кәсіби  практикалардың  түрлері  мен  GPA  оқыту  кезеңіндегі  орта 

салмақ баға ӛлшемдері кӛрсетілген анықтамасы ұсынылады.

 

104.  ЖОО  жетекшісі  ағымдағы  оқу  жылының  1  қарашасына  дейін  білім  беру 



саласындағы  уәкілетті  органға  бітіретін  мамандықтар  бейініне  сәйкес  келетін  осы  жоғары 

оқу  орындарында  жұмыс  істемейтін,  ғылыми  және  академиялық  дәрежелері  бар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет