Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы



бет4/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146
ХІІІ. Сүнгілі манипуляциялар
140. Асқазанды жуу
141. Асқазанды сүңгісіз жуу
142. Науқасты дайындау және асказанғы фракциялық әдіспен жіңішке сүңгімен сүнгілеуді жүргізу
143. Науқасты дайындау және ұлтабарға сүнгілеуді жүргізу
144. Құсқан науқасқа алғашқы көмек


ХІV. Өкпе-жүрек реанимациясы

І. Жұқпалық қауіпсіздік


1.Қолды әлеуметтік деңгейде тазарту


Мақсаты: науқастармен және қоршаған орта объектілерімен жанасу нәтижесінде медициналық
қызметкерлердің қол терісі ластанғанда, транзиторлы микрофлора мен ласты жою,
науқаспен қызметкерлерге жұқпалы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Көрсеткіштері: тамақты үлестіру алдында, науқасты тамақтандырғанда, әжетханаға барғаннан
кейін, науқасқа күтім жүргізер алдында және жүргізгеннен кейін, егер науқастың
биологиялық сұйықтықтарымен қолдары ластанбағанда.
Құрал-жабдықтар: бір рет қолданылатын мөлшерлегіштегі сұйық сабын, секундтық тілі бар
сағат, қағаз орамалдар, ҚЖКЖК .


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Саусақтардан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз, қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.

  2. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.

  3. Қағаз салфеткалары көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын (35-400С) тексеріңіз, ол шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды.

  4. Ағынды судың астында қолыңызды білектің 2/3 бөлігіне дейін 30 секунд бойы сабындап жуыңыз, қолдың саусақтарына, саусақ аралық аймағына көңіл бөліңіз, содан кейін әрбір қолдың сыртқы бетін және алақанның, үлкен саусақтардың негізін айналмалы қозғалыспен жуыңыз (осы уақыт қолды әлеуметтік деңгейде тазартуға жеткілікті, егер қол терісінің беті мұқият сабындалса және теріде лас аймақ қалдырылмаса).

  5. Сабынды көбікті кетіру үшін ағынды судың астында қолынызды шайыңыз (қолыңызды саусақтарымен жоғары қаратып ұстаңыз, жуғышқа тигізбей су шынтақтан жуғышқа ағуы қажет, қолдың саусақтары өте таза болуы керек).

  6. Екінші қолды жууды осындай ізбе-ізділікпен қайталаңыз.

  7. Шынтақ шүмекті шынтақ қимылымен жабыңыз.

  8. Қолыңызды қағаз сүлгімен кептіріңіз. Егер шынтақ шүмегі болмаса, қағаз сүлгіні қолдана отырып, шүмекті жабыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет