Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес



Pdf көрінісі
бет97/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес
СҚА институционалдық жүйесін әзірлеу кезінде жоғары оқу орындарына 
халықаралық және ұлттық сапа стандарттарына жүгіну және олар-
ды нақты ЖОО-ның институционалдық мәнмәтінімен лайықты түрде 
салыстыру ұсынылады. Сыни талдау жасамай, ойланбай Халықаралық 
стандарттарды сақтау қауіпті. Бір мәнмәтінде тиімді болған нәрсе 
екіншісінде тиімсіз болуы мүмкін. 
6.2 Сапаны қамтамасыз ету және арттырудың 
университеттік жүйелері
ESG (2015) СҚА-ға жауапты негізгі орган университеттің өзі 
болып табылатынын баса айтады: «жоғары оқу орындарының са-
паны қамтамасыз ету саясаты болуы керек, оны жариялауға бо-
лады және олардың стратегиялық тұрғыдан басқару тегінің бөлігі 
болып табылады...» (1.1 Стандарты)
126
.
СҚА-ның ішкі жүйесі жоғары оқу орнының мәнмәтініне, мін-
деті мен стратегиясына байланысты университеттен университет-
ке қарай түрленіп отыруы мүмкін. Шын мәнінде, СҚА жүйесінің 
институционалдық стратегиямен үйлесімді болуы, барлық мүдделі 
тараптармен бөлісе алатындай сапа ұғымын айқындауы және СҚА 
рәсімдерінің тұжырымдамалық негізін қамтамасыз етуі тиіс. Сапа-
ны қамтамасыз ету тетіктері де, сапаны арттыру тетіктері де стан-
дарттарға сәйкес болуды қамтамасыз етіп қана қоймай, сапаны 
арттыруға ұмтылдыратын сапа жүйесіне біріктіріледі деп күтілуде. 
Жоғарыда аталған индикаторлар СҚА жүйесін әзірлеу кезінде пай-
далы болады, ал үрдіске барлық мүдделі тараптардың, оның ішінде 
студенттердің қатысуы жүйені әлдеқайда тұрақты етеді. 
Әрбір университеттің өзіндік ерекшелігіне қарамастан, СҚА 
жүйесінің кейбір негізгі қағидаттары мен іс-әрекеттері ортақ бо-
лып қалуы тиіс:
126 
Standards and Guidelines for Quality Assurance in the European Higher Education Area. (2015). 
Brussels. Belgium. https://enqa.eu/wp-content/uploads/2015/11/ESG_2015.pdf


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
174
• жыл сайынғы және мерзімдік шолу жасау арқылы оқыту, 
білім беру және бағалау сапасын үнемі жақсартып отыру; 
• СҚА үрдістеріне үлес қосатын әріптестер ретінде қарасты-
рылуы тиіс студенттерді қоса алғанда, сыртқы және ішкі 
стейкхолдерлерді жұмысқа тарту;
• студенттерге бағытталған тәсіл;
• дәлелденген шешімдер негізінде шешім қабылдау;
• студенттерді оқытудың тиімді болуын қамтамасыз ету үшін 
оқытушылық қызметтің сапасы бойынша бастамаларға 
қолдау көрсету.
СҚА жүйесінің негізінде жатқан постулаттардың бірі – сапа 
үдерісіне циклділік тән. «Сапа циклділігі» ұғымының әртүрлі мо-
дельде алуан түрлі болып көрінуі мүмкін болғандықтан, оның негіз-
гі қағидасын үнемі жетілдіріп отыру. Цикл қолданыстағы тәжірибе-
ге шолу, жақсартуы қажет бағыттарын анықтау, жоспарлау, енгізу, 
бақылау жүргізу және жақсарту секілді нақты жүйелі кезеңдерден 
тұрады. Кез келген әзірленген СҚА жүйесі қандай да бір нысандағы 
сапа үдерісінің циклділігіне сәйкес келуі тиіс. Сонымен қатар ең 
маңыздысы – ҚӨК үрдістері оқытушылар мен қызметкерлер үшін 
бюрократиялық сипаттағы ауыртпалыққа айналмауы тиіс. Оның 
орнына университеттің сапа жүйесі қолдау білдіретін және нұсқау 
беретіндей болуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет