4. ҰБТ-ны өткізу тәртібі
Ескерту. 4-тарау алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.12.05
№
506
(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Бұйрығымен.
5. Қорытынды емтихандарды және мемлекеттік бітіру емтихандарын
өткізу тәртібі
Ескерту. 5-бөлімнің атауы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің
2013.06.28
№ 241
(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
65. Емтихандар мұғалімдер мен білім алушылар емтихандардың басталуынан 10 күн
бұрын танысатын білім беру ұйымының басшысы бекіткен кесте бойынша өткізіледі.
Кестеде:
әрбір сыныпта бір күнде бір емтиханнан артық болмауы;
әрбір оқу пәні бойынша емтихандар аралығындағы үзіліс екі күннен кем болмауы;
егер пән бойынша екі емтихан қойылса, бірінші жазбаша одан соң ауызша емтиханның
өткізілуі қарастырылады.
66. Білім беру ұйымының негізгі сатысындағы 9 (10)-сыныпта диктантқа - 2 (2,5)
астрономиялық сағат, шығармаға - 4 (4,5) астрономиялық сағат, мазмұндамаға - 3 (3,5)
астрономиялық сағат, математикаға (жазбаша) - 3 (3,5) астрономиялық сағат (математика
пәні тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда - 4 сағат) бөлінеді.
11 (12)-сыныпта шығармаға - 6 (6,5) астрономиялық сағат, мазмұндамаға - 4 (4,5)
астрономиялық сағат, диктантқа - 2 (2,5) астрономиялық сағат, математикаға (жазбаша) - 4
(4,5) астрономиялық сағат (математика пәні тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда - 5
сағат) бөлінеді.
67. Жазбаша емтихандарды өткізу үшін неғұрлым үлкен сынып бөлмелерін дайындау
қажет: 11 (12)-сыныптағы білім алушылар бір-бірден, ал 9 (10)-сыныптағы білім
алушылар бір-бірден немесе екіден үстелге немесе партаға отырғызылады.
Жазбаша жұмыстарды орындау және ауызша жауапқа дайындалу үшін білім
алушыларға мектептің мөртабаны басылған қағаз беріледі. Жұмыстарын орындаған білім
алушылар оны жоба жазумен (черновикпен) бірге емтихан комиссиясына тапсырады.
Жұмыстарын емтиханға арналып бөлінген уақыт ішінде аяқтай алмаған білім
алушылар сол аяқтамаған қалпында тапсырады.
68. Жазбаша емтихан өтіп жатқан кезеңде (диктанттан басқа) білім алушының 5
минутқа сынып бөлмесінен шығуына рұқсат беріледі. Ондай жағдайда ол жұмысын
емтихан комиссиясына тапсырады, емтихандық жұмысына білім алушының шығып
келген уақыты жазылады.
69. Жазбаша емтихан аяқталғаннан кейін емтихан жұмыстарын комиссия мүшелері
білім беру ұйымының ғимаратында тексереді.
Тексерілмеген жұмыстар білім беру ұйымының басшысына сақталуға тапсырылады.
Тексеру кезінде қателердің асты сызылады.
Жалпы орта білім курсы бойынша шығармадағы, мазмұндамадағы, диктанттағы
қателер саны жеке көрсетіледі.
Шығармаға, мазмұндамаға және математика пәні бойынша жазбаша жұмыстарға "2"
(қанағаттанарлықсыз) және "5" (үздік) бағалары қойылған қысқаша пікір жазылады.
Тіл мен әдебиет бойынша қайта жазбаша аттестаттау нысанын білім беру ұйымының
емтихан комиссиясы белгілейді.
9 (10) және 11 (12)-сыныптарындағы шығарма екі бағамен, негізгі және жалпы орта
білім беру курсындағы математика пәні бойынша жазбаша емтихан жұмысы - бір бағамен
бағаланады.
70. Негізгі жалпы білім туралы үздік куәлікті алуға үміткер 9 (10)-сынып, сондай-ақ
өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептің жалпы орта білім туралы "Алтын
белгі" аттестатын алуға үміткер білім алушыларының, ҰБТ-ға қатыспайтын
республикалық музыкалық мектеп-интернаттары жалпы орта білім туралы үздік
аттестатқа үміткер 11 (12)-сынып білім алушыларының жазбаша емтихан жұмыстарын
оқу орнының емтихан комиссияcының мүшелері емтихан тапсырғаннан кейінгі бір күн
ішінде, үміткерлер көп болған жағдайда екі күн ішінде тексереді.
71. Жалпы білім беретін мектептердің барлық сыныптарындағы жазбаша емтихан
жұмыстары жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 9-да басталады. Ерекше жағдайларда
(білім беру ұйымында білім алушылардың саны көп болғанда осы ереженің талаптары мен
тәртібін сақтау үшін) емтихандарды бірнеше мерзімде немесе келесі күні (ауызша
емтиханды өткізу бойынша) екінші нұсқа бойынша өткізуге болады.
Шығарма тақырыптары, диктант және мазмұндама мәтіндері салынған пакеттер білім
алушылар мен емтихандық комиссия мүшелерінің қатысуымен емтиханның басталуына
15 минут қалғанда ашылады.
Математикадан материалдар салынған пакеттер 9-11 сыныптарда емтихан комиссиясы
мүшелерінің ғана қатысуымен ұсынылған есептер шартының дұрыстығын тексеру үшін
емтихан басталуынан 1 сағат бұрын ашылады.
72. Ауызша емтиханды өткізу үшін 25-тен астам білім алушысы бар сынып екі топқа
бөлінеді және олар емтиханды бірінен соң бірі сол күні тапсырады.
73. Жауап дайындау үшін оқушыға 20 минуттан кем емес уақыт беріледі. Егер білім
алушы билет бойынша сұрақтарға жауап бермесе, емтихандық комиссия оған екінші
билет алуға рұқсат етеді (бұл жағдайда бағасы 1 балға төмендейді).
74. Әрбір пән бойынша ауызша немесе жазбаша емтихан өткізілгеннен кейін
емтихандық комиссия білім алушыға емтихан бағасы мен қорытынды бағаларын қояды,
осы ереженің 3-қосымшасына сәйкес Жалпы орта білім берудің негізгі орта, жоғары орта
деңгейіндегі емтихан және қорытынды бағалардың хаттамасына (бұдан әрі - Хаттама)
енгізеді.
Хаттамаға осы пәннің емтихандық комиссиясының мүшелері қол қояды.
Ескерту. 74-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.02.10
№ 44
(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Бұйрығымен.
75. Емтихан комиссиясы қорытынды бағаларды шығарарда төмендегілерді
басшылыққа алуы керек:
1) пән бойынша қорытынды баға жылдық және емтихан бағаларының негізінде
ағымдағы оқу жылының тоқсандық (жарты жылдық) бағаларын ескере отырып
анықталады;
2) емтихан бағасы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда оң қорытынды баға
қойылмайды;
3) қорытынды баға емтихан бағасынан жоғары болмайды.
76. Егер бір пәннен ауызша және жазбаша емтихандар өткізілсе, екі емтиханды
тапсырғаннан кейін бір ғана қорытынды баға қойылып, жазбаша мен ауызша
емтихандардың тиісті хаттамасына жазылады. Жазбаша жұмысы "үздік" бағаланып,
ауызша емтиханнан алған баға "4"-тен төмен болмай, тоқсандық және жылдық бағасы "5"
болған жағдайда емтихандық және қорытынды бағаға "бес" қойылады.
77. Оқу сабақтары ұйымдастырылған емдеу мекемесінде емделіп жатқан білім
алушыларға қорытынды бағаны қою кезінде, осы емдеу мекемесінің жанындағы жалпы
білім беретін мектепте (сыныпта немесе топта) алған тоқсандық (жарты жылдық) және
жылдық бағалары ескеріліп қойылады.
78. Білім алушылардың ауызша емтиханда алған бағалары осы сыныптағы немесе
топтағы емтихан аяқталғаннан кейін хабарланады. Білім алушыларға жазбаша өтініші
негізінде оған Жұмыстарды көрсетуді ұйымдастыру білім алушының осы білім беру
ұйымының емтихан комиссиясының төрағасының қатысуымен өз жазба жұмыстарының
тексеру нәтижелерімен танысуға мүмкіндік беріледі.
79. Кезекті емтиханнан «2» алған 9 (10) және 11 (12)-сыныптардың білім алушылары
келесі емтиханға жіберіледі.
Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.06.28
№
241
(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
6. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі республикалық
комиссия жұмысының тәртібі
80. Негізгі орта білім туралы үздік куәлікті алуға үміткер республикалық мектеп-
интернаттардың 9-сынып білім алушыларының жазбаша емтихан жұмыстарын қарау үшін
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Білім алушыларды
қорытынды аттестаттау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - комиссия)
құрылады.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын және өкілі басқаратын
комиссия құрамына пән мұғалімдері, бағынысты ұйымдардың өкілдері қосылады.
Комиссия мүшелерінің саны он бес адамнан кем болмауы керек.
Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.06.28
№
241
(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
81. Республикалық комиссия жазбаша жұмыстарды тексеруді және емтихан
комиссияларының қазақ тілі мен әдебиетінен, орыс тілі мен әдебиетінен, математика
пәндерінен үміткерлерге қойған бағаларын растауды, сондай-ақ «Алтын белгі» белгісін
алуға үміткерлердің құжаттарын осы Ереженің және Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 532
бұйрығымен
бекітілген
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10115 болып
тіркелген) «Алтын белгі» белгісі туралы ереженің талаптарына сәйкестігін тексерген
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, республикалық
білім беру ұйымдары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы
ұсынған актілерді қарауды жүзеге асырады.
Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016
№
318
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
82. Жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан
Республикасының білім беру ұйымдары типіне, түріне, меншік нысанына және
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ағымдағы жылғы 1 мамырға дейін
Министрлікке жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға кандидаттар
туралы (тегі, аты, әкесінің аты, оқу орнының аты және нөмірі, облыс, қаласы) бейіні мен
оқу тілі көрсетілген мәліметтер береді.
Республикалық білім беру ұйымдары негізгі орта білімі туралы үздік куәлік және
жалпы орта білім туралы үздік аттестаттан үміткер білім алушылардың қосымша жеке
тізімін ұсынады.
83. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының және
республикалық білім беру ұйымдарының, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім
беру ұйымының жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер
бойынша (үміткерлердің құжаттарын тексеру актілері) ұсыныстары Министрлікке
ағымдағы жылғы 25 мамырдан кешіктірілмей жеткізілуі керек.
Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016
№
318
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
84. Ағымдағы жылғы 20 маусымнан кешіктірілмей жұмыс қорытындысын шығару
және «Алтын белгі» белгісімен марапатталған білім алушылардың тізімін бекіту туралы
шешім қабылдау жөніндегі ҚАРК-нің соңғы отырысы өткізіледі.
Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04
№
142
(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Бұйрығымен.
85. "Алтын белгі" жалпы орта білім туралы аттестатын алуға білім алушылардың
кандидатураларын бекіту туралы ҚАРК-нің шешімі Министрдің бұйрығымен бекітіледі.
86. Барлық емтихандар аяқталғаннан кейін және Министрдің бұйрығын алғаннан кейін
білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі емтихан комиссиясының барлық мүшелерінің
қатысуымен оқушылардың қорытынды аттестаттауы нәтижелерін талқылайды және оқу-
тәрбие жұмысының сапасын арттыру жөніндегі нақты шараларды қабылдайды.
7. Жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарында экстерндерді аттестаттау
Ескерту. Үлгі ереже 7-бөліммен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің
2011.02.10
№ 44
(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі); алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016
№
318
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білімнің білім
беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарындағы білім алушылардың
үлгеріміне ағымдық бақылаудың,
оларды аралық және қорытынды
аттестаттаудың үлгі ережесіне
1-қосымша
Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2008.06.18
N 260
(қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан
қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.12.25
№
590
Бұйрықтарымен.
ҰБТ сертификатының балдарын жалпы орта білім туралы
аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласы
N
р/с
Пән
2 (қанағат-
танарлық-
сыз)
3 (қанағат-
танарлық)
4 (жақсы)
5 (үздік)
1.
Қазақ тілі
0-3
4-13
14-20
21-25
2.
Орыс тілі
0-3
4-13
14-20
21-25
3.
Қазақстан тарихы
0-3
4-13
14-20
21-25
4.
Математика
0-3
4-11
12-19
20-25
5.
Физика
0-3
4-11
12-19
20-25
6.
Химия
0-3
4-11
12-19
20-25
7.
Биология
0-3
4-13
14-20
21-25
8.
География
0-3
4-13
14-20
21-25
9.
Дүниежүзі тарихы
0-3
4-13
14-20
21-25
10.
Қазақ әдебиеті
0-3
4-13
14-20
21-25
11.
Орыс әдебиеті
0-3
4-13
14-20
21-25
12.
Ағылшын тілі
0-3
4-13
14-20
21-25
13.
Неміс тілі
0-3
4-13
14-20
21-25
14.
Француз тілі
0-3
4-13
14-20
21-25
15.
Қазақ тілі орыс
мектептеріне
арналған
0-3
4-11
12-17
18-25
16.
Орыс тілі қазақ
мектептеріне
арналған
0-3
4-11
12-17
18-25
Бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білімнің білім
беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарындағы білім алушылардың
үлгеріміне ағымдық бақылаудың,
оларды аралық және қорытынды
аттестаттаудың үлгі ережесіне
1-1-қосымша
Жалпы білім беретін пәндер бойынша жалпы орта білім туралы
аттестаттың қорытынды бағаларын ҰБТ сертификаттарының балына
ауыстыру шкаласы
Ескерту. Ереже 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің
2012.04.04
№ 142
(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
№
Пән
3
(қанағаттанарлық)
4
(жақсы)
5
(өте жақсы)
1. Қазақ тілі
13
20
25
2. Орыс тілі
13
20
25
3. Қазақстан тарихы
13
20
25
4. Математика
14
21
25
5. Физика
14
21
25
6. Химия
14
21
25
7. Биология
13
20
25
8. География
13
20
25
9. Дүниежүзілік тарих
13
20
25
10. Қазақ әдебиеті
13
20
25
11. Орыс әдебиеті
13
20
25
12. Ағылшын тілі
13
20
25
13. Неміс тілі
13
20
25
14. Француз тілі
13
20
25
15.
Қазақ тілі орыс
мектептеріне
арналған
14
21
25
16.
Орыс тілі қазақ
мектептеріне
арналған
14
21
25
Бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білімнің білім
беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарындағы білім
алушылардың үлгеріміне
ағымдық бақылаудың, оларды
аралық және қорытынды
аттестаттау жүргізудің үлгі
ережесіне 2-қосымша
Нысан
Аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзған мектеп бітірушіні аудиториядан
шығару және тыйым салынған заттың тәркіленуі туралы
АКТ
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.02.10
№ 44
(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Бұйрығымен.
___________________________________________________________
(ҰБТӨП атауы)
«___»_________________201_____ж. _______сағ. ________мин.
Министрлік өкілі __________________________________________
(аты-жөні)
Аудитория кезекшісі _______________________________________
(аты-жөні)
Тестілеу уақытында мектеп бітірушіден: Аты-
жөні______________________________________, ТЖК_____________, аудитория
№______, орын №______, нұсқа №______ Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің
білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім
алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды
аттестаттаудың үлгі ережесінің 47-тармағының және Ұлттық бірыңғай тестілеуді
ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығының 125-тармағының бұзылғандығын дәлелдейтін
төмендегі заттар табылды: ___________________________________________
_____________________________________________________________________
(ұялы телефонның маркасы, саны және мәліметтері бар шпаргалка және т.б.)
Осы фактіні есепке алып қаулы етілді:
- Емтихан материалдарын алу;
- Бітірушіні: Аты-жөні________________, ТЖК_____________ №_____ аудиториядан
шығару және емтихан материалдарын жою.
Осы дәлелді ескере отырып, бітірушіден табылған заттар мен оның емтихан
материалдары алынды және өзі аудиториядан шығарылды.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(осы актіні құрған тұлғалардың аты-жөні және қолдары)
актпен таныстым:
_____________________________________________________________________
(мектеп бітірушінің аты-жөні және қолы)
актпен таныстым:
_____________________________________________________________________
(ҰБТӨП жетекшісінің аты-жөні және қолы)
Мерзімі: _______________
М.О.
(ҰБТӨП мөрі)
Бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білімнің білім
беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарындағы білім
алушылардың үлгеріміне
ағымдық бақылаудың, оларды
аралық және қорытынды
аттестаттау жүргізудің үлгі
ережесіне 3-қосымша
Нысан
ЕМТИХАН ҚҰЖАТТАМАСЫ
Жалпы орта білім берудің негізгі орта, жоғарғы орта деңгейіндегі емтихан
және қорытынды бағалардың
ХАТТАМАСЫ
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.02.10
№ 44
(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы _____________________ облысының ______________ қаласының
(селосының) ___________ ауданының _________ №______ мектебі ____ сыныбы
_____________________ пәнінен ___________________
Емтихан комиссиясы төрағасының Т.А.Ә. _______________________________
Емтихан алушының Т.А.Ә. _____________________________________________
Ассистенттердің Т.А.Ә. ______________________________________________
Білім басқармасы жіберген емтиханға арналған материалдары бар пакет ______ сағ
_______мин. ашылды.
Онда емтихан жүргізу үшін қажетті мынадай материалдар бар (пакет ішіндегі
материалдар хаттамаға қоса тігіледі).
Емтиханға ________________________________________ оқушы қатысты.
_____________________________________________________________________
(келмей қалған оқушының тегі және аты)
_____________________________________________________________________
Емтихан______________сағат_____________минутта басталды.
Емтихан______________сағат_____________минутта аяқталды.
5-8-сынып оқушыларының көшіру емтихандарында осы хаттаманы қолданады.
№
р/с
Емтихан
тапсырушының тегі,
аты, әкесінің аты
Жазбаша жұмыстың
тақырыбы және
нұсқасы, билет
№______
Емтихан
бағасы
(жазумен)
Жылдық
бағасы
(жазумен)
Қорытынды
бағасы
(жазумен)
1
2
3
4
5
6
Комиссия мүшелерінің жеке оқушылардың жауаптарын бағалау туралы ерекше пікірлері
___________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Емтихан өткізу күні 201 ___ж. «_____»__________________
Бағаларды хаттамаға жазу күні 201__ ж. «___»___________
Емтихан комиссиясының төрағасы
Емтихан алушы мұғалім
Ассистенттер
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 18 наурыздағы
N 125 бұйрығымен
бекітілген
Достарыңызбен бөлісу: |