Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, антисептикпен қолыңызды өңдеңіз.
Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазамыз.
Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолдың 1,2-ші саусақтарымен алыңыз.
Саусақтарыңыз қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек.
Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.
Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.
Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз,
киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың 1-ші саусағы жағына
бағытталған болуы керек.
Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстаңыз.
Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.
Сол қолдың саүсақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.