Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет85/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

«Төңкерілген оқыту» технологиясы
Төңкерілген оқыту – дәстүрлі оқыту тәсілдерінің тәртібі кері 
бағытта ұйымдастырылған тәсіл (15-сурет). Оқушылар сабақ 
басталар алдында оқу материалын зерттейді. Аудиториялық са-
бақтардың уақыты курстастарымен талқылау жасау және сабақ 
барысында оқытушы ұйымдастырған тапсырмаларды орындау 
арқылы материалды жан-жақты түсінуді тереңдету үшін пайдала-
нылады. Дәстүр бойынша студенттер сыныпта білім алады, содан 
соң оларды жалпылап қорытып, кейіннен бағалайды. «Төңкерілген 
сыныптан» кейін студенттер алдағы уақытта оқуын одан әрі жақ-
сарту үшін жүргізілген талқылаулар мен алған кері байланысының 
нәтижелері туралы ойлана алады.
• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес
Білім алушылардың оқу үдерісіне араласуын арттыру мақсатында бел-
сенді оқытуға тиесілі бірқатар тәсілдерді анықтаңыз және оларды оқы-
ту нәтижелеріне сәйкес келтіріңіз.


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
150
15-сурет. Оқытудың дәстүрлі сыныптық үлгісін төңкерілген үлгісімен салыстыру
Оқытудың бұл үлгісін жаңа үлгі деп санауға болмайды. 1990 жыл-
дары Гарвард университетінде ғалымдар Крауч пен Мазур (2001)
107
«өзара оқыту» моделін жасады. Онда олар дайындалу және мәнін 
түсіну мақсатында сабақ басталмай тұрып студенттерге оқу материа-
лын берді. Содан кейін олар студенттерді өзара әрекеттесуі мен оқы-
тушының ойлануға берген сұрақтары арқылы әлдеқайда тереңнен 
ойлауға ынталандыру үшін аудиториялық сабақты қолданды.
Аудиториялық сабақтың алдында студенттерге осы материал 
туралы негізгі білу мен түсіну деңгейін қалыптастыруға көмекте-
сетін оқу материалын беруі керек. Содан кейін сыныптағы сабақ 
кезінде оқуды тереңдетіп, жоғары деңгейдегі танымдық дағды-
ларды дамыту үшін қолдануға болады. «Төңкерілген оқыту» тех-
107 
Crouch, C. & Mazur, E.. (2001). Peer Instruction: Ten Years of Experience and Results. American Journal 
of Physics - AMER J PHYS. 69. 10.1119/1.1374249
Құру
Талдау
Түсіну
Бағалау
Қолдану
Есте сақтау
Жаңа материалмен оқу 
және басқа да іс-әрекет 
түрлері (мысалы 
бейнетүсірілім көру, 
подкаст) арқылы сы-
ныптан тыс танысады
Танымдық дағдылар 
пікірталас, даулы 
мәселелерді талқылау, 
кері байланыс және 
рефлексияның нәтиже-
сінде қалыптасады
Танымдық дағдылар 
оқу тапсырмала-
рын орындау және 
рефлексия арқылы 
сыныптан тыс қа-
лыптасады
Дәстүрлі 
сынып
Төңкерілген 
сынып
Жаңа оқу 
материалымен 
аудиторияда 
профессор 
таныстырады


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
151


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет