Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы



бет38/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   146
ЗӘР ҚАБЫЛДАҒЫШТЫ БЕРУ



Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, науқастың физиологиялық бөліп шығаруларын қамтамасыз ету, зәр бөліп шығаратын жолдардың төменнен жоғарыға көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын алу.
Көрсеткіштері: қатаң төсек және төсек тәртіптерінде жатқан науқастарға қуықты босату кезінде қолданылады.
Құрал-жабдықтар: зарарсыздандырылған зәр қабылдағыш, залалсыздандырылған дәке салфеткалар,пинцет, клеенка, жаялық, залалсыздандырылған қолғап, керме, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Егер процедура барысы палатада өтетін болса науқасты кермемен оңашалаңыз.

  3. Көрпені қайырыңыз, науқастың аяқтарын тізесінен бүгіп, сандарын екі жаққа алшақтатуын өтініңіз. Егер ол осыны өз бетімен істей алмайтын жағдайда болса, онда оған көмектесіңіз.

  4. Науқастың жамбасының астына клеенканы, содан кейін жаялықты төсеңіз.

  5. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  6. Қолыңызға пинцетпен дәке салфеткасын алыңыз, онымен науқастың жыныс мүшесін ораңыз.

  7. Оң қолыңызға зәр қабылдағышты алыңыз және оны науқастың аяқтарының арасына қойыңыз.

  8. Жыныс мүшесін зәр қабылдағыштың тесігіне енгізіңіз, дәке салфеткасын алып тастаңыз.

  9. Науқасты көрпесімен жабыңыз және оны жалғыз қалдырыңыз.

  10. Зәр қабылдағышты, жаялықты, клеенканы жинаңыз. Науқасты жауып, кермені жинап алыңыз.

  11. Зәр қабылдағыштың ішіндегісін унитазға төгіңіз, оны ыстық сумен шайқаңыз, зәр қабылдағышты зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, дәке салфетканы, қолғапты ҚЖКЖК- ға салыңыз.

  12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет