85
әрекеттің өндірушілік белгісіне көңіл аудару қажеттігіне зейін аударады,
әлеуметтік тұрғыдан бұл белгі, технологияның басқа белгілерінен оның
жалпылық сипатымен байланыстылығын сипаттайды. Қазіргі білім беру
технологияларын Г.К. Селевко технологияның классификациялық параметрлері
тұрғысынан: қолдану деңгейі, негізгі дамыту факторы, меңгеру тұжырымы, жеке
тұлғаның құрылымына бағдарлау, мазмұн сипаты, басқару типі, ұйымдастыру
формалары, балаға ықпал ету тәсілдері, әдістердің басымдылығы, жетілдіру
бағыттары, оқушылар категориялары бойынша нақтылап көрсетеді
Сондай-ақ әрбір педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері бар.
Олардың негізгі қарастыратыны оқытуды нәтижелі ету.
Педагогикалық жүйедегі негізгі өзекті мәселе - оқушылардың ойлау қабілетін
дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру
болғандықтан сабақ барысында кеңінен деңгейлеп, дамыта оқытудың модульдік
әдісін жиі пайдалану қолдау табуда.
Достарыңызбен бөлісу: