Bіlіm berý qyzmetkerlerіne arnalǵan respýblıkalyq saıt Республиканский сайт для работников образования


«Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін білім технологиялары



Pdf көрінісі
бет42/67
Дата10.12.2022
өлшемі2,09 Mb.
#56377
түріСборник
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   67
«Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін білім технологиялары 
арқылы дамыту» 
 
Курмангалиева Карлыгаш Кумаргазиновна
Бастауыш сынып мұғалімі 
 
«Көкпекті ауданының білім бөлімі» ММ «Абай атындағы орта мектебі» КММ, 
Көкпекті ауданы, Шығыс Қазақстан облысы 
СЕКЦИЯ: Бастауыш білім беру 
Кез келген жағдаяттан шығу үшін өзіне сыни көзқараспен сұрақтар қоя біліп, 
ойдан ой тудырып өз өміріне қажетті білім алып жатса, ұстаз жетістігі осы. 
Оқушылардың пәнге деген қызғушылығын, өмірге деген құлшынысын оятып 
жатса, ұстаз алдына қойған мақсатқа жеткен болып саналады. Уақыт ағымы 
бойынша күннен күнге қарыштап дамып жатқан заман желісіне ере отырып, өз 
білімін күнделікті өмірде қолданып, өз ойын еркін айта білетін ұрпақты өсіріп 
жеткізсек басты міндеттің орындалғаны осы болмай ма. Қазақстан 
Республикасының Президентінің биылғы Жолдауында «ХХІ ғасыр білім мен 
ғылым ғасыры болады», деп айтуында үлкен мән-мағына жатыр. Білім мен 
ғылымға жетудің бірден бір жолы-базалық білім мазмұнын жүзеге асыру. 
А.А.Леонтьевтың атуы бойынша қимылдың іске асыруын операция деп 
атаймыз. Бір нәрсені хабарлау үшін сөйлесеміз. Сөйлеу әрекетінің өзіне тән 
мотивтері (себептері) болады. Оқытушыға не сөйлейтінін, оқушыға сөйлеудің 
мақсатын, мотивтерін білу керек. Баланың жасы, өскен сайын психикасы да өседі, 
сөйлеу мотивтері де күрделеніп отырады. Сөйлеу әрекеті 4 фазадан тұрады. 
1. Бағыттау (сөйлеуге даярлық) 
2. Жоспарлау (сөйлеу мазмұнын құру) 
3. Орындау (жүзеге асыру) 
4. Тексеру (бақылау сатысы) 
Сөйлесу үшін қатынасу шарттарының бағытын білуіміз керек. Одан кейін 
айтылатын сөзді дұрыс жоспарлау керек. Келесі фазада қатынасудың мазмұнына 
байланысты орындау болады. Орндау кезінде ойыңды дұрыс жеткізе білу тиіс. 
Төртіншіден кері байланыстықамтамасыз ете білуі қажет. Егер осы 
байланыстың түйіні бұзылса, сөйлесуші қатынасу нәтижесіне жетпейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет