Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы



бет41/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   146
Құлақты күту



Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, құлақ ауруларының алдын-алу, құлақ құлығының жиналып қалу себебінен есту қабілетінің төмендеуін ескерту, дәрілік ерітіндіні тамызу.
Көрсеткіштері: науқастың ауыр жағдайы, есту жолында құлықтың жиналып қалуы.
Қарсы көрсеткіштері: құлақ қалқанындағы және сыртқы есту жолындағы қабыну процестері.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: науа, тамызғыш, пинцет, мензурка, мақта турундалар, салфеткалар, қолғап, 3%-дық сутегі асқын тотығы ерітіндісі, сабынды су, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  3. Ішінде сабынды суы бар ыдысты дайындаңыз.

  4. Науқастың басын тазаланатын құлаққа қарама-қарсы жағына қисайтыңыз, науаны астына қойыңыз.

  5. Салфетканы жылы сабынды ерітіндіде ылғалдап алып, құлақ қалқанын сүртіңіз; сосын оны құрғақ салфеткамен құрғатыңыз (кірді кетіру үшін).

  6. Алдын-ала су моншасында (t-36-370С) жылытылған 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін залалсыздандырылған мензуркаға құйыңыз.

  7. Оң қолыңызға мақта турундасын алып, 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісіне сулаңыз, ал сыртқы есту жолын түзету мақсатымен сол қолыңызбен құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартыңыз; құлаққа 2-3 тамшы тамызыңыз.

  8. Құрғақ турундасын жеңіл айналмалы қимылдармен сыртқы есту жолына 1 см тереңдіктен асырмай енгізіп, оны 2-3 минутқа қалдырыңыз.

  9. Турунданы сыртқы есту жолынан айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл есту жолындағы бөліністер мен құлықтың тазаруын қаматамасыз етеді.

  10. Екінші есту жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз.

  11. Қолғапты шешіңіз.

  12. Қолданылған қолғапты, турундаларды, салфеткаларды ҚЖКЖК - ға салыңыз. Пинцетті, мензурканы ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Ескерту: құлақты тазалаған кезде мақтаны қатты затқа орауға болмайды, есту жолы жарақаттануы мүмкін.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет