Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
78
• Бакалавр дәрежесі: 240 ECTS; әдетте үш-төрт жылдық оқу;
• Магистр дәрежесі: 90-120 ECTS; әдетте бір-екі жылдық оқу;
• Доктор дәрежесі: ECTS қажет емес.
Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы
Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасында әдетте
оқыту пәні, бағдарламаның деңгейі, оның мақсаттары (міндеттері),
оқытудың негізгі көзделген нәтижелері, оқыту ортасы, сондай-ақ
бағдарламада қолданылатын оқытудың, білім берудің және баға-
лаудың негізгі әдістері мен тәсілдері ұсынылады. Бағдарламаның
сипаттамасында оның айрықша ерекшеліктері көрсетілуі тиіс. Сту-
денттер мен мүдделі тараптарға түлектерді жұмысқа орналасты-
ру әлеуетімен бірге қандай жалпылама және пәндік ерекше білім
алатыны, қандай дағдылар мен кәсіби қасиеттер қалыптасатыны
жөнінде түсіндірме берген жөн. Ең дұрысы, бағдарламаның сипат-
тамасын тиісті мүдделі тараптармен (оның ішінде түлектермен
және студент өкілдерімен) кеңесе отырып жасаған жөн. Бағдар-
ламаның жалпылама сипаттамасы нақты және күрделі емес үлгіде
ұсынылуы тиіс.
Бағдарламаны жобалау үдерісінің осы кезеңінде оқыту үлгісі
көрсетілуі қажет. Мұнда күндізгі немесе сырттай оқыту екендігін,
қажет болған жағдайда онлайн немесе аралас оқыту режимдері
екендігін көрсете аласыз. Қажет болған жағдайда ECTS баламала-
ры есепке алынуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: