Білім беру бағдарламаларының ОҚу-бағдарламалық ҚҰжаттамалары



бет10/77
Дата03.08.2023
өлшемі7,37 Mb.
#105008
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   77
Байланысты:
2022-2023 Химия 72 ч. УМК (2)2


§14, §15, §16, §17

35.

Ақуыздың құрылысы мен қасиеті. Ферменттердің ролі және қолданылуы. Нуклеин қышқылдары

Ақуыз гидролизінің өнімдерін біледі; Ά – аминқышқылдарынан ақуыз алу кезінде пептидтік байланыстардың түзілуін түсіндіреді; Ақуыз молекуласының алғашқы, екінші, үшінші және төртінші құрылымын құрайды

Ақуыз молекуласының алғашқы, екінші, үшінші және төртінші құрылымын құрайды

2

-

2

аралас сабақ

§23, §24, §25, §26, §27

36.

Химиялық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс.
Химия пәнін қорытындылау.

Бұрын алған білімдерін қолданады




2

2

-


аралас сабақ







2 семестр бойынша

36

22

14







Барлығы 1,2 семестр бойынша: 72 с., теориялық – 52 с., практикалық – 20 с.

Пайдаланылатын әдебиеттер:


Негізгі
1.М. Оспанова, Қ.Аухадиева, Т.Белоусова Химия: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық, 1-2 бөлім, Алматы: «Мектеп», 2019ж.
2.М. Оспанова, Қ.Аухадиева, Т.Белоусова Химия: Жалпы білім беретін
мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық, 1-2 бөлім, Алматы: «Мектеп», 2019ж.
3. М.Оспанова, К.Аухадиева, Т.Белоусова Химия. Дәрислик. 1, 2-қисим Алматы: Мектеп, 2019
4. М.Успанова, К.Аухадиева, Т. Белоусова Химия. Дарслик. 1, 2 - қисм Алматы: Мектеп, 2019
5. Қ. Аухадиева,Т, Белоусова Химия: Әдістемелік нұсқау 1,2 бөлім Алматы: «Мектеп», 2019ж.
6. Темирбулатова А., Сагимбекова Н., Алимжанова С., Химия. Есептер мен жаттығулар жинағы Алматы: Мектеп, 2019 г.
Қосымша
Глинка, Н.Л. Жалпы химия 2 сағатта 2 бөлім: Академиялық бакалаврға арналған оқулық / Н.Л. Глинка. - Люберцы: Юрайт, 2016 .-- 380 б.
Глинка, Н.Л. Жалпы химия: Академиялық бакалавриатқа арналған оқу құралы / Н.Л. Глинка. - Люберцы: Юрайт, 2016 .-- 729 б.
Глинка, Н.Л. Жалпы химия: Оқу құралы / Н.Л. Глинка .. - М .: КноРус, 2013 .-- 752 б
. Глинка, Н.Л. Жалпы химия: Бакалаврларға арналған оқулық / Н.Л. Глинка; Ред. В.А. Попков, А.В. Бабков. - М .: Юрайт, 2013 .-- 900 б
Ұсынылатын оқу құралдары:

1. анықтамалық және нұсқаулық кестелер;


2. мультимедиялық проектор;
3. дидактикалық материалдар;
4. компьютерлік сынып.
Оқушылардың білімін бақылау және бағалау

Баллдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағалау кестесі:





Әріптік жүйе бойынша бағалау жүйесі

Сандық эквивалент

Баллдардың пайыздық көрсеткіші

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

A

4,00

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,00

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

C

2,00

65-69

Қанағаттанарлық

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,00

50-54

F

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Тест нәтижелерін бағалау критерийлері

Балл бойынша
(25 сұрақ)

Балл бойынша
(30 сұрақ)

Балл бойынша
(60 сұрақ)

Пайыздық көрсеткіш

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

23-25

27-30

54-60

90-100 %

5 (өте жақсы)

18-22

21-26

42-53

70-89 %

4 (жақсы)

13-17

15-20

30-41

50-69 %

3 (қанағаттанарлық)

0-12

0-14

0-29

0-49 %

2 (қанағаттанарлықсыз)


Сабақ жоспары № 1__(теориялық оқыту)

Күн




Дайындаған оқытушы

Әбдіхамит А.Қ

Пән /Модуль

Химия

Топ

107,110,115

Сабақтың тақырыбы



Атомның құрамы мен құрылысы.
Атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы.

Оқыту нәтижесі
(оқушылардың оқу сабағында меңгеретін кәсіби дағдылардың тізімі)

Оқушылар орындай алады:
тақырыптызерттейотырыпжәнеалынғанмәліметтерденөздерініңқалауларыбойыншасапалыауызша презентация жасау;
Пәнге қатысты лексика мен терминология
деңгей, деңгейше, орбиталь, айналу, квант саны, изотоптар, (радиоактивті) ыдырау, (масс-) спектрометр, (масс-) спектр, (электрондық) конфигурация, иондану, экрандау
Атом – Атом – Atom
Атом моделі – Модель атома – Atomic model
Электрон – Электрон – Еlectron
Протон – Протон – Рroton
Нейтрон – Нейтрон – Neutron
Ядро – Ядро – Nucleus
Нуклон – Нуклон – Nucleon
Массалық сан – Массовое число – Мass number



Сабақтың мақсаты (SMART-мақсаттар)

Барлық оқушылар: атом құрылысының моделін біледі;
атомның элементар бөлшектері (протондар, нейтрондар, электрондар);
элементар бөлшектердің сипаттамасын анықтайды.
Көпшілік оқушылар: Атомдағы электрондардың күйі мен қозғалысын біледі;
Кейбір оқушылар: Атом құрылысы жайындағы білімдерін заманауи көзқараспен сипаттайды;

Бағалау критерийлері



- Атомның құрылысын біледі;
- Атомның протон, нейтрон және электрон санын дұрыс анықтайды;
- Бір элементтің әртүрлі изотоптарын анықтайды және атайды;
- «Изотоп» ұғымының мағынасын біледі;
- Изотоптарды нуклидтерден ажырата алады;
- Атом құрылысы арқылы элементтерді анықтай алады;

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Оқыту әдістері мен тәсілдері

Сабақ презентациясы, атом құрамы, құрылысы изотоптар

Пәнаралық байланыс

Физика (атом құрылысы, изотоптар, радиоактивтілік)

Қажетті ресурстар (оқу-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер)




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері/ жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-шаралар



Қажетті ресурстар
(оқу-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.)

Сәлемдесу. Жағымды атмосфера құру.
Бейнебаян қарау: Атом деген не? Атом құрылысының заманауи моделі
Сілтеме:https://twig-bilim.kz/kz/film/what-is-an-atom
Атом дегеніміз не?
Оның құрам бөліктері қандай?
Атомдық масса дегенді қалай түсінесіңдер?
Атомның массасы қайда шоғырланған?
- Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын анықтаймыз.




Білімді жаңарту
(15мин.)

«Атом құрылысы» тақырыбын қайталау. Қазіргі таңда 118 элемент белгілі
табиғатта 340 нуклид кездеседі (250 тұрақты және 90 радиоактивті)
3000 жуық нуклидтер жасанды жолмен алынып қасиеттері сипатталған. Э. Резерфорд 1911 ж атом құрылысының ядролық (планетарлық) моделін ұсынды.






Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру
(40 мин.)

Электронның ашылуы. Атомдардың бөлінуі.
Бейне материал бойынша беріледі.
1-жаттығу. Жеке тапсырма
Әрбір ұғымды берілген сипаттамалармен сәйкестендіріңіз.



Атом орбиталдарының пішіні


Атомдық орбитальдар
https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/10-synyp/atom-qurylysy-zhajyndahy-zamanaui-kozqarastar#
бейнеүзіндіге байланысты тест беріледі, жетекші сұрақтар қойылады.
№1 сұрақ
Атомдағы электрондардың квант сандары нені білдіреді?
А) кеңістіктегі электрондардың және атомдық орбитальдің бағытталуы
Б) электронның күйі мен атомдық орбиталь типінің энергетикалық параметрлері
В) атомдық орбитальдің пішіні
С) электронның энергетикалық күйі
№2 сұрақ
Басты квант саны қандай мәндерді қабылдай алады?
1-ден n – 1-ге дейінгі мәндер
0-ден 7-ге дейінгі мәндер
0-ден n – 1-ге дейінгі мәндер
1-ден бастап кез келген бүтін санды мәндер (n = 1, 2, 3, ...)
№3 сұрақ
Орбиталь квант саны қандай мәндер қабылдай алады?
0-ден n – 1-ге дейін
–1-ден n-ге дейін
–1-ден n – 1 дейін
n-нен 0-ге дейін
№4 сұрақ
Атом орбиталінің пішіні немен анықталады?
Атом орбиталінің пішінін спин квант саны арқылы анықтайды.
Атом орбиталінің пішінін бас квант саны анықтайды.
Атом орбиталінің пішінін орбиталь квант саны анықтайды.
Атом орбиталінің пішінін магниттік квант саны анықтайды.
№5 сұрақ
Электрон спині
электрон бұлтының пішіні
кеңістіктегі орбитальдің бағыты
электронның өз осі бойымен айналуы
кеңістіктегі орбиталь пішіні
Бағалау жүреді: алдымен оқушылар бір-бірін тексереді, кейіннен мұғалім кері байланыс береді.

Осыдан кейін «изотоп» ұғымына назар аударамыз.


Атомдық масса


Протон мен нейтрон сандарының қосындысы атомдық массаға (А) тең.
А= Z + N
Жалпы протонның массасы да,нейтронның массасы да 1-ге тең деп есептеледі
m p=1836∙me≈1,67.10-27 кг,
m n=1839∙me. ≈1,67∙10-27 кг
Нейтрон электрлік бейтарап бөлшек болып табылады.
! Элементтердің атомдық массасы оның табиғатта таралған барлық табиғи изотоптарының массаларының орташа шамасына тең. Қазіргі таңда уранның 26 изотопы белгілі. Табиғатта уранның үш изотопы кездеседі:
234U, (үлесі 0,0055 %), 235U (0,7200 %), 238U (99,2745 %).
Миға шабуыл:
1. Уранның үш изотобының атом құрылысында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?
2. Изотоп дегеніміз не?
Ядроларында протон саны бірдей, бірақ массалары әр түрлі, белгілі бір элементті құрайтын атомдар – изотоптар деп аталады.




Білік пен дағдыны қалыптастыру. Қолдану.
(15 мин.)

Жұптық жұмыс
Мына берілген элемент атомдарының нуклондарын анықтаңдар
Si, P,Ca, Fe, Cr, Cu, Br
Химиялық реакциялар кезінде атомдар электрондарының бір бөлігін жоғалтады немесе қосып алады. Соның нәтижесінде бейтарап атом ионға айналатынын білеміз.






Үй тапсырмасын ақпараттандыру кезеңі
(5 мин.)

Теориялық ақпаратты қайталау




Сабақты қорытындылау
/ бағалау (5 мин.)

бір элемент атомының массасы екінші бір элементтің массасынан айырмашылығы бар.
Оқушыларға өздеріне қорытынды жасатуға болады
Изотоп – атомның массалық саны бірдей элементтің нуклидтерінің жиынтығы деген қорытынды жасайды .






Рефлексия (5мин.)



Барлығы: - химияның негізгі ұғымдарын біледі;
Көбісі- изотоптардың табиғатта таралған үлесі арқылы элементтің салыстырмалы атомдық массасын есептей алады;
Кейбіреулері:- салыстырмалы атомдық массасы арқылы изотоптардың табиғатта таралуын анықтай алады




Атом бүтіндей алғанда зарядсыз, бейтарап бөлшек. Ол ортасында өзінен радиусы 104 -105 есе кіші көлемді алып жатқан оң зарядты ядродан және оны айнала қозғалып жүрген теріс зарядты электрондардан тұрады. Атом өзінің сыртқы бір немесе бірнеше электрондарын жоғалтқанда оң, ал сырттан электрон қосып алғанда теріс ионға айналады. Атомның сызықтық өлшемдері ~ 10-8 см, көлденең қимасының ауданы ~10-16 см2, көлемі ~10-24 см3. Борлық атом теориясында ең қарапайым атом – сутегі атомы. Оның радиусының дәл белгілі бір мәні бар және ол мүмкін болатын ең кіші айналу орбитасының радиусы шамасына тең: a=0.53 * 10−8 см (дәлірек, 0.52917*10-8 см). Атомның массасы, негізінен оның ядросының массасына тең және ол массалық санға (А), яғни протондар мен нейтрондардың жалпы санына (нуклондардың жалпы санына) пропорционал болып ұлғаяды. Өйткені атомдағы электронның массасы (0.91*10-20 г) бір протонның немесе нейтронның массасынан (1.67*10-24 г) 1.840 есе аз. Сондықтан атомның ауырлық орталығы ядроға дәлдей келеді. Атом массасы ядро массасымен ондағы электрондар массаларының дәл қосындысына тең емес. Олардың арасындағы айырым атомның байланыс энергиясын анықтайды. Атомның ішкі энергиясының тек дискретті (үздікті) мәндері болады. Оның ең төменгі деңгейі атомның негізгі күйі E1 (ол ең тұрақты, шексіз ұзақ өмір сүретін күйі), ал жоғарғы энергия деңгейлері қозған күйлер Еі (і=2, 3, …) деп аталады, (ол аз өмір сүреді). Қозған күйден ~10-8 сек. ішінде атом негізгі күйге ауысып отырады. Осындай ауысу кезінде атомға осы екі деңгейінің айырымына тең (hν=Eν-E1, мұндағы h – Планк тұрақтысы, ν – ұшып шыққан сәуле квантының жиілігі) сырттан энергия берілуі не шығарылуы шарт. Атом энергиясының дискретті квантталуы оның құрамындағы бөлшектердің толқындық қасиетінің болуынан. Атомның осындай қасиеттерін кванттық теория ғана толық түсіндіре алады. Бұл теория бойынша атомдағы электронның күйі 4 кванттық санмен анықталады. Олар: электрон энергиясын анықтайтын бас кванттық сан (n), атомның осындай импульс моментін анықтайтын орбиталық кванттық сан (l), ал (l)-дың берілген оське түсірілген проекциясын анықтайтын магниттік кванттық сан (m) және электронның ішкі спинін анықтайтын кванттық сан (ms).[1]


Осы 4 кванттық сан мен Паули принципі атомдағы электрондардың барлық күйлерін сипаттайды. Сонымен бірге кванттық теорияда микробөлшектердің сол 4 кванттық сан анықтайтын күйлерін толқындық функциямен (φ) өрнектейді. Ол функцияның квадраты (|φ|2) бөлшектердің кеңістік нүктелерінде болу ықтималдығын білдіреді. Кеңістіктегі электрон бұлтының тығыздығы осы ықтималдыққа пропорционал. Кванттық сандардың мәндеріне сәйкес атомдардағы қабықшалар мен қабаттар рет-ретімен толтырылып отырады. Осылайша элементтердің Менделеев кестесіндегі орны анықталады. Алдымен ең кіші n=1 қабат толтырып, онда болғаны 2 электрон ғана орналасады. Онан кейін n=2 қабат толтырылғанда ядроның заряды өсуіне сәйкес қабаттар ядроға жақындай түседі. 1-қабат 1s қабықшадан, 2-қабат 2s, 2p қабықшалардан, 3-қабат 3s, 3p, 3d қабықшалардан, т.с.с. тұрады. Әр қабат элементтің периодын анықтайды. Осы период элементтердің химиялық, оптикалық, электрлік, және магниттік қасиеттерінің қайталану периоды болып табылады. Осы периодтылық атомның ең сыртқы электрон қабықшаларының қасиетімен анықталады. Мұндай периодтылық иондар қасиетінде де сақталады.
Атомның орбиталарында 2 не одан да көп электрондар қозғалып жүрсе, онда мұндай күрделі атомдардағы электрондардың өзара әсерлесуін де еске алу керек. Ол әсерлесулер тек электр статикалық ғана емес, орбиталық магниттік моменттер мен бөлшектердің өзінің ішкі магниттік моменттері де өзара әсерлесуі мүмкін. Мысалы, гелий атомындағы 2 электронның негізгі күйдегі әсерлесу энергиясы 78.98 эВ. Көп электронды атомдар құрылысын зерттегенде бұларды есепке алып отырады. Сонымен бірге әр электронның орбита бойымен қозғалысында туатын электр магниттік өрісі мен электронның ішкі магниттік моменттерінің әсерлесуі де қосымша байланыс энергиясын тудырады. Осының нәтижесінде атом спектрлерінде нәзік түзілісті, ал электрон мен ядроның магниттік моменттерінің өзара әсерлесуінен аса нәзік түзілісті көреміз. Қазіргі замандағы кванттық электр динамикасында атом электрондарының вакуум құрамындағы виртуалды бөлшектермен әсерлесуін де есептеп атом құрылысының мұнан да күрделі екеніне көз жеткізуге болады


элемент



Ядро заряды, Z

Атомдық массасы, Ar

Протон саны, p+

Нейтрон саны, N

Электрон саны,

Р




















40

















11








6

















32




16











13




13






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет