Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы



бет78/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   146
Байланысты:
аллгоритмы на каз. яз2

Тері астына егуді орындау



Мақсаты: емдік – тері асты майлы тіндерге дәрілік ерітіндіні енгізу, жергілікті жансыздандыру.
Қөрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы.
Қарсы көрсетілімдері: дәрілерге аллергиялық реакцияның болуы, егу жасайтын жерде кез келген терінің және тері асты майлы тіндердің зақымдануы.
Асқынулар: жергілікті қабыну процесі (инфильтрат), дәріні қателесіп енгізу, вирустік гепатит, АҚТҚ, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок, сепсис.
Енгізілетін жерлері: иықтың жоғары бөлігі сыртқы беті, санның ортанғы бөлігі алдыңғы беті, іш перделік беттің алды, жауырын асты
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1-2 мл шприц, ұзындығы 20 мм ине, 70% этил спирт, мақта тұйершыктері, егеуіш,зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцет, бет перде, қолғап, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітінді, ҚЖКЖК.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарлаңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен қолынызды өңдеп, қолғапты киіңіз.

  3. Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, құрастырамыз (стандартты қараңыз).

  4. Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алымыз (стандартты қараңыз).

  5. Қолымызды тері антисептигімен өндеймыз

  6. Науқасты отырғыңыз немесе жатқызыңыз.

  7. Спирттелген екі мақта шаригімен егу жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз: ең алғаш үлкен көлемді(10*10), егу жасайтын жерге пальпация жасаймыз(түйіндер мен терінің қатаюы болмауы керек), тура егу жасайтын жерді (5*5) өңдеңіз. (мақта шариктерді ҚЖКЖК-ға салыңыз).

  8. Сол қолдың ІV-V саусақ арасына спирттелген үшінші мақта шаригін салыңыз.

  9. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясынан, I, ІІІ, ІV, V саусақтармен цилиндрдің төменінен ұстаңыз.

  10. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың І және ІІ саусақтармен үшкілдің негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаңыз.

  11. Тері қыртысының негізіне инені 450С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 2/3 тереңдікке енгізіңіз, сұқ саусағымен иненің канюлясынан ұстаңыз.

  12. Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырмаңыз), І және ІІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып алып, саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

  13. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойып, инені жылдам қимылмен шығарыңыз.

  14. Теріден мақта шаригін алмай, дәрі жіберілген жерді жеңіл ұқалаңыз.

  15. Шприцті, мақта шариктерін және қолқапты ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  16. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

  17. Науқастың қал жағдайын сұраңыз.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет