Bіlіm berý qyzmetkerlerіne arnalǵan respýblıkalyq saıt Республиканский сайт для работников образования



Pdf көрінісі
бет43/67
Дата10.12.2022
өлшемі2,09 Mb.
#56377
түріСборник
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   67
Байланысты:
сборник-материалов-НПК-qazan.info

Жоспарлау дегеніміз – сөйлеудің бағдарламасын құрастыру, оның мазмұнын 
таңдау. Осында сөйлеудің негізгі ойы мен тақырыбы шешуші роль атқарады. 
Психологтар зерттеуі бойынша бағдарлама алдымен ішкі ойда ой қалпы ретінде 
табылады. Бұл кезеңде ой сөз арқылы әлі білдірімеген 
Сөйлеудің үшінші фазасы бағдарламаның орындау процесіне көшуді 
қамтиды. Осы фазада сөйлеуші сөздерді синтаксистік вариантта құрады
байланыстырады, өзіне керек тұлғаларды таңдауға тырысады. 
Сөйлеудің төртінші фазасы – тексеру, ол кезде сөйлеуші нәтижесін және 
қатысудың мақсатын салыстырады. Егер алынған нәтиже сөйлеушінің ниетімен 
үйлеспесе, қателік түйінді іздестіруге әрекет жасалады. Бұл үшін түгел ойша 
барлық іс-әрекет бақыланып жасалады. Бұл үшін түгел ойша барлық іс-әрекет 
бақыланып шығады. Сөйлеу мазмұны қисынсыз жоспарланған, әлде сөйлеушінің 


90 
ойы дәл, анық жеткізілген. Сөйлесу процесінде меңгерілетін дағдалыр 
практикалық әрекеттің ұйымдастырылуына байланысты. Оқушының сөйлеу тілін 
дамыту жұмыстыры сөз қорын байытуға, тілдік тұлғаларды дұрыс қолдануға 
көмектесетін дағдыларды тәрбиелейтін нысандар. 
Халқымыз «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді» деп тегін айтпаған. Бұдан біз 
сөздің күшін, әсерін ұғынамыз. Сөзді орынды жерінде қолданып сөйлеу 
байланыстырып сөйлеуге байланысты. Байланыстырып сөйлеуі жетік бала жазба 
жұмыстарын шебер орындайды. Байланыстырып сөйлеу ерекшеліктері: 
1. Байланыстырып сөйлеу процесінің ана тілінде және екінші тілде көп 
сәйкестіктері бар, бірақ ана тілін және екінші тілді меңгеру процесі әр түрлі 
жолмен іске асады. 
Егер оқушы өзінің ана тілін меңгеру процесінде ең жоғарғы деңгейде еркін 
сөйлеу дағдалырын қалыптастырса, екінші тілді меңгеру процесі ең қарапайым 
механизмдерінен, жай іс-әрекеттерден, тілдік тұлғаларды таңдап алудан және 
сөйлеуге малықтандырудан басталады. 
2. Оқушы айналадағы қоршаған дүниенің құблыстарын танып, талдау 
жасайды. Сөйлеу процесінде психикалық процестердің табиғатын ескеру 
маңызды. Адамның өмірінде сөйлеу (ауызша және жазбаша) іс-әрекеттерінің де 
маңызы үлкен, соның арқасында адамдар бір-бірімен керекті мәліметтерді 
білдіреді, тәжірибе алмастырады. Адамның іс-әрекетінің маңызды бір формасы – 
адамдардың бір-бірімен сөйлесуі. 
Деңгейлік тапсырмаларда тез, анық дұрыс орындаған оқушы өзінің ақыл-
ойының тереңдігін, тездігін, өз бетімен жұмыс жасау қабілетін көрсетеді. 
Индукция құбылысы бойынша жеке фактілерді жинақтап қорытынды пікір 
жасайды. Дедукция құбылысы бойынша жалпы ереже мен жалпы пікірден жеке 
қорытынды жасайды. 
3. Деңгейлік тапсырмалар негізінде оқушалырдың сөйлеу тілін дамыту 
жұмысын жүргізу үшін сөйлеу тілі қабылдау қабілетімен, бақылағыштық 
қасиетпен, зейінмен тығыз байланысты болатынын ескеру қажет. 
Бір затты білуге құмар адамдар бір затты бақылағыш келеді. Сөйлеуші 
адамның сезімін байқап сөйлейді. Сөйлеу үшін адам әуелі ойлау 
операцияларынан өтеді. Анализ (бүтінді бөлшекке болу әдісі) синтез (бөлшекті 
бүтінге жинақтау әдісі) әдістері арқылы пікір шыққанда сөйлеу процесі 
қажеттіліктен пайда болады. [90,17.] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет