100
Оқушылармен тығыз қарым - қатынас орнатуға, сонымен жаңа матералды
тереңдете түсу үшін Kahoot қосымшасын кең көлемде қолдануға болады.
Kahoot — әр түрлі платформалар арасындағы қайышылықты сынып ішінде
шешкен сервис болып табылады. Ол арқылы көптеген тест тапсырмаларын сурет,
видео жасау мүмкіндігі бар. Онымен тест тапсырмасын құрастырып, тест өткізу
үшін интернетке қосылу керек. Бұл сервис арқылы сондай-ақ сайыс өткізуге
болады. Мысалы мұғалім компьютері арқылы бір мезетте бір тесті әртүрлі
гаджеттермен қатыстыра аласыз.
Тағы бір көпфункционалды интернет-аспабы - LearningApps.org интерактивті
тапсырмалар құрастырушысын қолдану арқылы жеке интерактивті білім беретін
қосымшаларды жасай алатының оқушыларға ақпарат беру.
LearningApps.org – бұл PH Bern білім беру Информатика Педагогикалық
колледжі
Орталығының
Майнц
және
Циттау
/
Герлиц
қалалары
Университеттерімен бірлескен ғылыми-зерттеу жобасы.
Интерактивті білім беру қосымшасының негізгі тапсырмасы балаларды
интерактивті және қызықты формада оқытатын арнайы мультимедиялық
бағдарлама. Интерактивті тапсырмаларды құрастырушы LearningApps.org
«Викторина»; «Сөздерді белгілеу»; «Кім миллионер болғысы келеді?»;
«Топтастыру», «Картада белгілеу», «Жұпты табу», «Құрастыру» паззлдар,
«Суреттерді сұрыптау», «Сөзжұмбақ», «Бұл қай жерде?» сияқты білім беруге
арналған онлайн қосымшалардың көп түрін ұсынады. Ең маңыздысы бұл
сервистардың бәрі — қолжетімді әрі тегін қолдануға болады. Сонымен қатар
оқытудың ақпараттық жүйесі
https://e.edu.kz. сайтында 8-11-сыныптарға арналған
химия бойынша 920 СБР қолжетімді ресурстарды да кеңінен пайдалануға болады.
Қорыта айтқанда, сандық білім беру ресурстары арқылы жасалып жатқан
оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды
жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің
кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық
қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және
компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын
педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп санаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: