Тапсырма
1. Төменде екі элементтен тұратын формулалар берілген, формулаларды көшіріп, осы қосылыстағы әрбір элементтің валенттілігін көрсетіп жазыңдар:
I нұсқа: CaCl2 , ZnS , N2O3.
II нұсқа: Cu2S , NO2 , ZnO
III нұсқа: H2S , SO2 , CuO
2. Қосылыстың сандық және сапалық құрамын біле отырып, формуласын құрыңдар және ондағы элементтердің валенттіліктерін анықтаңдар:
а) бір атом күкірт пен үш атом оттегі;
ә) екі атом азот пен бес атом оттегі;
б) екі атом сутегі, бір атом көміртегі, үш атом оттегі;
Есептер
3. Егер мыс пен оттегінің массалық қатынасы бірінші жағдайда 4:1, ал екінші жағдайда 8:1 болса, онда мыс оксидтерінің тиісті формуласын құрыңыз,
4. Формуласы СаСО3, кальций карбонатындағы элементтердің массалық қатынастарын анықтаңыз. 5. Күкірттің әр түрлі SO2 және SO3 оксидтеріндегі күкірт және оттегі элементтерінің массалық қатынасын есептеңіз.
Сабақ жоспары № _5_(теориялық оқыту)
Күні
|
|
Дайындаған оқытушы
|
Әбдіхамит А.Қ
|
Пән /Модуль
|
Химия
|
Топ
|
107,110,115
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ішкі энергия және энтальпия. Термодинамикалық заң.
|
Оқыту нәтижесі
(оқушылардың оқу сабағында меңгеретін кәсіби дағдылардың тізімі)
|
Реакция энтальпиясының өзгерісін тәжірибе жүзінде анықтап, тәжірибелік мәліметтерден энтальпия өзгерісін анықтай алу
|
Сабақтың мақсаты (SMART-мақсаттар)
|
Тәжірибелік деректер негізінде калориметрлік әдіспен энтальпия өзгерісін өлшеу
Бейтараптану реакция бойынша энтальпия өзгерісін анықтау.
* Есептердің шығару жолдарын түсіндіру;
|
Бағалау критерийлері
|
Меншікті жылу мәнін қолдана отырып, (q) есептейді;
Тәжірибелік деректер негізінде калориметрлік әдісімен энтальпия өзгерcін (ΔH) есептеу тәжірибесін орындайды;
Температаураның өзгеру бойынша диаграмма/график сызады.
Берілген мәліметтерге талдау жасап,есептердің шығару жолдарын түсіндіреді;
Бейтараптану реакциясының энтальпиясын есептейді (артық мөшерге есептеулер жүргізеді).
*Жану реакцияларын калориметриялық әдіс арқылы зерттеу.
|
Сабақтың түрі
|
Жаңа сабақ
|
Оқыту әдістері мен тәсілдері
|
Ынтымақтастық; өмір бойы білім алу
|
Пәнаралық
Байланыс
|
Физика: меншікті жылу сыйымдылығы; температура өзгерісі, график сызу.
математика: Формула түрлендіру
|
Қажетті ресурстар
(оқу-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер)
|
Білімлэнд сайтымен жұмыс
http://www.chemguide.co.uk/physical/energetics/practical.html#top
https://bilimland.kz/kk#lesson=11304 «Бейтараптану энтальпиясының тәжірибеде анықталуы» видео тәжірибе көру
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңдері/
жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-шаралар
|
Қажетті ресурстар
(оқу-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер)
|
Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.)
|
Амандасу, оқушыларды белгілеу
Үй жұмысын тексеру: энтальпия түрлері
Сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау
Мұғалім: Тақырыпқа сұрақ-жауап арқылы шығу
|
|
Білімді жаңарту
(15мин.)
|
Алдымен кіріспе ретінде: Күтілетін нәтиже көрсетіледі
Тапсырма1 (8минут)
1) Оқушылар жұпта Білімлэнд сайтынан https://bilimland.kz/kk#lesson=11304 «Меншікті жылу сыйымдылығы» туралы ақпаратпен танысады, немесе ақпараттық парақшаны оқиды.
2) Білімлэнд сайтынан https://bilimland.kz/kk#lesson=11304 6-ші беттегі жаттығу №2,3 орындайды немесе «тапсырмалар парағында №2,3 жаттығу» орындайды, талдайды, есептейді содан кейін 7-ші беттегі видео көрсетіледі: Ұзындығы 1:00 (59 секунд).
Сіз меншікті жылу сыйымдылығын есептеу үшін келесі формуланы қолдана аласыз.
q = m * c * ΔT
q = жылу энергиясы кДж
m = масса kг
C = меншікті жылу сыйымдылығы kДж K -1 kг-1 [су 4.18 ]
ΔT= температура өзгерісі K
сабақ тақырыбына шығу «Энтальпия өзгерісін өлшеу»
Тапсырма 2 Практикалық жұмыс №1 (12 минут)
«Бейтараптану реакциясының жылу тиімділігін анықтау» Тәжірибелік деректер негізінде калориметрлік әдістермен алынған және өлшенген энергияны айналдыру
|
|
Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру
(40 мин.)
|
Бейтараптану реакциясының қарапайым энтальпия өзгерісі есептеу.
1) Оқушылар есептер шығарады, жұпта талдайды, калькулятормен есептейді, жауабының дұрыстығын бірін бірі тексереді (сигналды карталар), бағалайды.
2) Шығарылу жолы оқушыларға слайдта беріледі, (өте мұқият болу!).
Мысал 1
Оқшауланған стаканда 25 см3 2.0 М NaOH дейін 25 см3 2.0 М HCl қосылды. Екі ерітіндінің бастапқы температурасы 20°C болды. Ерітінділерді араластырған соң температурасы 33°C-қа дейін көтерілді. Бейтараптанудың реакциясының молальды энтальпия өзгерісін есептеңіз. [Судың меншікті жылу сыйымдылығы (с) - 4,18 кДж К-1 кг-1]
Есептердің түп нұсқасы ағылшын тілінде қосымша ретінде
|
|
Білік пен дағдыны қалыптастыру. Қолдану.
(15 мин.)
|
Оқшауланған стақанда 25 дм-3 2.0М NaOH ерітіндісін 25 дм-3 2.0 М HCl ерітіндісімен араластырылды. Екі ерітіндінің бастапқы температурасы 20°C болды. Араластырғанан кейінгі ең жоғарғы температура 33°C болды. Бейтараптану реакциясының энтальпиясын есептеңіз. [Судың меншікті жылу сыйымдылығы (с) 4,18 кДж К -1 кг -1]
Есептің шешуін дәптерлеріне жазады:
Дағдылар
|
Бағалау дискриптор:
|
Қолдану
|
ҚТ ережелерді сақтап, Калориметрия тәжірибелерді орындады
Есептердің шешу жолын сауатты жазды
Термометр көрсеткіштерінің өзгерісін дұрыс әрбір минут сайын өлшеп жазды.
*Осьтерді дұрыс таңдап процесті толық сипаттайтын график сызды.
*Өз қорытындыларын «энтальпия өзгерcін» тұрғысынан түсіндірді
|
*Тапсырма 2 Қосымша тапсырма Калориметрия тәжірибе орындау
|
|
Үй тапсырмасын ақпараттандыру кезеңі
(5 мин.)
|
Есептерді аяқтау
|
|
Сабақты қорытындылау
/ бағалау (5 мин.)
|
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
Оқушылар практикалық жұмыстың орындалу барысына өз жұмыстарынның нәтижелерін сыныптастарымен бөлісе талқылайды өздеріне ауызша баға береді.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
|
|
Рефлексия (5мин.)
|
|
|
Ішкі энергия[1] – дененің (жүйенің) тек ішкі күйіне байланысты энергия. Ішкі энергияға дененің барлық микробөлшектерінің (молекулалардың, атомдардың, иондардың, т.б.) ретсіз (хаосты) қозғалыстарының энергиясы, микробөлшектердің өзара әсерлесу энергиясы, атомдар мен молекулалардың ішкі энергиясы, т.б. жатады. Ішкі энергия ұғымын 1851 жылы У.Томсон енгізген.
Дененің бір күйден екінші күйге ауысу барысындағы Ішкі энергиясының өзгерісі (ΔU) мынаған тең: ΔU=ΔQ–A, мұндағы Q – жүйенің қоршаған ортамен алмасқан жылу мөлшері, А – істелген жұмыс. Бұл теңдеу жылу алмасу процесі басты рөл атқаратын жүйелердегі энергияның сақталу және айналу заңын (термодинамиканың бірінші бастамасын) өрнектейді. Энергияның сақталу заңына сәйкес Ішкі энергия физикалық жүйе күйінің, яғни осы күйді анықтайтын тәуелсіз айнымалылардың (мысалы, температура, көлем не қысым), бір мәнді функциясы болады. Q және А шамаларының әрқайсысы жүйені Ішкі энергиясы U1-ге тең күйден U2-ге тең күйге ауыстыратын процестің сипатына тәуелді болады, ал ΔU=U2–U1.
Жүйе бастапқы күйіне қайтып келетін (U2-U1) кез келген тұйық процесс үшін Ішкі энергияның өзгерісі (ΔU) нөлге тең және Q=A (қ. Дөнгелек процесс). Адиабаттық процесте (қоршаған ортамен жылу алмасу болмаған, яғни Q=0 жағдайда) жүйенің Ішкі энергияның өзгерісі жүйенің істеген жұмысына не жүйеге жасалған жұмысқа тең. Газдардың кинетикалық теориясы бойынша идеал газдар Ішкі энергиясының өзгеруі нәтижесінде, температураға байланысты молекулалардың кинетикалық энергиясы өзгереді. Сондықтан идеал газдың (немесе қасиеттері сол идеал газға жуық газдардың) Ішкі энергиясының өзгерісі тек оның температурасының өзгерісімен анықталады (Джоуль заңы). Бөлшектері өзара әсерлесетін физикалық жүйелерде (реал газдарда, сұйықтықтарда, қатты денелерде) молекулааралық және молекула ішіндегі өзара әсер энергиялары да Ішкі энергияға жатады. Мұндай жүйелерде Ішкі энергия температурамен қатар қысым мен көлемге де тәуелді болады. Абс. нөлге жуық (–273,16°С) төмен температуралар аймағында конденсацияланған жүйелер (сұйық және қатты дене) Ішкі энергиясының температураға тәуелділігі жойылып, ол белгілі бір тұрақты мәнге (U0) – “нөлдік энергия” дейтін мәнге ұмтылады (термодинамиканың үшінші бастамасы). Ішкі энергия негізгі термодинамиқалық потенциалдардың бірі болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |