Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата22.02.2017
өлшемі0,75 Mb.
#4694
  1   2   3   4   5   6   7

Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық 

бақылау, аралық және қорытынды 

аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін 

бекіту туралы 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 

Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 21 сәуірде 

Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5191 болып 

енгізілді. 

 



Мәтін 

 



 

Ресми жарияланым  

 

Ақпарат 



 

 



Өзгерістер тарихы 

 



 

Сілтемелер 

 



 



Көшіру 

 



 

Басқа  


      Қолданушылардың назарына!!!  

      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 

5-тармақтан

 қараңыз.  

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 

13.05.2016 

№ 318

 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) 



бұйрығымен. 

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 

5-

бабының


 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 

      1. Қоса беріліп отырған:  

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің 

білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім 

алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды 

аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі; 

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта оқу 

орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы 

бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі; 

      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Жоғары оқу орындарында білім 

алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау 

жүргізудің үлгі ережесі бекітілсін. 

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04 

№ 

142



 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) Бұйрығымен. 

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев): 

      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет 

министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат 

құралдарында жарияласын. 

      3. "Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, 

аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы" 


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 

481 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді 

мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4394 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға 

жүктелсін. 

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі.  

      Министр                                      Ж. Түймебаев  

Қазақстан Республикасы   

Білім және ғылым министрінің  

2008 жылғы 18 наурыздағы    

N 125 бұйрығымен      

бекітілген            



Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін  

оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы  

білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды  

аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі  

      Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.02.10 

№ 44

 

(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 



енгізіледі) Бұйрығымен. 

       Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "білім департаментінің директоры" деген сөздер "білім 

басқармасының бастығы" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Білім және ғылым 

министрінің 2009.01.20 

N 14 

Бұйрығымен. 



      Ескерту. бүкіл мәтін бойынша «департаменттері», «департаменттерінің», 

«департаментімен» деген сөздер «басқармалары», «басқармаларының», 

«басқармаларымен» деген сөздермен ауыстырылсын - ҚР Білім және ғылым министрінің 

2011.02.10 

№ 44

 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң 



қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен. 

1. Жалпы ережелер  

      1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске 

асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы 

бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу үлгі ережесі (бұдан әрі 



Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 

5-бабы


 19) тармақшасына 

сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан 

білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылаудың, оларды аралық және қорытынды 

аттестаттаудың тәртібін анықтайды. 

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.02.10 

№ 

44



 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) Бұйрығымен. 

      2. Осы ережеде мынадай анықтамалар қолданылады:  

      1) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау - бұл мұғалімнің жалпы білім 

беретін бағдарламаға сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізетін білім алушылардың 

білімдерін жүйелі тексеру;  



      2) білім алушыларды аралық аттестаттау - оқушының бір оқу пәнін оқып аяқтағаннан 

кейінгі бөлігінің немесе барлық көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында 

жүргізілетін рәсім;  

      3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың білім беру деңгейінің 

мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру 

дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім; 

      4) алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 

№ 318


 (алғашқы 

ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.02.10 

№ 

44



 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі); 13.05.2016 

№ 318

 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа 



енгізіледі) бұйрықтарымен. 

2. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды,  

аралық аттестаттауды өткізудің тәртібі  

      3. Бастауыш сыныптарда білім алушылар тоқсандық (жарты жылдық) бағаларының 

негізінде аттестатталады.  

      1-сынып оқушылары психологиялық-медициналық педагогтік консультацияның 

ұсынымдары және ата-аналарының келісімі (немесе өзге де заңды өкілдердің) бойынша 

қалдырылған оқушыларды қоспағанда қайта оқу жылына қалдырылмайды.  

      Бірінші сыныптың  бірінші жарты  жылдығында оқу материалдарын меңгеру деңгейіне 

баға қойылмайды.  

      4. 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардан келесі сыныпқа емтихан бағаларын есепке ала отырып, 

барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды бағалары «3», «4», «5» болған 

білім алушылар көшіріледі. 

      Барлық оқу пәндері бойынша жылдық бағалары «5» болған 5-8 (9), 10 (11)-

сыныптардың білім алушылары келесі сыныпқа емтихансыз көшіріледі. 

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.06.28 

№ 

241


 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен. 

      5. Жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау негізгі орта, 

жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін: 

      негізгі мектепте (9-сыныптан кейін – оқытудың одан әрі траекториясын айқындау 

мақсатында; 

      жалпы орта (бейіндік) мектепте – оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында 

өткізіледі. 

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04 

№ 

142



 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) Бұйрығымен. 

      6. 2-8 (9), 10 (11)-сыныптардағы білім алушылардың оқу үлгеріміне ағымдағы 

бақылауды әрбір тақырып пен тарау бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламалық 

материалдарды меңгергендігін тексеру мақсатында барлық оқу пәндерінің мұғалімдері 

өткізеді.  

      7. 5-8 (9), 10 (11) сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жылы 

аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін өткізіледі. Орта білім берудің (бастауыш, негізгі 

орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде 

әзірленген оқу бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарларына сәйкес білім беру 

ұйымдары оқу пәндерінің тізбесін (2-ден артық емес), қажеттілігін, нысандары мен 


мерзімдерін белгілейді. 

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 

№ 

318


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

      8. 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11)-cыныптардың білім 

алушылары аралық аттестаттауға жіберіледі. Үш немесе одан да көп пәндерден 

қанағаттанарлықсыз бағалары бар білім алушылар білім беру ұйымдарының 

педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша қайта оқу жылына қалдырылады және білім 

беру ұйымының бұйрығымен ресімделеді.  

      9. Кемінде екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-4-сыныптардың білім 

алушылары үшін педагогикалық кеңестің шешімі бойынша ауызша, жазбаша немесе тест 

тапсырмалары нысандарындағы бақылау жұмыстары ұйымдастырылады "3", "4", "5" 

бағалар алған білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі.  

      10. 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардың білім 

алушылары осы пәндер бойынша қайта аттестаттауға жатады. Жазғы каникул уақытында 

осы білім алушыларға пәндер бойынша тиісті оқу тапсырмалары беріледі.  

      Қайта аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізіледі. Қайта 

аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған жағдайда білім алушылар 

қайта оқу жылына қалдырылады немесе ата-аналарының келісімі (және өзге де заңды 

өкілдердің) және медициналық педагогтік консультацияның ұсынымдары бойынша 

теңестіріп оқытатын сыныптарға ауыстырылады.  



3. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі  

      11. Негізгі орта, жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын меңгеру білім 

алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда 

өткізіледі: 

      1) 9 (10)-сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды емтихан; 

      2) 11 (12)-сыныптардың білім алушылары үшін ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - 

ҰБТ) немесе мемлекеттік бітіру емтихандары. 

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.06.28 

№ 

241


 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен. 

      12. Орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсуге тілек 

білдірген бітірушілер, жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын, жалпы орта 

білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін 

пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының 

жүлдегерлері үшін қорытынды аттестаттау міндетті түрде ҰБТ нысанында өтеді. 

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 маусымдағы Заңының 5-

бабы, 

29-1) тармақшасына



 сәйкес тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган 

анықтайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен 

ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) соңғы үш жылдағы 

жеңімпаздары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының

халықаралық мектептердің бітірушілері осы бұйрыққа 

1-1-қосымшаға

 сәйкес жалпы білім 

беретін пәндер бойынша жалпы орта білім туралы аттестаттың қорытынды бағаларын 

ҰБТ сертификаттарының балына ауыстыру шкаласы негізінде берілген ҰБТ 

сертификатын алу арқылы ҰБТ-дан босатылады. 

      ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген бітірушілер қорытынды аттестаттауды білім беру 

ұйымында мемлекеттік бітіру емтиханы нысанында өтеді. 

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.06.28 

№ 


241

 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 

№ 318


 

(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен. 

      13. Халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелдерде білім алған оқушылар, 

республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың бітірушілері, «Білім алушыларды 

қорытынды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 2012 жылғы 27 ақпандағы № 261 

қаулысымен

 белгіленген жағдайларда ҰБТ-ға 

қатыспаған білім алушылар қорытынды аттестаттаудан білім беру ұйымдарында пәндер 

бойынша мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өтеді. 

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.06.28 

№ 

241



 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен. 

      14. Білім алушыларды қорытынды атестаттауды қорытынды емтихан және 

мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - емтихан 

комиссиясы) жалпы білім беру ұйымдарында өткізеді. 

      Білім беру ұйымдарының басшылары басқаратын емтихан комиссияларының 

құрамына білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары, әдістемелік бірлестік 

жетекшілері, пән мұғалімдері кіреді. 

      Емтихан комиссияларының саны мен жеке құрамы (кемінде 5 адам) жыл сайын 20 

сәуірден кешіктірілмей білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі және 

күнтізбелік жыл бойы күшінде болады. 

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.06.28 

№ 

241


 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен. 

      15. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04 

№ 142


 (алғаш рет 

ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

Бұйрығымен. 

      16. Қорытынды аттестаттау өткізілетін оқу пәндерінің тізбесін және 9 (10) 

сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды емтихан, 11 (12) сыныптардың білім 

алушылары үшін ҰБТ және мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу мерзімін Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) белгілейді. 

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.06.28 

№ 

241


 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен. 

      17. Қорытынды аттестаттауға Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 

білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес жалпы 

білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім 

алушылары жіберіледі. 

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 

№ 

318



 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

      18. Жалпы білім беретін мектептердің 5-11 (12) сыныптарындағы білім алушылардың 

пәндер бойынша қорытынды бағасы тоқсандық, жылдық және емтихан бағаларын ескере 

отырып орташа арифметикалық баға негізінде қойылады. Дау тудыратын жағдайда бағаны 

дөңгелектеу көтеру жағына жасалады. 

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 

№ 

318


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

      19. 1-2 пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10)-сыныптардың білім 

алушыларына педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды аттестаттау өткенге 

дейін қосымша бақылау жұмыстарын (жазбаша және тест тапсырмалары нысанында) 

орындауға рұқсат етіледі.  


      20. Білім алушылардың денсаулық жағдайларына байланысты еңбек және дене 

тәрбиесі сабақтарынан босату оларды келесі сыныпқа көшіру мен қорытынды 

аттестаттауға жіберілуіне әсер етпейді. 

      21. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша: 

      1) бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және 11 (12)-

сыныптарының білім алушыларына білім беру ұйымдарында тиісті оқу пәндері бойынша 

емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттауға рұқсат етіледі

      Тиісті оқу пәндері бойынша 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қайта 

қорытынды емтихандарды және 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік 

бітіру емтихандарын өткізу мерзімін облыстық, Астана және Алматы қалалық білім 

басқармалары, сондай-ақ облыстық білім басқармаларының келісімімен аудандық және 

қалалық білім бөлімдері ағымдағы жылдың 25 маусымынан кешіктірмей белгілейді. 

      2) үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 9 (10)-

сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады; 

      3) үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 11 (12)-

сыныптың білім алушыларына олардың жалпы орта білімнің толық оқу курсын өткендігі 

туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі. 

      Келесі оқу жылы аяқталғаннан кейін жалпы орта білімнің толық оқу курсын өткендігі 

туралы анықтама алған білім алушыларды білім беру ұйымдарында тиісті оқу пәндері 

бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттауға рұқсат етіледі. 

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.06.28 

№ 

241



 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен. 

      22. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.06.28 

№ 241


 (алғаш рет 

ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

бұйрығымен. 

      23. Жазғы тапсырмалар мен қайта тапсырылатын емтихандардың материалдары 

(жазбаша, ауызша, тестілеу нысанында) білім беру ұйымында әзірленеді.  

      Жазғы тапсырмаларды қанағаттанарлық орындаған және емтихандарды қайта 

тапсырған білім алушылар білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі 

негізінде білім беру ұйымының бұйрығымен келесі сыныпқа көшіріледі.  

      24. Барлық пәндерден үлгеретін білім алушылар мемлекеттік аттестаттаудан 

облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының бұйрықтарымен, 

республикалық білім беру ұйымдарының білім алушылары Министрліктің бұйрығымен 

мынадай жағдайларда босатылады:  

      1) денсаулық жағдайына байланысты;  

      2) I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедек, мүгедек-балалар;  

      3) Қазақстан Республикасының командасы атынан халықаралық олимпиадаларға 

(жарыстарға) қатысатын кандидаттардың жазғы жиынына қатысушылар.  

      25. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрық мынадай 

құжаттар негізінде шығарылады: 

      1) мектеп дәрігерінің (ауылдық жерде - аудандық педиатрдың) ұсынысы бойынша 

жасалған білім алушының тұрғылықты жеріндегі емхананың дәрігерлік-консультациялық 

комиссиясының қорытындысы. 

      2) педагогикалық кеңес шешімінің көшірмесі және мектептің қолдау хаты

      3) үлгерім табельдері және білім алушының тәртібі. 

      Осы тармақтың 

2)

 және 


3) тармақшаларында

 көрсетілген құжаттар білім беру ұйымы 

басшысының қолымен және білім беру ұйымының мөрімен расталады. 


      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.06.28 

№ 

241



 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен. 

      26. Қорытынды аттестаттау кезеңінде ауырып қалған 9 (10)-сыныптың білім 

алушылары өтіп кеткен емтихандарын тапсыруға мүмкіндік беріледі. 

      27. Міндетті емтихан жұмыстарының тақырыптары мен мәтіндерін облыстық, Астана 

және Алматы қалаларының білім басқармалары дайындайды. 

      28. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.06.28 

№ 241


 (алғаш рет 

ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 

бұйрығымен. 

      29. Комиссия мүшелерінің көпшілік дауыстарының шешімімен оның төрағасы 

келіспеген жағдайда мәселені аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері шешеді. 

      30. Білім алушы жазбаша жұмысына қойылған бағалармен келіспеген жағдайда, 

емтихан бағасы жарияланғаннан кейін келесі күнгі 13 сағат ішінде республикалық білім 

беру ұйымдарының оқушыларына арналған Министрліктің, аудандық (қалалық) 

бөлімдері, облыстық (қалалық) білім басқармалары жанынан құрылған апелляциялық 

комиссияға шағымдануына құқығы бар. 

      31. 9 (10), 11 (12) сыныптардың бітірушілерін мерзімінен бұрын қорытынды 

аттестаттауға білім алушылар шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты 

орнын шетелге ауыстырған жағдайда жіберіледі және ол оқу жылының аяқталуына дейін 

2 ай бұрын қорытынды емтихандар немесе мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында 

өткізіледі. 

      Оқушылардың халықаралық алмасу желісінде шетелде оқуға баратын және сол жақта 

білім беру мекемелерін аяқтайтын 11 (12) сыныпты бітірушілер Қазақстан 

Республикасының білім беру ұйымдарында 11 (12) сынып үшін қорытынды емтиханнан 

өтуі қажет. Шетелде оқыған пәндерден алған бағаларын, білім беру ұйымдарында 

алдыңғы сыныптарда алған жылдық және қорытынды бағаларын есепке ала отырып және 

қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін оларға жалпы орта білім туралы аттестат 

беріледі. 

      Оқушылардың халықаралық алмасу бағдарламасының финалистері оқушылардың 

халықаралық алмасу желісімен кеткенге дейін оқыған жалпы білім беретін мектебіндегі 

контингенттің есебінде толық оқу курсын оқыған кезеңде болады. 

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016 

№ 

318


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

      32. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы түзеу мекемелерінде 

қорытынды емтихандарды және мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу қажеттілігі 

туралы мәселені медициналық диагнозына сәйкес жергілікті білім беру органдары 

шешеді. 

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.06.28 

№ 

241


 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі) бұйрығымен. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет