10. Курс саясаты -сабаққа кешікпеу;
-сабақ үстінде өзге әңгіме жүргізбеу, ұялы телефонды қоспау;
-сағыз шайнамау;
-сабаққа сәйкесінше киініп келу;
-сабақтан себепсіз қалмау (анықтама болуы тиіс);
-сабақтан қалған күндерде оқытушы белгіленген мерзімде өтеу;
-әрбір сабақта белсенділік көрсету;
-оқытушымен, студент-құрбыларымен достық, ашық қарым-қатынас орнату;
-барлық сабақтарда оқытушымен кері байланыста болып отыру;
-ұжымдық жұмысқа араласу, аса ұяң студенттерді пікір таласқа қатысуға тарту;
-жауапкершілікті, міндеттерді орындай білу;
-ішкі тәртіп пен ережелерді қадағалау (Корпоративті мәдениет кодексі, студенттердің этикалық кодексі және т.б.).
Дәрістік сабақ конспектілері
Дәріс сабақтарының тақырыптары мен мазмұны 1-тақырып. Конструктивті оқыту әдістемесі 1.Конструктивті оқыту әдістемесі пәні және оның негізгі ұғымдары.
2.Оқыту және оқу салалары.
Кембридж университетінің жобасы бойынша бағдарламада жеті модуль берілген. Осы жеті модулде қарастырылған идеялар сабақта жекеленген стратегиялар мен тәсілдер өзара байланыста болады. Бұл бағдарламаны оқи отырсаң, оқушымен тікелей жұмыс істеудегі іс- әрекетті үйретеді. Алғашқы күндері бәрімізге беймәлім сияқты көрінген жоба, күн сайын ұстаздар арасында өзіндік қолдауын тауып келеді. Міне, «Бетпе-бет» кезеңінің 1-ші кезеңін аяқтап, осы үйренгенімізді мектепте өз іс-тәжірибемізде байқаудан өткіздік. Әріптестер арасына келгенде біз нені үйренгенімізді олармен ынтымақтастықпен жүзеге асыруға тырыстық. Ие, әркімнің санасында өткен күндер бізге не берді, алдағы күндерден не күтемін деген ойлар мазалары сөзсіз. Міне, біз осының барлығына сыни көзқараспен қарауды үйрендік. Біздің басты көңілге түйгеніміз-сабақты оқушының қызығушылығын оятатындай етіп ұйымдастыру. Яғни, сабақ үстінде оқушының рөлін көтеру көзделіп отырады, білімді дайын күйде алмай, өзі ізденіп табуды үйренеді. Мұғалім тек оларға бағыт -бағдар беріп, оқыту барысын ұйымдастырады.Оқушылардың білімді өзі алуына итермелейді.
Сабақтар барысында көптеген сауалды ойлар да туындағаны жасырын емес. Ауыл мектебінде осы жобаны жүзеге асыруда көптеген қиындықтар кездесті. Оның бір себебі, ақпарат көздерінің қолжетімсіздігі, кітапханадағы кітап қорларының аздығы, интернет желісінің дұрыс істемеуі.
Дегенмен, әр ұстаздың шеберлігі, шығармашылық ізденісі бұл тығырықтан шығуына да қол жеткізеді екен. Біздің мақсатымыз-өзімізде бар бұрынғы педагогикалық құндылықтарымызды, жаңамен толықтыра отырып, жаңа белестерге көтерілу. Бүгінгі таңдағы білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Мемлекетіміздің елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет»
Сонымен бірге, курста алған «Оқытуда кездесетін кедергілер, оны жою жолдары», «Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы», «Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыныптағы оқушылар үшін оқу үдерісін жақсарту жолдары», «Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары», «Көшбасшылық» және тағы басқа тақырыптағы алған білімдеріміз-келешек жұмысымыздың басты көмекшісі болды десек артық айтпаған болар едік.Ұлыларымыздың бірі Ж.Аймауытов «Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес,ол-үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»-деп айтқандай, үйренген жаңалығымызды қолдана білуіміз –ол әр ұстаздың өз еншісінде.
Дәстүрлі оқытуда мұғалім оқушыға дайын, дұрыс ақпар береміз. Ал оқушы сол ақпаратты қабылдап отырады. Енді жүзеге асырып жатқан технологияларымызда оқушының қызметі көптеген тұлғалық қызметтеріне қарай бағаланады(ойдың дамуы, тіл мәдениеті, сабаққа деген ынталылығы, өз ісіне жауапкершілігі, дербестігі,т.б) Әрбір оқушының дамуы басқа оқушымен емес, өзімен салыстырылады, оқушыға өз сыныптасын, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беріледі.
Кез-келген ұстаз алдымен сабақ жоспарын құрарда өздері сабақ беретін сыныптардағы оқу бағдарламасына сәйкес білім беру мен білім алудағы әдіс-тәсілдерді таңдайды, яғни түрлі интерактивті оқыту формаларын қарастырады. Сабақтың оқушыны жалықтыратындай бір сарынды болып кетпеуі үшін шағын топтар жұмыстарын, жұптық жұмыс, жарыстарын, тренингтер саяхат сабақтар ұйымдастыруы керек. Мұндай әрекетте жұмыссыз отыратын оқушы аз болады, тіпті болмайды да. Өз тобындағы балалармен қарым-қатынасқа түсе отырып, өзіндік пікірі қалыптасады, даму динамикасы жетіледі, құрдастарымен ынтымақтастыққа, бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша алдымен «ой қозғау» стратегиясы жүзеге асады. Оқушының зейінін сабақтың негізгі идеясын табуға ұйымдастыруды шешетін бұл стратегияның дұрыс қойыла берілуі – ұстаз еңбегінің шеберлігін көрсетеді. Немесе «миға шабуыл» деп жүрген бұл тәсіл сабақтың кіріспе бөліміне сәйкес келеді. Көп жағдайда оны мұғалім мен оқушы арасындағы қолданылатын диалог түрінде көреміз. Сабақтағы оқушының келесі іс-әрекетке көшуіне дұрыс қойылған сұрақтар өте ықпал етеді.СТО технологиясының «кубизм», «сен-маған, мен-саған», «сұқ-саусақ» стратегиялары арқылы оқушылардың сұрақтар қойып, оған мағыналы жауаптар қайтаруына жол ашамыз. Бір қарағанда, ойын түрінде көрінген бұл әдістер жалпы оқушының сөйлеу мәдениетін , өзіндік ой-пікірлерінің қалыптасып, өзін-өзі, бірін-бірі оқытуына белсенді ықпал етті. Сабақтардағы топтық жұмыстарда балалардың қызығушылығының, пәнге деген ынтасының артқанын сабақ соңында смаиликтер арқылы, басқа да сұрақ-жауап әдістері арқылы байқадым. Жалпы, алғанда сұрақ – ол білімді тексеру құралы емес, тереңдету құралы екенін ойға түйдім. Пәннің ерекшелігін, сыныптың жағдайына, оқушылардың білім деңгейлеріне, жас ерекшеліктеріне, оқу материалдарының жоспарына қарай іс-әрекеттер ұйымдастыруды жоспарладым. Қайталау, жинақтау сабақтары болғандықтан, оқушылардың өзін бағалай білуіне ықпал ететін «Семантикалық карта» бойынша жұмыстарды орындаттым. Топтық, жұптық, сыныптық жұмыс ретінде өткілген тақырыптарға ассоциация құру, сызбалар сызу, Венн диаграммасын салу сияқты тапсырмаларды оқушылар қызыға орындады. Тапсырмаларды орындау барысында міндеттерді шешуге, игерілген білімін, іскерлік дағдыларын жұмылдырады, басқалармен өзін салыстыру арқылы өзін-өзі реттей білуге машықтанады, белсенділік ұстанымының пайда болуына жәрдемдеседі. Бұдан әр оқушының дербестілігі, яғни ынталықпен, бастамашылықпен кейбір мәселелерді үлкендердің (мұғалімдердің) көмегінсіз шешудің жолдарын ісдестірумен тікелей байланыстылығы шығады. Оқушы өзінің мүмкіндіктерін түсінуі, оның іс-әрекетті орындаудағы дербестігіне тәуелді деп есептеймін. Талданып отырған сұраққа , мәселеге , есепке белсенді пікір білдіру, жолдастарының жауабын толықтыруға бағытталған ұмтылыс, қателіктерді жөндеу- осының бәрі белсенділік пен дербестіктің айқын көрсеткіші. Осыдан топ ішінде пікірі құнды, алға ұмтылған, көшбасшы ретінде жан-жақты жетілген, озық ойлы оқушының дараланып шығары сөзсіз. Мысалы, математика сабағында есептерді шешудің басқа, оңай жолдарын іздестіреді немесе табылған шешімді есептің нақты шешімі ме, әлде басқа да шешімдері болуы мүмкін бе?- деген сұрақтар төңірегінде зерттеу жүргізуі мүмкін. Бұдан оқушының дарындылығы қалыптасуына жол ашылады деп ойлаймын.
Бұрынғы қалыптасқан әдет немесе іс- тәжірибеге байланысты көптеген мұғалімдер, ата- аналар, оқушылар бағалауды оқыту және білім беруден кейінгі болатын нәрсе ретінде түсінеді. Бағалау білім беру мен оқытудың тығыз байланыста болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді.
Оқыту үшін бағалау дегенді былай түсіндім. Яғни, білім алып отырған оқушы, білім беруші мұғалім, өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын білсе, сол бойынша қажетті деңгейге жету үшін тырысу керек, іздену керек,соның нәтижесі бойынша жұмыс істейді. Бұл үшін мұғалім бағалаушы қызметін жалғыз атқармайды.Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға үйренсе, өз білімін арттыра алады.Сонымен қатар мұғалім мен оқушылар арасындағы түсінушілікті, қызығушылықты, ықыласпен әрекет ету үшін, оқушыларға өзінің оқуын жақсартуы үшін, кері байланысты да қолдану қажет.
Ал оқытуды бағалаудың мақсаты, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау. Бұл кезде жекеленген оқушының немесе бір жас мөлшеріндегі оқушылардың жетістіктерінің деңгейін салыстырмалы түрде қорытынды жасауы, мониторинг, есеп беру үшін қолайлы Қорыта келе, бұл білім берудегі барлық тәсілдермен байланысты. Оқушылардың әр нәрсеге өзіндік түсініктері қалыптасқан болса, онда оңайға түседі. Бұл баланың бойында жан- жақтылықты қалыптастырады.
Критериалды бағалау жүйесін пайдалану арқылы, оқушының белсенділігі артып, өз сыныптастары арасында ерекшеленуге ықпал етеді.
Оқушы нақты қиындық тудырған сұрақтарды біледі және оны жоюдың жолдарын іздестіреді.