Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
165
1. Сіздің курста қолданылатын білім беру мен оқыту әдістері оқыту
нәтижелеріне қалай сәйкес келетінін сипаттаңыз.
2. Білім беру мен оқытудың ең қолайлы қандай әдістері студент-
теріңізге келесі жетістіктерге қол жеткізуге көмектесетінін ой-
ланыңыз:
а) синтез және бағалау сияқты әлдеқайда жоғары деңгейдегі та-
нымдық дағдылар;
б) геодезиялық өлшемдер немесе химиялық титрлеу сияқты
тәжірибелік дағдылар;
в) адалдық немесе этикалық мінез-құлық сияқты қарым-қаты-
насты және/немесе құндылықты қалыптастыру.
3. Орынды да мүмкін болатын жерде кейс стадидің мазмұны,
тапсырмалары, мысалдары мен материалдары шынайылыққа
және студенттерді оқытудың мәнмәтініне сәйкес келетініне –
нақты тәжірибені ескеретініне және студенттің болашақ маман-
дығымен байланыста болатынына қалай кепілдік бере аласыз?
4. Оқыту және білім берудің қолданылған әдістері студенттердің
әртүрлі қажеттіліктеріне сәйкес келетініне қалай көз жеткізе
аласыз? Оқытудың осы аспектісі бойынша кәсіби әрекеттеріңіз-
ге мысалдар келтіріңіз.
5. Ғылым оқытумен қаншалықты біріктірілген? Бұған қандай әді-
стермен қол жеткізіледі?
6. Сіздің оқу бағдарламаңызда немесе курсыңызда қандай ұғымдар
ерекше маңызға ие, үйренуге қиын немесе күрделі құрылымға ие?
Студенттердің бұл ұғымдарды игеруі қалай қамтамасыз етіледі?
Достарыңызбен бөлісу: