Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы



бет84/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   146
Ескерту:

  • қосымша дәрілік ертіндіні енгізу жүйедегі инъекцияға арналған түйін арқылы шприцпен жүргізіледі. Инъекция жасар алдында резеңке түтік спирттелген мақта шаригімен сүртіледі, тесетін жерден жоғарыда резеңке түтік қан тоқтататын қысқышпен қыстырылады;

  • флакондарды ауыстыру тамызғыштын босамағанша жасалады. Ол үшін қысқышты жабады, жаңа флаконнын тығынына алдымен жүйенің қысқа шетіндегі инені енгізеді, сосын ұзын түтіктің инесін енгізеді;

  • енгізіліп жатқан бүкіл жүйенің жұмысын қадағалаңыз; салфетка ертіндімен суланбаған ба? Енгізіліп жатқан аймақта инфильтрат немесе ісіну пайда болған жоқ па? Ертіндінің жүрісі тоқталған жоқ па?

  • науқастың қал-жағдайын бақылаңыз, сұраңыз, дәріні енгізген жерінде ауырсынуды сезе ме? Егер де науқас ауырсынуды сезінсе немесе инъекция жасаған жерде ісікті көрсеңіз, онда қысқышты жабу және инені шығару қажет.

ІХ. Пункциялар



  1. Науқасты және медициналық құрал-саймандарды плевра қуысын тесуге (торакоцентезге, плевроцентезге) дайындау



Мақсаты: диагностикалық: плевра сұйықтығының құрамын зерттеу; емдік: плевра қуысынан сұйықтықты алу; плевра қуысына дәрі-дәрмектерді енгізу.
Көрсеткіштері: жарақаттану гемоторакста (кеуде қуысына қанның құйылуы); спонтанды, қақпақты пневмоторокста (плевра қуысына ауаның жиналуы),
тыныс алу жүйелері аурулары (крупозды пневмония, плевраның қабынуы, өкпе эмпиемасы (өкпе қуысында іріңнің қалуы), туберкулез, өкпе қатерлі ісігі (рак) және т.б.).
Қарсы көрсеткіштері: өте жоғары қанағыштық, тері аурулары пиодермия (терінің іріңдеуі), белдеме теміреткісі, кеуде торының күюі, жедел жүрек жетіспеушілігі.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: мақта шариктер, дәке салфеткалар, жаялық, тері ішіне және тері астына инъекция жасауға арналған ине, плевра қуысын тесуге арналған (ұзындығы 10 см, диаметрі 1-1,5мм ине) инелер, 5,10,20,50 мл шприцтер,
0,5 новокаин ерітіндісі, 5 йод ерітіндісі, 70 спирт, қысқыш, клеол, лейкопластырь, кеуде торының 2 рентгенограммасы, плевра сұйықтығына арналған ыдыс, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, зертханаға жолдама, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтық, қолғап, ҚЖКЖК.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет