Инновациялық технологияларды қолдану арқылы «Көркем еңбек» пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың ғылыми негіздерін айқындау және оны әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету
Инновациялық технологияларды қолдану арқылы «Көркем еңбек» пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың ғылыми негіздерін айқындау және оны әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген.
«инновация», «инновациялық технологиялар», «мультимедиа», «мультимедиалық технологиялар» ұғымдарының мәнін ашу;
оқытудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін педагогикалық шарттарды айқындау;
«Көркем еңбек» пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс арқылы тексеру.
«Көркем еңбек» пәнін оқытудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін педагогикалық шарттар айқындалып, инновациялық технологияларды қолданудың маңызы ашып көрсетілді;
тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелерін жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбындағы «Көркем еңбек» пәнін оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында қолдануға болады.
Көркем еңбек пәнін оқытуда жаңа инновациялық технологияларды пайдаланудағы басты мақсаты – оқушыларға білім алу процесінде көмектесу.
Оқушының тапсырмаларды өз бетінше орындауына үлкен ізденіс пен ойлау, жігер мен ынта, күш пен қайрат керек. Қазіргі заман талабына сай білім беруде инновациялық технологияларды колданудың өзектілігі, педагогикалық шарттары және олардың маңыздылығы қазіргі уақыттың талаптарына жауап беріліуі тиіс. Сол себепті, инновациялық технологияларды колданудың педагогикалық тиімділігін арттыру керек.
Жоғарыда айтылғандардан қазіргі кезде толық әрі жан-жақты шешілмеген мәселе ретінде жалпы білім беретін мектепте «Көркем еңбек» пәнін оқытудың тиімділігін арттыруда инновациялық технологияларды қолдануға қойылатын қазіргі заманғы талаптар мен оны жүзеге асыру жағдайларының жеткіліксіз болуы арасында