6
Математика сабағында білім беру үрдісін ұйымдастыру
Амирова Карлыгаш Жамбазаровна
Математика пәні мұғалімі
«№46 орта мектебі» КММ, Шығыс Қазақстан, Өскемен қаласы
СЕКЦИЯ: Жаратылыстану-математикалық бағыт
Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру
үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер еңгізілуде. Жаһандану
заманында жас ұрпақтың жаңша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге
деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана білуге бағыттау – ұстаздың басты
міндеті болумен қатар, оларға жүктелер жауапкершілік жүгін де еселейді.
Өйткені, сапалы білім мен кәсіби білікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелең
ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
деген мақаласында
«табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі
керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым
бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік
қоятын ұлт қана табысқа жетеді» - деген болатын.
Бүгінгі заман талабына сай жаңадан құрылған ұлттық өнеге берер, болашақ
қазақ мектебінің қандай болмағы мұғалімдерге үлкен міндет артады,
шығармашылықпен жұмыс істеп, тынбай ізденуін қажет етеді. Жаңа білім берудің
негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері
мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Өз
тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға
және оқушыларға қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар мен тапсырмаларды
қолдана білуге мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламасын жаңарту критериалды
бағалау жүйесі оқушылардың сонымен қоса
мұғалімдердің педагогикалық
шеберлігін жетілдіру. Жаңаша оқытуда педагогиканың барлық аспектілері
сындарлы оқытуға негізделген. Ол оқушылардың бір-біріне сын тұрғысынан
қарауы. Жаңаша білім беру мектептердің оқу жоспарлары, тілдік дағдылар,
мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым, зерттеуге негізделген
оқу, белсенді оқу деп өзгерді. Белсенді оқуда топтық, жұптық жұмыстар арқылы
оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, белсенді оқуға жетілдіру.
Деңгейлеп оқыту бағдарламасының оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерімен
ұштастыра отырып, бұл оқудың артықшылықтарына көз жеткізуге болады.
Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау
мен практикалық әрекеттері
арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды интербелсенді оқыту
сабақтары деп білеміз. Интербелсенді оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен
оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас, мұғалім – дайын білімді түсіндіріп
қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық
істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып,
шығармашылығын дамытады.
Менің алдыма қоятын негізгі мақсатым – оқушының ой-өрісін дамыта
отырып, құзырлы жеке тұлғаның қалыптасуына
ықпал жасау және
шығармашылыққа баулу. Жеке тұлға тәрбиелеу үшін мұғалім педагогика,
7
психология, математика ғылымдарының негізін барынша жетік білуімен қатар
оқытудың жаңа әдістерін жете меңгеріп, оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып,
шебер пайдалануы қажет. Мұғалім үшін «Ойсыз, оқусыз, ой-толғауынсыз өткізген
әрбір күн – зая кеткен күн болмақ.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру барысында өз
сабақтарымда оқушыларға АКТ қолданып, топтық, жұптық жұмыстарды;
салыстыру, ұқсастыру,
қорытындылау; кері есептерді қарастыру; заңдылықты
байқау сынды ғылыми әдістерді қолданамын. Оқу үрдісінде деңгейлік
тапсырмаларды орындату арқылы дарынды оқушылардың білімін одан әрі
жетілдіруге мүмкіндік тұғызамын. Осы бағытта қала көлемінде 9-сынып
оқушыларымен «Жаңартылған білім аясында АКТ қолдану» тақырыбында өткен
семинарда өз іс-тәжірибемен бөлістім. «Тригонметрия элементтері» қайталау
ашық сабағымда оқушылар нұсқаулықтың
көмегімен оқулықта жоқ
формулалармен таңысып, қорытып шығарды. Тригонометриялық функциялардың
графиктерін салуда, қасиеттерін сипаттауда оқушылар өте тиімді «Geogebra»
программасын қолданды. Осы сабақта «Activstudio» программасы, үлкен
қызығушылықпен «Kahoot» программасымен тест тапсырмасын орындады.
Жаңартылған бағдарлама бойынша 5 сыныбымен Президент порталында өткізген
«Ондық бөлшектерді азайту» республикалық онлайн-сабағымда семантикалық
картаны толтыру арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын ашты; ал жаңа
тақырыпты берілген мақсатты тапсырма арқылы өздерінің математикалық
интуициясына сүйене отырып, меңгерді. Венн
диаграммасы бойынша ондық
бөлшектерді қосу мен азайту амалдарының ұқсастығы мен айырмашылығын
анықтап, азайту ережесін өз бетімен құрастырды. 8-сыныппен өткізген «Квадрат
теңсіздіктерді графиктік тәсілмен шешу» сабағымда графикпен жұмыс жасау; тек
қана графигін салумен шектелмей,оқушылар графигі бойынша қасиеттерін
сипаттады. Интернет ресурстан квадрат теңсіздіктердің қолдануын қарастырды.
Ресейдің ЕГЭ (Единый государственный экзамен) есебін шығарды.
Президент жолдауында: «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте
білім деңгейімен анықталады» - деген байламы жеке адамның құндылықтарын
арттыру, оны дайындайтын
ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек,
сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруда мынадай нәтижеге
жеттім:
1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.
3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.
4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
6. Шығармашылдық белсенділік артады.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың
функционалды
сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп
қабырғасында алған білімін
өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі
«Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.
Саналы да сапалы білім алған оқушы – ұлт келешегі.