Науқасты емшара кабинетіне немесе манипуляция жасайтын жерге апарыңыз.
Науқасты оң жақ қырымен кушетканың шетіне қарай жақындатып, жастықсыз жатқызыңыз, басын алға кеудесіне қарай еңкейтіп, аяқтарын тізесінен барынша бүгіп, ішіне қарай тартыңыз (арқасы «доға» тәрізді майысу керек)
Арқаға берілген қалыпты бекіту үшін, сол қолдың алақанын төмен қаратып науқастың қыр астына тығып жіберіп, оң қолмен науқастың аяқтарын ұстаңыз. Тесуді жасаған уақытта екінші көмекші науқастың басын ұстайды.
Тесуді ІІІ және ІV бел омыртқалар арасына жасайды.
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен өңдеп, қолғапты киіңіз.
Тесетін жердің терісін, 5 йод ерітіндісімен, сонан кейін 70 спирт ерітіндісімен тазартыңыз.
Жұмсақ тіндерге инфильтрациялық анестезия (жансыздандыру) жүргізу үшін шприцке 0,5 новокаин ерітіндісін сорып алып, дәрігерге беріңіз, сосын пункциялық инені мандренмен лотокқа салып беріңіз.
Пробиркаға 10 мл мөлшердегі жұлын сұйықтығын алыңыз. Жолдама жазып, оны клиникалық лабораторияға апарыңыз.
Бактериологиялық зерттеу үшін 2-5 мл жұлын сұйықтығын қөректі ортасы бар пробиркаға алыңыз. Жолдама жазып, биологиялық материалды бактериологиялық лабораторияға жіберіңіз.
Жұлын сұйықтығы қысымын анықтау үшін манометриялық түтікті дәрігерге беріңіз.
Пункциялық инені шығарып алған соң, тесілген жерді 5 спирттелген йод ерітіндісімен өңдеңіз.
Залалсыздандырылған салфетканы тесілген жердің үстіне қойып, лейкопластырмен жабыстырыңыз.