Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


Бағдарламаның құрылымы және несиені бөлу



Pdf көрінісі
бет43/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Бағдарламаның құрылымы және несиені бөлу
Бағдарлама сипаттамасы білім беру үдерісінің құрылымы сту-
денттер үшін оқу үрдісінің зияткерлік күрделілік деңгейінің қалай 
біртіндеп өсіріп отыратынын көрсетеді. Бағдарлама сипаттамасы 
университеттің академиялық саясаты мен рәсімдеріне сәйкес оны 
ойдағыдай аяқтау үшін қажетті талаптарды айқындайды. Бағдар-
лама ерекшеліктерінің шеңберінде әрбір курс үшін дескрипторлар 
мен оқыту нәтижелері әзірленеді, бұл ретте курс бойынша оқыту 
нәтижелері қайтадан салыстырылады және бағдарлама бойынша 
оқыту нәтижелерімен үйлестіріледі.
Білім беру бағдарламаларының құрылымы икемді болғаны жөн, 
өйткені олар студенттерге таңдау жасауға мүмкіндік береді және сту-
денттердің әртүрлі танымдық қажеттіліктеріне жауап береді. Мыса-
лы студенттерге қосымша тапсырмалар бере отырып, жеке оқу жол-
дары мен бағыттарын әзірлеуге мүмкіндік берілуі керек. Білім беру 
үдерісін ұйымдастырудағы, білім беру мен бағалаудағы икемділік, 
өз бетінше оқудың өзгертуге ыңғайды кестесі мен мүмкіндіктері 
студенттердің әртүрлі оқу стильдерін, танымдық қажеттіліктері мен 
көздеген кәсіби мақсаттарын ескеру үшін өте маңызды.
Бағалау
Бағалаудың мақсаты – студенттердің бағдарлама бойынша 
оқу нәтижелеріне қол жеткізгенін көрсету. Курс барысындағы 
бағалаудың әртүрлі үлгілері әр оқушының оқу тәжірибесіне оң 
әсер береді. Осыған байланысты бағдарламаны әзірлеушілер жал-
пы бір нақты бағдарлама шеңберінде бағалау туралы тиісті ақпа-
ратты ұсынғаны жөн.
Бағалаудың жалпы бағдарламалық тәсілдері бағалаудың ин-
ституционалдық тәсілдерімен келісілуі және аккредиттеу агент-


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
85
тіктерінің талаптарын қанағаттандыруы тиіс. НУ-да бағалау-
дың негізгі қағидаттары сәйкестілікті, сенімділікті, ашықтықты, 
инклюзивтілікті, шынайылықты және тұтастықты қамтиды. Сту-
денттермен кері байланыс және бағалау құндылығын студенттің 
оқу тәжірибесінің бір бөлігі ретінде тану университеттік тәсілдің 
негізгі компоненттері болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет