Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды,
аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу ережесі 1. Негізгі ережелер
1. Осы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы
білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды
аттестаттауды өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 5-бабының 19-тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды,
аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай анықтаулар пайдаланылған:
1) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау - бұл оқытушының пәнді оқыту
бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізген білім алушылардың білімін
жүйелі тексеруі;
2) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының бір оқу пәнін оны зерделеп
бітіргеннен кейін бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеруінің сапасын
бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгеруінің
дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
4) кәсiптiк даярлықты бағалау - техникалық және кәсіптік білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары бітірушілерінің кәсіптік қызметтің
тиісті түрінің шеңберінде жұмысты орындауға біліктілік деңгейiнің сәйкестігі дәрежесін
(қабілетін) анықтау;
5) сертификаттау жөніндегі орган – сәйкестікті растау және кәсiптiк даярлық деңгейiн
бағалау қорытындылары бойынша сертификат беру рәсімін ұйымдастыру үшін
белгіленген тәртіпте аккредиттелген заңды тұлға;
6) біліктілік комиссиясы - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары
бітірушісінің кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау және бiлiктiлiк деңгейін анықтау үшін
құрылатын алқалық орган.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.08.29
№
360
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016
№
318
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
2. Білім алушыларды ағымдағы бақылаудан және аралық аттестаттаудан
өткізу
3. Ағымдағы бақылау пәндер бойынша практикалық және семинарлық сабақтар жоқ
болған жағдайда оқытушының оқу бағдарламасында көзделген міндетті бақылау
жұмыстарын (жазбаша тапсырмалар, рефераттар) тексеруі арқылы жүзеге асырылады.
Бақылау жұмысы бірнеше нұсқа бойынша (4 нұсқадан кем емес) немесе жеке
тапсырмалар бойынша өткізіледі.
4. Оқу жоспарына сәйкес оқыту дәрістік курспен шектелетін пәндер бойынша міндетті
бақылау жұмыстары болмаған жағдайда, үлгерімді ағымдағы бақылау жүзеге
асырылмайды. Мұндай пәндердің тізбесін білім беру ұйымдарының пәндік (циклдік)
комиссиясы анықтайды.
5. Білім алушыларды аралық аттестаттаудан өткізудің пәндер тізбесі мен нысанын
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру ұйымдары белгілейді және оқу жылының басында оқу-тәрбие
процесінің кестесіне енгізіледі.
6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім
алушыларды аралық аттестаттау мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарының негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына
сәйкес жүзеге асырылады, курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау, сынақтар және
емтихандар нысанында, сондай-ақ сынақтар және курстық жобаларды (жұмыстарды)
қорғау емтихандар басталғанға дейін өткізіледі. Курстық жобалар (жұмыстар) аталған пән
бойынша курстық жобаны (жұмысты) орындау үшін жеткілікті білімді меңгеруді
қамтамасыз ететін пәннің теориялық бөлімі немесе тарауы аяқталғаннан кейін
орындалады.
7. Егер ағымдағы семестрдің оқу жоспарында аралық аттестаттау аталған пән бойынша
емтихан немесе қорытынды сынақ түрінде қарастырылмаса, сынақтар келесі семестрге
ауысқан пәндер бойынша өткізіледі.
Сараланған бағамен өткізілетін сынақтар ("үздік", "жақсы", "қанағаттанарлық" және
"қанағаттанарлықсыз") курстық жобалар (жұмыс), кәсіптік тәжірибе бойынша, сондай-ақ
тізбесі оқу жұмыс жоспарына сәйкес айқындалатын арнайы пәндер бойынша жүргізіледі.
8. Білім алушыларды аралық аттестаттау материалдары әрбір оқу пәнінің оқу жұмыс
жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде жасалады.
9. Білім алушыларды аралық аттестаттауға даярлау кезеңінде консультацияға бөлінген
жалпы бюджет уақыты есебінен консультация өткізіледі.
10. Білім алушыларды емтихан нысанында аралық аттестаттаудан өткізу үшін:
- емтихан билеттері (емтихандық бақылау тапсырмалары), тест тапсырмалары;
- емтихан кезінде пайдалануға рұқсат берілген көрнекі құралдар, анықтама
сипатындағы материалдар, нормативтік құжаттар мен техника үлгілері;
- оқу және технологогиялық карталар;
- спорт залдары, жабдықтар, мүкәммалдар;
- емтихан ведомосы дайын болуы қажет.
11. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды қабылдау) сол пәннен семестр
бойы (жарты жылдық) сабақ берген оқытушы немесе білім беру ұйымы басшысының
тапсырмасы бойынша осы пәннің бейініне сәйкес келетін біліктілігі бар оқытушы жүзеге
асырады.
12. Аралық аттестаттауға барлық практикалық, зертханалық, есеп айырысу-кестелік
және курстық жұмыстарды (жобаларды), сынақтарды толық орындаған және әрбір пән
бойынша типтік оқу бағдарламаларына сәйкес ағымдағы білім есебінің қорытындысы
бойынша қанағаттанарлықсыз баға алмаған білім алушылар жіберіледі.
Емтиханға 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағасы бар білім алушы білім беру ұйымы
басшысының рұқсатымен, ал екеуден көп қанағаттанарлықсыз бағасы болса,
педагогикалық кеңестің (бұдан әрі - педагогикалық кеңес) шешімімен жіберіледі.
13. Аралық аттестаттауды өткізу кезінде емтихан билеттері бойынша тапсырмаларды
орындау үшін:
әрбір білім алушыға ауызша емтиханға 25 минуттан көп емес;
жазбаша емтиханды өткізуге:
1) әдебиет (шығарма) бойынша 6 астрономиялық сағаттан;
2) математика және арнайы пәндер бойынша 4 академиялық сағаттан;
3) мемлекеттік тіл және орыс тілі (мазмұндама) бойынша 3 астрономиялық сағаттан;
4) мемлекеттік тіл және орыс тілі бойынша (диктант) 2 астрономиялық сағаттан көп
емес уақыт қарастырылған.
Жазбаша емтихан (тест тапсырмалары) жұмыстары білім беру ұйымының мөртабаны
қойылған қағаздарда орындалады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016
№
318
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Тыңдауға, оқу жұмысын қарауға, спорт көріністеріне байланысты арнайы пәндер
бойынша емтихандарды тиісті әдістемелік пәндік және циклдық, кафедралық
комиссиялардың оқытушылары қабылдайды. Оларды өткізуге бір оқушыға бір
академиялық сағаттан аспайтын нақты уақыт қарастырылады.
15. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды) өткізу кезінде техникалық
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының рұқсатынсыз (оқу ісі,
әдістемелік жұмыстар жөніндегі басшының орынбасарынан, бөлім меңгерушісі мен
пәндік-циклдік комиссияның төрағасынан (төрайымынан) басқа) бөгде адамдардың
қатысуына болмайды.
16. Сырқаттануына байланысты немесе басқа да дәлелді себептермен аралық
аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім білім беретін оқу орнының басшысы оны тапсыруға жеке мерзім белгілейді.
17. Емтихан тапсыру, сонымен бірге курстық жобаларды қорғау кезіндегі білім
алушылардың білімін бағалау цифрлық бес балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады: (5 -
"өте жақсы", 4 - "жақсы", 3 - "қанағаттанарлық", 2 - "қанағаттанарлықсыз").
18. "Қанағаттанарлықсыз" (сынақтан өткен жоқ) деген баға алған жағдайда емтиханды
қайта тапсыру бір пәнге 1 реттен артық рұқсат етілмейді.
Емтиханды (сынақты) қайта тапсыруға пәнді жүргізетін оқытушыға белгіленген
мерзімде бөлім меңгерушісі жазбаша түрде рұқсат берген жағдайда жіберіледі (немесе ол
оқытушы болмаған жағдайда, осы пәннің бейініне сәйкес біліктілігі бар басқа оқытушыға
тапсыруға болады).
19. Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша үшеуден артық қанағаттанарлықсыз
деген баға алған білім алушылар педагогикалық кеңестің шешімі бойынша, техникалық
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен оған
белгіленген үлгіде анықтама беріліп, білім беру ұйымынан шығарылады.
20. Белгіленген курстағы оқу жоспарының талаптарын толықтай орындаған, аралық
аттестаттаудың барлық сынақтары мен емтихандарын табысты тапсырған білім алушылар
келесі курсқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы
басшысының бұйрығымен көшіріледі.
21. Аралық аттестаттауға шығарылмайтын пәндер бойынша қорытынды бағаларды
курстың соңында үлгерімді ағымдағы бақылау бағаларының негізінде оқытушылар қояды.
22. Ағымдағы семестрдің пәндері бойынша зертханалық, практикалық, есептік-
графикалық және курстық жұмыстарды (жобалар), сынақтарды "өте жақсы" деген бағаға
тапсырған үздік білім алушыларға ағымдағы оқу сабақтарынан қол үзбей, мерзімінен
бұрын аралық аттестаттаудың емтихандарын тапсыруға техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен рұқсат беріледі.
3. Білім алушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу
23. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім
алушыларды қорытынды аттестаттау:
1) білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттауды;
2) кәсіби даярлығының деңгейін бағалауды және біліктілікті беруді қамтиды.
23-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім
алушыларды қорытынды аттестаттауды оқу орны білім алушылардың тиісті мамандықтар
бойынша білім беру бағдарламаларын игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізеді.
Ескерту. Ереже 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің
2013.08.29
№ 360
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң
қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
24. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу үшін
білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен аттестаттау емтихан комиссиясы құрылады.
Аттестаттау емтихан комиссиясының құрамы кәсіпорындардың білікті мамандарынан,
арнайы пәндер оқытушыларынан, өндiрiстiк оқыту шеберлерiнен және оқу орнын
басқарудың алқалық органдары өкілдерінен, яғни жұмыс берушілер өкілдерінен 65% және
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдерінен
35% арақатынасында құрылады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016
№
318
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
25. Комиссия қорытынды аттестаттауды өткізу кезеңінде қорытынды аттестаттауды
өткізуге бір ай қалғанда құрылады.
26. Комиссия:
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарттарында белгіленген білім алушылардың теориялық және практикалық
даярлық деңгейінің сәйкестігін;
білім алушылардың кәсіптері (мамандықтары) бойынша оқу бағдарламалары мен
біліктілік сипаттамасының талаптарына сәйкестігін, өндірістік оқыту, жалпы кәсіптік
және арнайы пәндерден нақты білім деңгейін, іскерлік және тәжірибелік жұмыс дағдысын
анықтайды.
27. Комиссия отырыстарының ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспауы қажет.
28. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім
алушыларды қорытынды аттестаттау оқу процесінің кестесінде көрсетілген мерзімде және
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттарымен белгіленген оқу жұмыс жоспарларының нысандары бойынша өткізіледі.
29. Комиссияға мынадай материалдар мен құжаттар ұсынылады:
мамандықтар (кәсіптер) бойынша білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты;
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы басшысының білім алушыларды
қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрығы;
білім алушылардың қорытынды бағаларының жиынтық ведомосы;
оқу бағдарламаларына сәйкес қорытынды емтиханға енгізілген емтихан билеттерінің
жиынтығы мен мәселелер тізбесі;
білім алушылардың денсаулық жағдайына байланысты қорытынды аттестаттау
мерзімін жылжытуды растауға құқық беретін құжаттар.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016
№
318
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
30. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім
алушыларды қорытынды аттестаттау арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихан
тапсыру және/немесе диплом жобасын (жұмысын) қорғау нысанында өткізіледі.
Арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихандар: оқу бағдарламаларына сәйкес
бірнеше арнайы пәндерден сұрақтар енгізілетін ауызша, жазбаша, кешенді емтихан
нысанында өткізіледі.
Диплом жобасын (жұмысын) қорғау қорытынды аттестаттау жүргізу жөніндегі
комиссияның ашық отырысында кемінде 2/3 мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.
Бір диплом жобасын (жұмысын) қорғау ұзақтығы бір білім алушыға 30 минуттан
аспауы керек. Диплом жобасын қорғау үшін білім алушы 10 минуттан аспайтын баяндама
жасайды. Диплом жобасын (жұмысын) қорғаудың нәтижесі өткізілген күні жарияланады.
Қорытынды ауызша емтиханның ұзақтығы бір білім алушыға 15 минуттан аспауы
керек.
31. Диплом жобасын қорғау немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде
"қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаға тек оның алдыңғы қорытынды
аттестаттауда қанағаттанарлықсыз баға алған нысаны бойынша қорытынды
аттестаттаудың келесі кезеңіне қайта тапсыруға рұқсат етіледі. Қорытынды емтиханды
қайта тапсыру "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған пән бойынша ғана жүргізіледі.
Комиссия білім алушыға комиссия белгілеген бұрынғы жұмысын қайта қорғауға
немесе жаңа тақырып әзірлеуге ұсынады.
32. Диплом жобасын қайта қорғаудан немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде
"қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушыға мамандығы (кәсібі) бойынша оқу
курсын толық аяқтағандығы туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
33. Тиісті құжаттармен дәлелденген, себепті жағдайлармен дипломдық жобаны
(жұмысты) қорғауға және қорытынды емтиханды тапсыруға келмеген білім алушылар
белгіленген мерзімде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары басшысының бұйрығы бойынша қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберіледі.
34. Аттестаттау емтихан комиссиясының отырысы тиісті хаттамамен ресімделеді, оған
комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім
алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы аттестаттау емтихан комиссиясы
отырысының хаттамасынан үзінділер сертификаттау жөніндегі органға беріледі.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.08.29
№
360
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) бұйрығымен.
34-1. Білім алушылардың кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру -
білікті жұмысшы кадрлардың кәсіптері (мамандықтары) бойынша біліктілік беру туралы
сертификат беру үшін қажетті шарт болып табылатын техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың бөлігі.
Бітірушілердің кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды және біліктілік беруді
ұйымдастыру үшін сертификаттау жөніндегі орган біліктілік комиссиясын құрады.
Біліктілік комиссиясының төрағасы кәсіпорын және жұмыс берушілер
қауымдастықтары қатарынан Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
өңірлік палаталарының және филиалдарының (дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда)
келісімі бойынша, ал республикалық бағынысты білім беру ұйымдарында Қазақстан
Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (автономды білім беру ұйымдарын
қоспағанда, 3 реттен аспайтын) келісімімен тағайындалады. Біліктілік комиссиясының
құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталары
мен филиалдары өкілдерінің келісімі бойынша (дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда)
жұмыс берушілер өкілдерінен 75% және 25%-ға техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымдары өкілдерінен арақатынасында кәсіпорындардың өкілдері,
арнайы пәндер оқытушылары, өндiрiстiк оқыту шеберлерi, еңбектi қорғау және қауiпсiздiк
техникасы жөнiндегi органдардың өкiлдерi кіреді.
Ескерту. Ереже 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің
2013.08.29
№ 360
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң
қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016
№
318
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
35. Білім алушылардың кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру
«Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек
кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы №
281
бұйрығымен
бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 7786 болып тіркелген) Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және кәсіптері
(мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016
№
318
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
36. Емтиханды оқу жоспарының 75 пайыздан кем емес барлық пәндерінен "өте жақсы"
деген бағамен, ал қалған пәндерді - "жақсы" деген бағамен тапсырған, және дипломдық
жобаны (жұмысты) "өте жақсы" деген бағамен қорғаған білім алушыға үздік диплом
беріледі.
37. Біліктілік деңгейін көрсете отырып диплом беру туралы шешім арнайы пәндер
бойынша қорытынды емтихандар және (немесе) дипломдық жобаларды қорғау нәтижелері
негізінде қабылданады.
Қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі білім беру ұйымдарының
мұрағатында сақталады.
Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2016
№ 318
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
38. Комиссияның төрағасы екі апталық мерзімде аттестаттау аяқталысымен
аттестаттау қорытындысы туралы есеп дайындайды.
39. Қорытынды аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия төрағасының есебінде: білім
алушылардың аталған кәсібі (мамандығы) бойынша даярлық деңгейі; білім алушылардың
емтиханда анықталған біліміне сипаттама; пәндердің жекелеген сұрақтары бойынша білім
алушылардың дайындығында кездесетін кемшіліктер; техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру кәсіптері (мамандықтары) бойынша білікті кадрлардың
даярлығын одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар көрсетіледі.
40. Комиссия төрағасы немесе оның орынбасары педагогикалық кеңеске комиссия
жұмысының қорытындылары туралы баяндайды.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 18 наурыздағы
N 125 бұйрығымен
бекітілген
Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық
бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Үлгі ережесі
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрiнiң 2010.04.13
N 168
(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Бұйрығымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "немесе ғылыми ұйымдардың", "немесе ғылыми
ұйымда", "немесе ғылыми ұйымның", "(ғылыми ұйымның)", "немесе ғылыми ұйымның
ғылыми кеңесі", "немесе ғылыми ұйымдар", "(ғылыми ұйымнан)", "немесе ғылыми ұйым",
"немесе ғылыми ұйымы", "мен ғылыми ұйымдар", "немесе ғылыми ұйымынан", "немесе
ғылыми ұйымдағы", "ғылыми ұйым директорының орынбасары немесе", "немесе ғылыми
ұйым директорының орынбасары" деген сөздер алынып тасталсын - ҚР Білім және ғылым
министрінің 2010.11.01
№ 506
(алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары оқу орындарында студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау, аралық
және қорытынды аттестаттау өткізудің Үлгі ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының
19-тармақшасына
сәйкес әзірленген және
меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу
орындарында студенттердің үлгеріміне ағымдақ бақылау, аралық және қорытынды
аттестаттау өткізу тәртібін анықтайды.
2. Үлгерімді ағымдақ бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жоғары білім
алушылардың кәсіптік оқу бағдарламаларын және жалпыға міндетті мемлекеттік
стандартын игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізіледі.
3. Осы Ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық
практикада қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін
белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі білім деңгейін бағалау жүйесі;
2) білім алушыларды қорытынды аттестаттау – студенттердің білім деңгейіне сәйкес
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген пәннің оқу
бағдарламасын игеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
3) оқудың кредиттік технологиясы – дербестікке, білім алудың таңдаулылығы мен
кредит түріндегі оқу материалдарын игеру көлемі есебіне негізделген өз бетімен білім алу
және білімді шығармашылықпен игеру деңгейін арттыруға бағытталған білім беру
технологиясы;
4) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оны
зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру
сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
5) білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау – академиялық кезең ішінде,
кестеге сәйкес оқытушылар өткізетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда
студенттердің білімін кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;
6) транскрипт (Transcript) – білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар
белгіленген нысандағы құжат;
7) пререквизиттер (Рrereguisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім,
икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер тізбесі;
8) Офис регистратор – білім алушылардың барлық оқу жетістіктерін тіркеумен
шұғылданатын және білім сапасын бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды және
оның академиялық рейтингісін есептеуді қамтамасыз ететін тұлға;
9) межелік бақылау – бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім
алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;
10) оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GРА) – аралық аттестаттау
пәндері бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің
балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы ретінде білім
алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу
үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;
11) емтихан сессиясы - ЖОО-да студенттерді аралық аттестаттау кезеңі.
Достарыңызбен бөлісу: |