Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы


 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың үлгеріміне ағымдық



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата22.02.2017
өлшемі0,75 Mb.
#4694
1   2   3   4   5   6   7

4. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың үлгеріміне ағымдық 

бақылау, аралық аттестаттау өткізудің тәртібі 

      155. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың магистратура мен докторантура 

оқудағы жетістіктерін тексеру ЖОО өздері белгілейтін бақылаудың түрлері мен 

аттестаттаулар арқылы жүргізіледі. 

      156. Магистратура мен докторантурада білім алушылардың үлгерімін ағымдық 

бақылау ЖОО студенттеріндегі сияқты тәртіппен жүргізіледі. 

      157. Магистранттар мен докторанттарды ЖОО-да аралық аттестаттау оқу жұмыс 

жоспарына, академиялық күнтізбе мен кәсіптік оқу бағдарламаларына сай емтихан 

тапсыру және сараланған сынақтар түрлері бойынша жүргізіледі. 

      158. Аралық аттестаттаудың мерзімділігі мен ұзақтығы ЖОО бекіткен академиялық 

күнтізбе мен мамандықтың оқу жұмыс жоспарына сәйкес белгіленеді. 

      159. Емтихандар бекітілген кестеге қатысты аралық аттестаттау кезінде тапсырылады. 

      160. Емтихандардың кестесін жасау жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 

бөлімдерімен немесе тиісті факультеттің деканатымен бірге офис регистраторына 

жүктеледі. 


      161. Емтихан кестесін ғылыми ұйым директорының оқу ісі жөніндегі проректоры 

немесе орынбасары бекітеді және емтихан басталғанға дейінгі екі аптадан кешіктірілмей 

білім алушылар мен оқытушылардың назарына жеткізіледі. 

      162. Емтиханға жіберу нақты пән бойынша жіберілу рейтингі бағасы анықталатын 

үлгерімнің ағымдық бақылау бағасының негізінде жүзеге асады. 

      163. Жіберілу рейтингінен оң баға ала алмаған білім алушылар қорытынды бақылауға 

(емтиханға) жіберілмейді. 

      Курстық жұмысты (жоба) тапсырмаған білім алушылар сол пән бойынша емтиханға 

жіберілмейді. 

      164. Факультет деканы (жоғары оқу орнынан кейін білім алу бөлімінің бастығы) кей 

жағдайда (сырқатына, отбасы жағдайына немесе басқа да обьективті себептерге 

байланысты) білім алушыға жеке кестесі бойынша емтихан тапсыруға рұқсат ете алады. 

      Факультет деканына (ЖОО-дан кейінгі білім бөлімінің бастығы) аурулығы, сәбидің 

дүниеге келуі, жақын туыстарының қайтыс болуы, қызметтік немесе оқу іссапарында 

болуына байланысты жағдайларды растайтын анықтамалар тапсырылған жағдайда білім 

алушыға жеке кесте бойынша емтихан тапсыруға рұқсат беріледі. 

      165. Емтихандық сессия (аралық аттестаттау) кезеңіне жоғары оқу орны басшысының 

бұйрығымен аппеляцияланатын пән бейініне сай біліктілігі бар оқытушылардан тұратын 

аппеляциялық комиссия құрылады. 

      166. Емтихандар ауызша, жазбаша, тест немесе аралас түрде өткізіледі. 

      Емтихан тест түрінде тапсырылғанда пәндердің бейінділігі мен ұқсастығына 

байланысты екі және одан да көп пәндерден кешенді емтихан белгілеуге рұқсат етіледі. 

      167. ЖОО (факультет) емтиханды өткізу тәртібі мен түрін әр оқу пәні бойынша 

академиялық кезеңнің басталуынан бір ай мерзімнен кешіктермей белгілейді. 

      168. Оқу пәні бойынша аралық аттестаттау өткізу кезінде академиялық кезеңдегі 

емтиханнан алған бағасы мен ағымдық бақылаудан (жіберілу рейтинг бағасы) алған 

орташа баллы ескеріледі. 

      169. Әр пән бойынша емтихан аяқталғаннан кейін білім алушыларға қорытынды баға 

ЖОО студенттеріне қойылатындай тәртіппен қойылады. 

      170. Емтихандық ведомосы барлық оқу кезеңі бойынша білім алушылар жинаған 

кредиттер санын есептеумен айналысатын офис регистраторға тапсырылады. 

      Әрі қарай офис регистратор емтихандық ведомосты тиісті факультет деканатына 

(институт директораты) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөліміне 

тапсырады. Деканатта әр пәннің емтихандық ведомосын негізге ала отырып, аралық 

аттестаттау бойынша қорытынды ведомосы толтырылады. 

      171. Білім алушылар барлық емтихандарды жұмыс жоспарына, жеке оқу жоспарына 

және оқу бағдарламаларына сәйкес тапсырады. 

      172. Білім алушылар қосымша оқу түрлерінің пәндері бойынша да емтихан тапсыра 

алады, нәтижелері емтихан ведомосына және білім алушының жеке ведомосына 

жазылады. 

      173. «Қанағаттанарлықсыз» бағаны оң бағаға қайта тапсыру үшін білім алушы пән 

бойынша оқу жұмыс жоспарында көрсетілген барлық оқу сабақ түрлеріне қайта қатысып, 

емтиханға жіберілу рұқсатын алады және қорытынды бақылау тапсырады. 

      174. Қорытынды бақылаудан алынған қанағаттанарлық бағаны жоғарылату үшін осы 

аралық аттестаттау кезеңінде емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. 

      Қорытынды бақылаудың оң бағасын қайта тапсыру тәртібі осы Ереженің 173-

тармағында айқындалған. 

      Ескерту. 174-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94

 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 



енгізіледі) бұйрығымен. 

      175. Қорытынды бақылаудың нәтижесімен келіспеген білім алушы емтиханнан кейін 

(келесі күні) аппеляция беруге құқығы бар. 


      176. Пән бағдарламасын толық орындаған білім алушы емтиханға келмеген жағдайда 

емтихандық ведомостағы фамилиясының тұсына «келген жоқ» белгісі қойылады. 

      Дәлелді себептерге байланысты келмеген жағдайда факультет деканының өкімімен 

емтихан тапсырудың жеке кестесі белгіленеді. Дәлелді себептері болмаған жағдайда 

«қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылып, осы Ереженің 173-тармағына сәйкес емтиханды 

қайта тапсырады. 

      177. Транскриптке магистранттың, докторанттың барлық қорытынды бағаларымен 

қоса қайта тапсырылған емтихан нәтижелері де жазылады. 

      178. Оқу жылы аяқталғаннан кейін емтихандық сессиялар қорытындысының негізінде 

жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен жоғары оқу орнынан кейінгі білім 

алушыларды курстан курсқа көшіру жүзеге асырылады. Осы мақсатқа сәйкес көшіру балы 

белгіленеді. 

      178-1. Курстың бағдарламасын толық көлемде орындаған, бірақ ең төменгі көшіру 

балын ала алмаған білім алушыларға өз үлгерімінің орташа балын көтеру мақсатында 

жазғы семестрде ақылы негізде жекелеген пәндерді қайта оқуға және сол пәндер бойынша 

қайта емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі. 

      Ескерту. 178-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 

2011.03.16 

№ 94

 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң 



қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

      179. Емтихан қорытындылары және емтихан сесссиясы (аралық аттестаттау) 

аяқталғаннан кейін оқу процесін жақсарту жөніндегі ұсыныстары кафедра, деканат 

(директорат) және жоғары оқу орны отырыстарының талқылауына шығарылады. 

      180. Жоғары оқу орнынан шығарылған тұлғаға білімі аяқталмағандығы туралы 

Анықтама беріледі. 

      181. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі 

істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-

атқарушы жүйесі комитетінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің, Қазақстан Республикасы Төтенше 

жағдайлар жөніндегі министрліктің ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарының 

білім алушылары үшін осы Ереженің 173, 174, 178-тармақтарының нормалары тиісті 

мемлекеттік органдармен келісіледі. 

      Ескерту. 181-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94

 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 



енгізіледі) бұйрығымен. 

5. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларды қорытынды 

аттестаттаудан өткізудің тәртібі 

      182. Жоғары оқу орнында білім алушыларды қорытынды аттестаттау академиялық 

күнтізбеде және мамандықтардың оқу жұмыс жоспарында қарастырылған мерзімде 

кешенді емтихан тапсыру және магистірлік (докторлық) диссертация қорғау түрінде 

өткізіледі. 

      183. Қорытынды аттестаттауға оқу жұмыс жоспары мен оқу жұмыс бағдарламалары 

талаптарына сай оқу үрдісін аяқтаған білім алушылар жіберіледі. 

      184. Бітіруші курстың білім алушылары жұмыс және жеке оқу жоспары талаптарын 

және оқу жұмыс бағдарламасын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсын 

қайта оқуға қалдырылады. 

      185. Магистранттар мен докторанттардан кешенді емтихан алу білім алушыларға үшін 

ЖОО Мемлекеттік аттестациялық комиссия (МАК) құрады. 

      Ескерту. 185-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94


 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен. 



      186. Жоғары оқу орнының жетекшісі МАК төрағасына кандидатураларды 1 қарашаға 

дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады: 

      магистратура мамандықтары бойынша – шығаратын мамандарының бейініне сәйкес 

келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағының болуы және осы ұйымдарда жұмыс 

істемеуі; 

      докторантура мамандықтары бойынша – шығаратын мамандарының бейініне сәйкес 

келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағының болуы және осы ұйымдарда жұмыс 

істемеуі. 

      Ескерту. 186-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94


 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен. 

      187. МАК құрамына оның мүшелерінің құқықтарымен бірдей мыналар кіреді: 

      магистратура мамандықтары бойынша - шығаратын мамандарының бейініне сәйкес 

келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағы немесе академиялық дәрежесі бар 

тұлғалар (бейіндік магистратура үшін құрылған МАК-тың құрамына, сондай-ақ 

шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін жоғары білікті мамандар); 

      докторантура мамандықтары бойынша - шығаратын мамандарының бейініне сәйкес 

келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағы немесе академиялық дәрежесі бар 

тұлғалар. 

      Ескерту. 187-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94


 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен. 

      188. МАК-тың сандық құрамын ЖОО дербес белгілейді, жоғары оқу орны 

басшысының бұйрығымен 31-ші желтоқсаннан кешіктірілмей бекітіледі және ол бір 

күнтізбелік жыл бойы қолданыста болады. 

      189. Магистранттар мен докторанттарды қорытынды аттестаттауға жіберу ЖОО 

бұйрығымен тізім бойынша бекітіліп, қорытынды аттестаттау басталуынан 2 апта бұрын 

МАК-қа тапсырылады. 

      190. Мамандықтар бойынша кешенді емтиханға магистратура мен докторантураның 

кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті базалық және бейіндік компоненттерінің пәндері 

кіреді. 

      191. Кешенді емтихан келесі нысандардың біреуі бойынша өткізіледі: ауызша, 

жазбаша бекітілген пәндерден тест. 

      192. Кешенді емтиханның бағдарламасын өткізілу нысанын және тапсырмалар 

мазмұнын жоғары оқу орыны осы кешенді емтиханға енген пәннің оқу бағдарламасы 

негізінде өздері әзірлейді. 

      193. Магистр немесе докторлық бағдарламаларды іске асыратын жоғары оқу 

орындары тесттік тапсырманы, олардың түрлерін (ашық, жабық, аралас) және тестілеудің 

өткізілу технологиясын өздері әзірлейді. 

      194. Кешенді емтихан: 

      магистрлік диссертацияны қорғауға дейін 1 ай бұрын; 

      докторантуралық диссертацияны қорғауға дейін 3 ай бұрын қабылданады. 

      195. Кешенді емтихан нәтижелері магистратура мен докторантурада әрбір білім алушы 

бойынша осы Ереженің 

8-қосымшасына

 сай белгіленген нысандағы хаттамамен 

ресімделеді. 

      МАК отырысының хаттамасын бітіртіп шығарушы кафедраның оқу-көмекші 

қызметкерлері арасынан тағайындалған МАК-тың құрамында бекітілген хатшы жүргізеді. 

      196. Кешенді емтихан тест түрінде өткен жағдайда жеке хаттама ресімдеуге 

емтихандық ведомосы негіз болады. 

      197. Алынған оңды бағаны жоғарылату мақсатында кешенді емтиханды қайта 

тапсыруға рұқсат етілмейді. 

      197-1. Магистратураның және докторантураның кешенді емтиханын тапсыру 



қорытындылары бойынша білім беру ұйымының басшысы факультет деканы мен кафедра 

меңгерушісінің ұсынысы негізінде магистрантты және докторантты қорытынды 

аттестаттау аяқталғаннан кейін және/немесе академиялық күнтізбеге сәйкес оқу жылы 

аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде магистрантты және докторантты оқудан шығару 

туралы бұйрықты бекітеді. 

      Бұл ретте магистрантты және докторантты оқудан шығару туралы бұйрықта 

«магистрлік және докторлық диссертацияны қорғауға ұсыныммен» немесе «магистрлік 

және докторлық диссертацияны қорғауға ұсынымсыз» деген жазу көрсетіледі. 

      Ескерту. 197-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 

2013.11.04 

№ 445

 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң 



қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

      198. Кешенді емтиханның нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан өткізілгеннен 

кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляция береді. 

      199. Апелляция өткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен біліктілігі аталған 

мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия 

құрылады. 

      200. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МАК мәжілісі хаттамамен 

ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға __________ 

№_______ хаттамамен қайта қаралды _____бет» деген жазумен өзгертіледі және оған 

қатысқан МАК мүшелерінің бәрі қол қояды. 

      201. Кешенді емтиханда қанағаттанарлықсыз баға алған магистрант немесе докторант 

білім басшысының бұйрығымен ЖОО оқудан шығарылып, тұлғаға білімі 

аяқталмағандығы туралы Анықтама беріледі. 

      202. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған тұлғаларға магистратурада және 

докторантурада қорытынды аттестаттау кезінде кешенді емтиханды қайта тапсыруға 

рұқсат етілмейді. 

      203. Кешенді емтихан тапсырған магистрант немесе докторант диссертациялық 

жұмысты қорғауға жіберіледі. Диссертация қорғауға жіберу ЖОО МАК төрағасының 

ұсынуы негізінде басшысының бұйрығымен ресімделеді. 

      Ескерту. 203-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94

 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 



енгізіледі) бұйрығымен. 

      204. Пайдаланылған дереккөздерге және авторға сілтеме жасамау мәні бойынша 

диссертациялық жұмыстарды тексеру жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің 

магистратурасы және докторантурасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім 

стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. 

      205. Осы Ереженің 204-тармағына сәйкес жүргізілетін тексеруден кейін 

докторанттардың диссертациялық жұмыстары сараптамадан өтеді. Осы мақсатта 

біліктілігі (ғылыми немесе академиялық дәрежесі) қорғалатын диссертациялық жұмыстың 

бейініне сәйкес келетін диссертациялық кеңес мүшелерінің арасынан сарапшы 

тағайындалады. 

      Ескерту. 205-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94


 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен. 

      205-1. Магистрлік диссертацияларды қорғау кестесі академиялық күнтізбеге сәйкес 

бекітіледі. Осыған сәйкес, қорғауға күніне кемінде 6-8 магистрант жіберіледі. 

      Магистрлік диссертацияларды қорғау МАК-тың ашық кеңесінде оның 2/3 кем емес 

мүшелерінің қатысуымен өткізіледі. 

      Бір магистрлік диссертацияны қорғау ұзақытығы 50 минуттан аспауы қажет. 

Магистрант магистрлік диссертациясын қорғау үшін МАК-тың алдында 15 минуттық 

баяндамамен сөз сөйлейді. 

      Ескерту. 205-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 



2011.03.16 

№ 94


 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

      206. Магистранттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауы МАК-тың кеңесінде, 

докторанттардың қорғауы – диссертациялық кеңестерде жүзеге асырылады. 

      Ескерту. 206-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94


 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен. 

      207. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94


 (алғаш рет 

ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

бұйрығымен. 

      208. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94

 (алғаш рет 



ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

бұйрығымен. 

      209. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94


 (алғаш рет 

ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

бұйрығымен. 

      210. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94

 (алғаш рет 



ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

бұйрығымен. 

      211. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94


 (алғаш рет 

ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

бұйрығымен. 

      212. Магистрлік диссертацияның қорғалуы төмендегі жағдайда жүзеге асады: 

      ғылыми жетекшінің оң пікірі; 

      ғылыми баспада диссертация тақырыбында кемінде 1 мақала жарық 

көруі, халықаралық немесе республикалық ғылыми конференцияларда сөйлеген сөзі; 

      сараптама комиссиясының диссертацияны ашық түрде қорғауға берген ұсынысының 

жазбаша қорытындысы; 

      бітіріп шығарушы кафедраның қорғауға ұсынымдамалары туралы шешімі (кафедра 

отырыс хаттамасының көшірмесі); 

      қорғалатын жұмыс бейініне сай келетін маманның бір рецензенттің рецензиясы. 

Мұнда диссертацияның жан-жақты сипаттамасы, көрсетілген дәлелді қорытындысы және 

сол мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесін беру мүмкіндігі көрсетіледі. 

      Ғылыми жетекші немесе /және бітіруші кафедрасы тарапынан «қорғауға жіберілмейді» 

немесе «қорғауға ұсынуға болмайды» деген қанағаттанарлықсыз қорытынды берілген 

жағдайда, магистрант магистрлік диссертациясын қорғау мүмкіндігінен айырылады. 

      Ескерту. 212-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94

 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 



енгізіледі) бұйрығымен. 

      213. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94

 (алғаш рет 



ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

бұйрығымен. 

      214. Магистрлік диссертацияның қорғалу нәтижесі осы Ереженің 

9-

қосымшасына



 сәйкес бекітілген түрдегі әрбір магистрант үшін жеке хаттамамен 

ресімделеді. 

      215. Қорытынды аттестаттаудан өткен, магистратураның тиісті кәсіптік оқу 

бағдарламасын меңгергендігін растаған және МАК-тың шешімімен магистрлік 

диссертацияны жариялы түрде қорғаған магистрантқа магистрлік диссертациясын 

қорғаған күннен бастап отыз күндік мерзімде тиісті мамандық бойынша «магистр» 

академиялық дәрежесі беріледі және қосымшасымен бірге мемлекеттік үлгідегі диплом 

тегін беріледі. 

      МАК-тың шешімі осы Ереженің 

10-қосымшасына

 сәйкес нысанда хаттамамен 


ресімделеді. 

      Ескерту. 215-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.11.04 

№ 445

 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 



енгізіледі) бұйрығымен. 

      215-1. Дипломға қосымша магистранттың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 

стандартында және оқу жұмыс жоспарында қарастырылған көлемде барлық пәндерден 

алған бағаларына сәйкес жеке оқу жоспарын орындағаны туралы анықтама негізінде 

толтырылады. 

      Дипломға қосымшада білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі бойынша әрбір 

оқу пәнінен кредиттер мен академиялық сағаттар көлемі көрсетілген соңғы бағалар 

жазылады. 

      Ескерту. 215-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 

2013.11.04 

№ 445

 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң 



қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

      215-2. Мемлекеттік үлгідегі дипломды қосымшасымен беру білім беру ұйымы 

басшысының бітіру туралы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады. 

      Бітіру туралы бұйрықты магистранттарды қорытынды аттестаттау аяқталған күннен 

бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей МАК төрағасының ұсынысы негізінде білім беру 

ұйымының басшысы бекітеді. 

      Ескерту. 215-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 

2013.11.04 

№ 445

 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң 



қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

      215-3. Сонымен қатар білім беру ұйымының басшысы офис-регистратормен келісу 

бойынша факультет деканының ұсынысы негізінде қорытынды аттестаттаудан өтпеген 

магистранттарды оқудан шығару туралы бұйрықты бекітеді. 

      Ескерту. 215-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 

2013.11.04 

№ 445

 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң 



қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

      216. Магистранттардың қорытынды аттестаттауы аяқталғаннан кейін МАК төрағасы 

магистранттардың қорытынды аттестаттауының нәтижелері туралы есеп жасайды және 

оны екі апталық мерзімде жоғары оқу орнының басшысына ұсынады. 

      Ескерту. 216-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94


 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен. 

      217. Магистранттардың қорытынды аттестаттауының нәтижесі туралы бірыңғай 

есепке кестелер мен түсіндірме жазба енеді. Кестеге осы Ереженің 11-қосымшасында 

келтірілген көрсеткіштер көрініс табады. 

      Түсіндірме жазбада: 

      1) аталған мамандық бойынша жоғары оқу орнындағы магистрлардың дайындық 

деңгейлері; 

      2) кешенді емтиханда анықталған білім алушының біліміне мінездеме; 

      3) аталған мамандық бойынша магистрларды даярлау сапасына талдау; 

      4) магистрларды даярлаудағы кемшіліктер; 

      5) магистрлік диссертациялардың ғылымның, техниканың, мәдениеттің қазіргі жай-

күйіне және өндірістің сұранысына сәйкестігі; 

      6) магистрлік диссертацияларды орындаудың сапасы; 

      7) магистрлік диссертацияларды қорғаудың деңгейі ғылыми жетекшісінің пікіріне, 

ресми оппоненттің рецензиясына сәйкестігі; 

      8) магистрларды даярлауды одан әрі жетілдіру жөніндегі нақты ұсынымдамалар 

жөнінде мәліметтер болады. 

      Ескерту. 217-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94


 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен. 

      218. Магистранттарды қорытынды аттестаттаудың нәтижесі туралы есепке МАК 

төрағалары қол қояды, жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады 

және бекітіледі. 

      Ескерту. 218-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94


 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен. 

      219. Жоғары оқу орны магистратурада білім алушылардың қорытынды аттестаттауы 

аяқталғаннан кейін магистранттарды қорытынды аттестаттауының нәтижесі туралы есепті 

білім саласындағы уәкілетті органға ұсынады. 

      220. МАК төрағасының есебіне білім беру басшысы қол қойған дипломның нөмірі, 

мамандығы, тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп жазылған магистратура бағдарламасын 

аяқтаған бітірушілердің тізімі тіркеледі. 

      221. PhD немесе бейін бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі 

диссертациялық кеңестер докторантураның мамандық бойынша немесе мамандықтар 

тобы бойынша құрылады. 

      Ескерту. 221-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94

 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 



енгізіледі) бұйрығымен. 

      221-1. Докторлық диссертацияларды қорғау диссертациялық кеңесте жүзеге 

асырылады. 

      Ескерту. 221-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 

2011.03.16 

№ 94


 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

      222. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.11.04 

№ 445


 (алғашқы 

ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

бұйрығымен. 

      223. PhD немесе бейін бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі 

диссертациялық кеңестің құрамына шифры (коды), мамандығы аталған мамандықтың 

бейініне сәйкес келетін ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар тұлғалар 

кіреді. Осыған сәйкес, кеңестің кем дегенде үш мүшесінің шифры қорғалатын докторлық 

диссертациясының бейініне сәйкес келетін ғылым докторы ғылыми дәрежесі болуы керек. 

      224. Докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің сандық 

құрамы бес адамнан кем болмауы қажет. 

      225. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.11.04 

№ 445


 (алғашқы 

ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

бұйрығымен. 

      226. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.11.04 

№ 445

 (алғашқы 



ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

бұйрығымен. 

      227. Ғылыми консультанттар докторлық диссертацияға жеке пікірлер жазады. 

      228. Егер ғылыми консультант және/немесе сараптама комиссиясы «қорғауға 

жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсынылмайды» деген теріс қорытынды берген жағдайда 

докторант докторлық диссертациясын қорғай алмайды. 

      229. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94


 (алғаш рет 

ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

бұйрығымен. 

      230. Докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес 

отырысының кестесі күнтізбелік жылға жасалады және жоғары оқу орны басшысының 

бұйрығымен бекітіледі. Осыған сәйкес, бір күнге үш-төрттен кем емес докторлық 

диссертацияны қорғау жұмыстары қойылады. 

      Ескерту. 230-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 



№ 94

 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен. 

      231. Докторлық диссертацияны қорғау нәтижелері стенограммамен ресімделеді. 

      Докторлық диссертацияны қорғау нәтижелері бойынша диссертациялық кеңес екі 

шешімнің біреуін қабылдайды: 

      1) докторантқа философия докторы немесе тиісті мамандық бойынша бейіні жөніндегі 

ғылыми дәрежесін беру және Комитетке қорытынды сараптама өткізу туралы қолдау 

көрсету; 

      2) философия докторы немесе тиісті мамандық бойынша бейіні жөніндегі ғылыми 

дәрежесін беруден бас тарту. 

      Ескерту. 231-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94

 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 



енгізіледі) бұйрығымен. 

      232. Докторлық диссертацияны қорғау жөнінде оң шешім қабылданған жағдайда 

кеңестің ғалым хатшысы философия докторы немесе бейіні жөніндегі ғылыми дәрежесін 

беру туралы докторанттың жеке ісін қалыптастырады. 

      Ескерту. 232-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94


 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен. 

      233. Докторлық диссертацияны қорғау туралы докторанттың жеке ісінде мынадай 

материалдар болуы тиіс: 

      1) докторлық диссертация; 

      2) ғылыми консультанттардың пікірлері; 

      3) диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдардың бедері; 

      4) қорғауға жіберілген ұсынымдамасы туралы бітіртіп шығарушы кафедраның шешімі 

(кафедра отырысы хаттамасының көшірмесі); 

      5) алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94

 (алғаш рет 



ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

бұйрығымен. 

      6) екі ресми оппоненттің рецензиялары; 

      7) докторлық диссертацияны қорғаудың стенограммасы; 

      8) докторлық диссертацияны қорғау бойынша құпия дауыс берудің нәтижесі туралы 

есеп комиссиясының хаттамасы; 

      9) жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі; 

      10) кешенді емтиханды тапсыру туралы МАК отырысы хаттамасының көшірмесі; 

      11) докторантураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру жөніндегі транскриптің 

көшірмесі. 

      Ескерту. 233-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94


 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен. 

      234. Докторлық диссертацияны қорғағаннан кейін бір ай мерзім ішінде докторлық 

диссертацияны қорғау туралы докторанттың жеке ісі білім және ғылым саласындағы 

уәкілетті органға ұсынылады. 

      235. Докторанттардың кешенді емтиханының нәтижелері бойынша МАК кеңестің 

төрағасы олардың нәтижелері туралы есеп жасайды және бір айлық мерзімде жоғары оқу 

орнының басшысына ұсынады.  

      Ескерту. 235-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94


 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен. 

      236. Докторанттардың кешенді емтихандарының нәтижелері туралы есеп кестелер мен 

түсіндірме жазбаны қамтиды. 

      2 кестеге осы Ереженің 11-қосымшасында келтірілген көрсеткіштер жазылады. 


      Түсіндірме жазбада: 

      1) аталған мамандық бойынша жоғары оқу орнында докторлар даярлаудың деңгейлері; 

      2) кешенді емтиханда анықталған білім алушының біліміне мінездеме; 

      3) аталған мамандық бойынша докторларды даярлаудың сапасын талдау; 

      4) докторлар даярлаудағы кемшіліктер; 

      5) докторлар даярлауды одан әрі жетілдіру жөніндегі нақты ұсынымдамалар жөнінде 

мәліметтер болуы қажет. 

      Ескерту. 236-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94

 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 



енгізіледі) бұйрығымен. 

      237. Докторанттардың кешенді емтихандарының нәтижелері туралы есепті МАК 

төрағасы қол қояды, жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады 

және бекітіледі. 

      Ескерту. 237-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94


 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен. 

      238. алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94


 (алғаш рет 

ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

бұйрығымен. 

      239. Жоғары оқу орны докторантурада білім алушылардың кешенді емтихан 

аяқталғаннан кейін докторанттарды қорытынды аттестаттаудың нәтижесі туралы есепті 

білім саласындағы уәкілетті органға ұсынады. 

      Ескерту. 239-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 

№ 94


 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен. 

      239-1. Жыл сайын диссертациялық кеңес ағымдағы жылғы қаңтарда білім беру 

саласындағы уәкілетті органға кесте мен түсіндірме жазба енгізілген докторлық 

диссертацияларды қорғаудың нәтижелері туралы есеп береді. 

      3, 4 кестеде осы Ережеге 11-қосымшада келтірілген көрсеткіштер көрсетіледі. 

      Түсіндірме жазбада: 

      1) докторлық диссертациялардың ғылымның, техниканың, мәдениеттің және 

өндірістің қазіргі жай-күйіне сәйкестігі; 

      2) докторлық диссертациялардың орындалу сапасы. 

      Ескерту. 239-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 

2011.03.16 

№ 94

 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң 



қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

      240. Докторанттардың докторлық диссертацияны қорғау нәтижелеріне докторлық 

диссертацияны қорғаған докторанттардың тізімі олардың аты-жөні, мамандығы, берілген 

дипломның нөмірі көрсетіле отырып тіркеледі. Тізімге жоғары оқу орнының басшысы қол 

қояды. 

      Ескерту. 240-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.16 



№ 94

 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен. 

Білім алушылардың үлгерімін         

ағымдық бақылау, аралық және        

қорытынды мемлекеттік аттестаттау   

жүргізудің үлгі ережесіне 1-қосымша 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет