Білім алушыларды қорытынды



бет1/4
Дата14.09.2023
өлшемі0,57 Mb.
#107229
  1   2   3   4
Байланысты:
10 нуска (1) (1)


Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға арналған тапсырмалар
Қазақстан тарихы 9 сынып
Х нұсқа
А бөлім
Нұсқаулық: Сізге төрт жауаптың ішінен бір дұрыс жауабы берілген тапсырмалар ұсынылады. Таңдалған жауапты «шеңберге» алу қажет.
1) Ғұн мемлекетінің пайда болу кезіндегі көрші тайпа:
A) аландар
B) дайлар
C) сарматтар
D) дунхулар
[ 1]
2) 1845 жылғы қазақ жеріндегі басқару жүйесіндегі өзгеріс:
A) Бөкей Ордасында хандық билік жойылды
B) Орта жүзде хандық билік жойылды
C) Дала генерал-губернаторлығы құрылды
D) Орынбор генерал-губернаторлығы құрылды
[ 1]
3) XVI ғ. ыдырау кезінде халқының кейбір бөлігі Кіші жүз құрамына қосылған мемлекет:
A) Алтын Орда
B) Моғолстан
C) Ақ Орда
D) Ноғай Ордасы
[ 1]
4) XVI ғасырдың ортасында жазылған Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шығармасында баяндалады:
A) Наймандар тарихы
B) Темір әулетінің тарихы
C) Жошы хан әулетінің тарихы
D) Қыпшақтар тарихы
[ 1]
5) Ақ Орда мемлекетінің басында тұрған билеушілер осы ханның ұрпақтары:
A) Тоқай-Темір
B) Батый
C) Орда Ежен
D) Берке
[ 1]
6) Алғашқы адамдар тас өңдеуде неғұрлым биік деңгейге көтерілген уақыт:
A) Мезолит
B) Неолит
C) Палеолит
D) Энеолит
[ 1]

7.Неолиттік адамдардың бұрынғы аңшы,терімшілерден айырмашылығы


А) Теселі егіншілікпен айналысты
В) Ірі маймылдарға ұқсас болды
С) Табиғат сыйына тәуелділіктен құтылды
Д) Аталық рулық қауымға көшті
[ 1]
8.Сақ тайпасының құрамына кірмейтін тайпалар:
А) Парфиялықтар
В) Массагеттер
С) Парадарйа
Д) Аргиппейлер
[ 1]
9) V ғасырда Днестр, Рим, Балтық теңізі, Қара теңіз аралығын бағындырған ғұн билеушісі:
A) Чжи-чжи
B) Аттила
C) Лаушан
D) Хуханье
E) Мөде
[ 1]
10) Ақ Орда мен Моғолстан мемлекеттері аталған мемлекетке қарсы күш біріктірді:
A) Астрахань хандығы
B) Сібір хандығы
C) Әмір Темір
D) Әбілқайыр хандығы
E) Ноғай Ордасы
[ 1]
11) 1728 жылғы жоңғарларға қарсы күресте жеңіске жеткен жердің атауы:
A) Қошқар өзенінің жоғарғы сағасындағы «Кіші Орда қонған» жері
B) Балқаш көлінің оңтүстігі Аңырақай даласы
C) Талас өзені бойындағы Сарысу аймағы
D) Бұланты өзені бойындағы Қарасиыр деген жазық
[ 1]
12) Жылқыны көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берген жағдай:
A) Мал басының көбеюі
B) Мал басының қолға үйретілуі
C) Металл өндірудің пайда болуы
D) Металл ауыздықтың шығуы
[ 1]
13) Ақ Орданың астанасы Сығанақ орналасқан аймақ:
A) Сыр бойында
B) Онон бойында
C) Іле бойында
D) Ертіс бойында
[ 1]
14) «Батпақ шайқасында» Әмір Темірді жеңген Моғол билеушісі:
A) Ілияс-Қожа
B) Есен-бұға
C) Темір-Мәлік
D) Поладшы
[ 1]

15) Ұлт-азаттық көтерілістерді хронологиялық болу ретімен қойыңыз:


1. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
2. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
3. Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
4. Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
A) 2,4,1,3.
B) 4,3,2,1.
C) 4,1,2,3.
D) 1,2,3,4.
[ 1]




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет