Bіlіm berý qyzmetkerlerіne arnalǵan respýblıkalyq saıt Республиканский сайт для работников образования


Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялардың



Pdf көрінісі
бет40/67
Дата10.12.2022
өлшемі2,09 Mb.
#56377
түріСборник
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67
Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім беру 
парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру 
технологияларының даму тенденциялары тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-өзі 
дамуына 
мүмкіндік 
беретін 
гуманитарлық 
білім 
берумен 
тікелей 
байланысты. "Білім 
беру 
технологиялары", 
"педагогикалық 
технология" терминіменқатар 
''оқытутехнологиялары” 
терминіқолданылады. 
Оныңбіріншісі көлемдіболыпкеледі. 
Өйткені, 
білім 
беру 
технологиясындаоқушының 
үйренушініңтұлғалықсапасындамытужәнеқұруменбайланыстыболатынтәрбиеліка
спекті бар. 
“Оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді 
қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, 
оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады”, – деп 
С.Әбенбаев айта келіп, оның құрылымын төмендегідей етіп көрсетеді [1]: 
- оқытудың мақсаты; 
- білім берудің мазмұны; 
- педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), 
оқыту процесін ұйымдастыру; 
- оқушы, оқытушы; 
- әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі). 
Сонымен қатар, С.Әбенбаев нақтылы педагогикалық процесті талдап жүзеге 
асыруды “... оқыту технологиясын жобалау процесі деп атауға болады” деп айта 
келіп, оның құрылымын төмендегідей анықтайды: 
- оқу жоспары және бағдарламасына сай оқытудың мазмұнын таңдау; 
- оқытушы бағдарлай алатын оқытудың басымды мақсатын таңдау, яғни 
жобалау барысында білім алушыларда қандай кәсіптік және тұлғалық сапа 
қалыптасады, міне соны анықтау; 
- мақсаттарға 
немесе басымды бір мақсатқа негізделіп оқыту 
технологиясын таңдау; 
- оқыту технологиясын талдап жасау. 
Педагогикалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес білім берудің қазіргі 
заманғы технологиясының нұсқауы, төмендегі принциптердің қатысуымен 
жасалуы тиістігі анықталуда: 
-дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі; 
-қойылған мақсатқа жету үшін нақты педагогикалық ортада технологияларды 
қайта өндіру принципі; 
-сәйкес келетін педагогикалық жүйелердің өзін-өзі дайындау механизміне әсер 
ететін факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының 
сызықтық емес принципі; 


84 
-оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және оның танымдық 
қабілеттілігіне оқыту процесінің бейімделу принципі; 
-біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальді жағдай жасайтын оқу 
ақпараттарының потенциалды көп болу (артық болу) принципі. 
Педагогикалық технологияның міндеттері: 
- әр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдылардың шыңдау, 
білімнің тереңдігін, беріктігін арттыру; 
- мінез – құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттер мен формаларды нығайту 
және арттыру; 
- технологиялыққұрал-саймандарменжұмысістеугеүйрету; 
- технологиялықойлаудағдыларындамыту; 
- оқуміндеттері 
мен 
қоғамдықпайдалы 
еңбек 
ұйымдастырудатехнологиялықтәртіпкесайнақтыәдеттердітәрбиелеу. 
Педагогикалық технология әр түрлі жағдайлардағы нақты өзара іс-
қимылдарды, жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарына 
сай тәсілдер негізінде компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы да 
ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің құрылымдарында 
оқытудың айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы 
белгілі. Болашақ маманға тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, 
жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы - әлемнің дамуы туралы 
білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан әрбір 
оқытушыға және оқушыға "оқыту" мен "үйрену" процестерін игеру үшін 3 тілді 
меңгеруі қажет: ана тілін, ғылым тілін және технология тілін. Сонымен 
технология көмегімен білімдерді, іскерлікті, дағдыларды игеру процесінде 
тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз 
етіледі. "Педагогикалық технология" оның ішінде "оқыту технологиясы" 
ұғымын анықтауда, басым көпшілік мамандар оларды үш маңызды жағдайлармен 
біріктіреді: 
- іс-әрекетінің жиынтығы түріндегі қажет ететін үлгіні дәл анықтау негізінде 
оқытуды жоспарлау 
- оқытуды талап ететін әрекетті қалыптастыруды іріктеген қатаң тізбекті 
әрекеті түріндегі оқытудың барлық процесін "бағдарламалау". 
- алғашқы белгіленген эталонмен оқытудың нәтижесін салыстыру. М.Чошанов 
оқыту технологиясы негізінен педагогикалық процестегі «Қалай нәтижелі етіп 
оқыту керек?» мәселесін шешуге бағытталатынын айтады. Оқыту технологиясы 
жөніндегі ой-пікірлерді саралай келе, біз оны: біріншіден, оқытудың мақсатқа 
сәйкес нәтижесіне қол жеткізудегі нақты қадамдарды және олардың 
үйлесімділігін зерделейтін ғылым саласы; екіншіден, оқытудың нақты жағдайда 
нәтижелі жүзеге асырылуын белгілейтін жобалау немесе модельдеу; нақты оқыту 
процесін нәтижелі етіп оқытудағы процес деп білеміз. 
Жалпы "технология" түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен, ол 
жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі 
практикасында бұл ұғым стандартты емес ғылыми көріністерде ереже ретінде 
қолданылып, педагог жұмыстарының өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын 
білдіреді. В.П.Беспалько технологияны түсіну үшін ең алдымен педагогикалық іс-


85 
әрекеттің өндірушілік белгісіне көңіл аудару қажеттігіне зейін аударады, 
әлеуметтік тұрғыдан бұл белгі, технологияның басқа белгілерінен оның 
жалпылық сипатымен байланыстылығын сипаттайды. Қазіргі білім беру 
технологияларын Г.К. Селевко технологияның классификациялық параметрлері 
тұрғысынан: қолдану деңгейі, негізгі дамыту факторы, меңгеру тұжырымы, жеке 
тұлғаның құрылымына бағдарлау, мазмұн сипаты, басқару типі, ұйымдастыру 
формалары, балаға ықпал ету тәсілдері, әдістердің басымдылығы, жетілдіру 
бағыттары, оқушылар категориялары бойынша нақтылап көрсетеді 
Сондай-ақ әрбір педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері бар. 
Олардың негізгі қарастыратыны оқытуды нәтижелі ету. 
Педагогикалық жүйедегі негізгі өзекті мәселе - оқушылардың ойлау қабілетін 
дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру 
болғандықтан сабақ барысында кеңінен деңгейлеп, дамыта оқытудың модульдік 
әдісін жиі пайдалану қолдау табуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет