Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы


Ескерту: дене салмағын өлшеу қуықты және ішекті босатқаннан кейін жүргізіледі. Науқастың бойын өлшеу



бет18/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   146
Ескерту: дене салмағын өлшеу қуықты және ішекті босатқаннан кейін жүргізіледі.

  1. Науқастың бойын өлшеу



Арнайы аспаппен сырқаттың бойын өлшеу. Аспаптың тік тіреуі сантиметрлік бөліктері бар алаңшаға бекітілген. Тіркеудің бойымен көлденең орналасқан тақтайша қозғалады. Бойын өлшегенде сырқат тіркеуішке өкшесін, бөксесін, жауырынын, желкесін тигізіп арқа жағымен тұрады. Құлақ қалқанының жоғарғы ұшы мен көз сызығының ұшы бір горизонтал сызықтың бойында болатындай етіп басын ұстау қажет: тақтайшаны басына түсіріп, оның төменгі бөлуінің көрсеткішін санайды. Кейбір жағдайда сырқат бойын отырғызып қойып өлшейді, мұнда алынған санға отырғыштан еденге дейінгі қашықтықты қосады.


Мақсаты: науқастың физикалық дамуын бақылау.
Қолдану көрсеткіштері: науқасты алғашқы рет қарау, динамикалық бақылау, науқасты ауруханаға қабылдау.
Құрал-жабдықтар: бой өлшегішт, таза зарарсыздандырылған 30х30см клеенка, клеенканы сүртетін шүберек, ішінде зарарсыздандыратын ертіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Гигиналық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп,, қолғапты киіңіз.

  2. Бой өлшегіштің алаңына клеенканы төсеңіз.

  3. Бой өлшегіштің жанында тұрыңыз және қозғамалы планканы науқастың болжамалы бойынан жоғары деңгейге көтеріңіз.

  4. Науқастан бой өлшегіш алаңына тік планкаға арқасымен тұруын, өкшесін, бөксесін, жауырының, желкесін тигізуін өтініңіз.

  5. Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың төбесіне дейін түсіріңіз.

  6. Науқастан бой өлшегіштің алаңынан түсуін өтініңіз.

  7. Бой өлшегіштің шкаласы бойынша жылжымалы планканың төмен жағынан науқастың бойын анықтаңыз.

  8. Науқасқа өлшеудің нәтижесі туралы айтыңыз.

  9. Өлшеуден алынған мәліметтерді белгілеңіз.

  10. Бой өлшегішті және клеенканы зарарсындандыру ертіндісінде 2 рет ылғалдатылған ветошпен арасында 15 минут өткізіп сүртіңіз.

  11. Қолғапты шешіп, ҚЖКЖК - ға салыңыз.

  12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет