Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


НУ-дың білім беру және оқыту стратегиясы



Pdf көрінісі
бет46/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

НУ-дың білім беру және оқыту стратегиясы
НУ-дың оқыту және білім беру стратегиясы университеттің міндетін, 
түлек моделін және білім беру мен оқытудағы үздік тәжірибелерге қатысы бар 
заманауи халықаралық принциптерді қамтиды. Стратегия үш негізгі тақыры-
пқа бағытталған, атап айтқанда: инновация, инклюзия және интеграция. Ол 
сонымен қатар академиялық адалдықтың маңыздылығын атап көрсетеді.
Университет студенттердің бойында инновациялық ойлауды дамытуға 
ұмтылады және оқытушыларды жаңа технологиялармен таныс болуға және 
оларды өзінің білім беру тәсіліне енгізуге шақырады. Университет студент-
тердің әлеуметтік мәртебесі мен денсаулығына қарамастан, барлық студент-
терге инклюзивті білім беру ортасын ұсынады. Студенттер өздерінің білім 
алуын этика және тұрақты даму мәселелерін ескере отырып қалыптастыра-
ды. Университетте оқытушылар, әкімшілер және студенттер академиялық 
адалдықтың ешқандай түрде бұзылуын мүлде қабылдай алмайтындай үрдіс 
қалыптасқан.
Ғылыми жұмыстан мүмкіндік бола қалған жағдайда білім беру мен оқы-
ту барысына енгізіледі. Білім беру үдерісіне белсенді зерттеушілер қатысады, 
ал оқу жоспарының өзі заманауи зерттеулерге негізделген. Жыл сайынғы са-
паны бақылау үрдісінің нәтижесінде НУ жыл сайын білім беру үдерісін жетіл-
діру тақырыбын қарастырады және екі жыл ішінде зерттеулермен біріктіре 
отырып білім беруді бағыт ретінде таңдады.
НУ-дың білім беру саласындағы жыл сайынғы марапаттары кезінде оқы-
тушылардың қосқан көрнекті үлесі атап өтіледі және марапаттар білім беру 
мен оқытудың стратегиясына нақты сәйкес келетін санаттар бойынша беріледі.


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
89
Студенттерге қолдау көрсету және тәлімгерлік
Бағдарламаны әзірлеудің қосымша құрамдас бөлігі студент-
терге қолжетімді болатын тәлімгерлік және қолдау көрсету болып 
табылады. Қолдау жүйесі бағдарламаның сипаттамалары аясында 
жасалуы керек және әдетте мыналарды қамтиды:
• ғылыми жетекшілер және/немесе факультет оқытушылары 
тарапынан кеңес беру және қолдау көрсету;
• жеке және академиялық даму мүмкіндіктері, сонымен қа-
тар студенттің жеке дамуын жоспарлау;
• ерекше қажеттіліктері және танымдық кедергілері бар сту-
денттерге қолдау жасау;
• бірінші курс студенттерінің бейімделу барысы;
• студенттердің оқуын қолдауға қажетті қолжетімді ресур-
стар (мысалы виртуалды оқу ортасы (VLE), кітапхана, оқу 
орталықтары, ақпараттық технологиялар – ресурстар және 
техникалық қолдау);
• жұмысқа орналастыру және қызметте өсуді жалғастыру 
бойынша кеңестер, ресурстар және тренингтер;
• қаржы, денсаулық сақтау, шетелдік студенттердің тұратын 
жері және оларға жеке қолдау көрсету, оның ішінде имми-
грация мәселесі бойынша қолдау көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет