Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы


қолды Гигиеналық деңгейде ТАЗАРТу



бет5/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146
Байланысты:
аллгоритмы на каз. яз2

2.қолды Гигиеналық деңгейде ТАЗАРТу


Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқастың және медициналық
қызметкерлердің жұқпалы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Көрсеткіштері: инвазивті емшараларды орындар алдында және орындаған соң, қолғаптарды кию
алдында және шешкеннен соң, организмнің биологиялық сұйыктықтарымен
жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін, иммунитеті
төмендеген науқасқа күтім жүргізер алдында.
Құрал-жабдықтар: бір рет қолдануға арналған мөлшерлегіштегі сұйық сабын, тері антисептикасы,
секундтық тілі бар сағат, жылы ағынды су, қағаз сүлгі, ҚЖКЖК.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзік, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды

шешіңіз.

  1. Қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.

  2. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.

  3. Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын 35-400С тексеріңіз. Ол шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды.

  4. Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін жігерлі сабындап, келесі ізбе-ізділікпен жуыңыз:

1. Бір алақанды екінші алақанға қайтарымды-үдемелі қозғалыспен уқалау; Бір қолдың саусақтарын екінші қолдың саусақ арасындағы аралығына біріктіру, саусақтардың ішкі беттерін жоғары және төмен қозғалтып ысқылау.;
2.Оң алақанмен сол қолдың сыртқы жағын уқалау, қолды ауыстыру;
3. Саусақтарды «құлыпқа» біріктіру, бүгілген саусақтардың сырт жағымен екінші қолдың алақанын ысқылау;
4. Сол қол буынының бас бармағының түбінен оң қол буынының бас бармағымен және сұқ саусағымен қапсыра ұстау, айналдыра ысқылау. Білекте қайталау. Қолды ауыстыру.
5. Сол қолдың алақанын оң қол саусақтарының ұштарымен айналдыратын қозғалыспен ысқылау, қолды ауыстыру
6. Қолыңызды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайыңыз. Қолыңызды шынтақ деңгейінен жоғары ұстаңыз (осы қалыпта су таза зонадан ласқа қарай ағады).
7.Оң қолдың қырымен сол қолдын алақанына ысқалаймыз;
8. Шүмекті қолыңыздың оң немесе сол шынтағымен жабыңыз.
9. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатып, ҚЖКЖК-ға салыңыз. Егерде шынтақ краны болмаса, онда кранды қағаз сүлгі көмегімен жабыңыз.
Ескерту:

  • Әр қозғалыс кемінде 5 рет қайталанады. Қолды өңдеу 30 секунд - 1 минут бойы жүзеге асырылады.

  • қолды гигиеналық деңгейде жууға қажетті жағдай болмағанда, оларды антисептик көмегімен тазартуға болады;

  • құрғақ қолдарға 3-5 мл антисептикалық затты жағып және оны қол терісіне кеуіп кеткенше ысқылаңыз. Қолды тазартканнан кейін сүртудің қажеті жоқ! Сонымен қатар әсер ету уақытын сақтау маңызды – қолдар антисептикпен 15 секундтан кем емес уақыт ылғалды болып тұруы керек;

  • тері бетін тазартқанда «тазадан ласқа» принципі сақталады;

  • жуылған қолды басқа заттарға тигізуге болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет